Қазақстан • 14 Маусым, 2018

Жер кадастры – депутаттар назарында

945 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенатында Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің мүшелері еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігінің және Ақпарат және коммуникация­лар министрлігінің басшыларымен бірге Мемлекеттік жер кадастрын және жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүргізу мәселелерін талқылады.

Жер кадастры – депутаттар назарында

Отырысты кіріспе сөзбен ашқан Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы Ж.Нұрғалиев мәселенің еліміз үшін маңызына тоқталып өтті.

Аталған мәселе бойынша Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаевтың, Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Дарын Тұяқовтың, Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Ермек Кәрентаев және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ғалым Қарқынбаевтың баянда­малары тыңдалды. Баяндамашы­лар, министрліктер өкілдері депутат­тар­дың қойған сұрақтарына жауап берді.

Отырыста депутаттар тарапынан жер кадастрын жүргізу мәселесіне қатысты бірқатар сын-ескертпелер айтылып, қорытындысында жер кадастрын жүргізу, оның автомат­тандырылған жүйесінің жұмысын ретке келтіру үшін мүдделі мем­ле­кеттік органдар үшін тиісті нұс­қаулық құжаттар әзірлеу жөнін­де шешім қабылданды. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан»