Сенаттың жалпы отырысында қандай мәселелер талқыланды?

Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Пала­таның жалпы отырысы өтіп, онда «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар ен­гізу туралы» Қазақстан Республикасы­ның Конституциялық заңы­­ның, «Қазақстан Республикасы­ның кей­бір заңнамалық актілеріне сайлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасы­ның кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және сақтандыру қызметі, бағалы қағаздар нарығы мәсе­лелері бойынша өзгерістер мен толық­тырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары қаралды. 

Егемен Қазақстан
15.06.2018 3897
2

Палата отырысында алдымен Қазақстан Республикасы­ның кейбір Конституциялық заң­дары­на енгізілетін түзетулер талқыланды. 

Әділет министрі Марат Бекетаев таныстырған құжат сайлау тетіктерін жетілдіруге, оның ішінде жаңа институттар енгізу, құқықтық олқылықтар мен қайшылықтарды жою арқы­лы жетілдіруге арналған. Заң жобасын әзірлеудің мақ­саты негіз құраушы сайлау қағи­дат­тарының сақталуын одан әрі қамтамасыз етуге бағытталған. 

– Заң жобасында Мәжіліс депу­таттарын сайлауда қол­даны­латын сайлау жүйесін бар­лық деңгейдегі мәслихаттар депу­­таттарын сайлау тәрті­бінде қолдану ұсынылады. Мәс­лихаттар депутаттарын сай­лауды оңтайландыруға байланысты аудандық сайлау комиссияларын жою көзделіп отыр. Олардың функциялары мен өкілеттіліктері аумақтық сайлау комиссияларына беріледі. Олардың екі мүшесі өздерінің өкілеттіліктерін тұрақты кәсіби негізде жүзеге асырады. Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік деректер базасын интеграциялау арқылы сайлаушылардың тізімдерін құрастыру тәртібін қайта қарауда ұсынылады. Бұл республикалық электронды сай­лаушылар тізімін қалып­тас­т­ыруға мүмкіндік береді, – деді Әділет министрі. 
Заң жобасы арқылы «Қазақ­­с­тан Республикасының мемле­­кеттік рәміздері туралы» К­онс­­титуциялық заңына Мемлекет­тік Елтаңбадағы «Қазақстан» жазуын латын әріптерімен жазуды көздейтін түзету енгізіледі. 

Талқылау барысында заң жобасына өзгерістер енгізу қажет­тігі туындады. Онда қол­даныстағы лауазымға сайлау және лауазымнан босатудың қолданыстағы тәртібін сақтау мақсатында аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін төте сайлау енгізуге қатысты ережелерді алып тастау көзделіп отыр. 

Отырыста «Қазақстан Рес­пуб­ликасының кейбір заң­на­малық актілеріне сайлау мәсе­лелері бойынша өзгеріс­тер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екі оқылымда қаралды. 

Бюджет кодексіне енгізі­летін түзетулер сайлаушылар мен сайлау комиссияларының мүше­лерін жергілікті бюджет қар­жысы есебінен оқыту мүм­кіндігін береді. 

Әкімшілік құқық бұзушы­лық туралы кодекске енгізіле­тін түзетулер сайлауға қатыса­тын үміткерлердің, саяси пар­тиялардың үгіт-насихат материалдарын жариялау немесе эфирге шығару тәртібінің бұзы­луына, сондай-ақ сайлауға бай­ланысты қоғамдық пікір сұрау шарттарын бұзғаны үшін жа­уаптылық белгілеуге бағыт­талған. 

Пар­тия­лық тізім бойынша сайла­натын мәслихат депутаттарын тепе-теңдік сайлау жүйесінің енгізілуіне бай­ланысты «Қазақстан Респуб­лика­сын­дағы жергілікті мемле­кеттік басқару және өзін-өзі бас­қару туралы», «Саяси партия­­лар туралы» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңдарға түзе­тулер топтамасы енгізіледі.

«Қазақстан Республика­сы­ның кейбір заңнамалық акті­леріне сайлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толық­тыру­лар енгізу туралы» заң жо­ба­сы Сенат отырысында қара­лып, бірін­ші оқылымда мақұлданды. 

Заң жобасын талқылау бары­­­­сында комитеттің ескерт­пелерін ескере отырып, ау­дан­­­дық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін лауазымға сайлау және лауа­зымнан босатудың қолда­ныс­тағы тәртібін сақтауды көздей­тін қолданылып жүрген тәр­тіп­ті сақтау қажеттігі туындады. Рег­ламентке сәйкес құжат сена­тор­лардың түзетулерімен Мәжіліске жіберілді. 

Заңнамаға сақтандыру және сақтандыру қызметі, бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша түзетулер де Мәжіліс­ке жіберілді. 

Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев таныстыр­ған құжат­тағы түзетулер көлік құралдары иелерінің міндетті сақ­тандыру жөніндегі аза­мат­­тық-құқықтық жауап­кер­шілігіне қатысты келісім-шарт­­тар бойынша сақтандыру құпиясын, оның ішінде заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты прокурордың санкциясынсыз ұлттық қауіпсіздік органдарына алу құқығын беруге; актуарий бірлестіктерінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру омбудсменінің құқықтық ере­желерін нақтылау және қыз­метін реттеу мен талаптарын реттеуге және т.б. мәселе­лерге қатысты болып отыр. 

Жалпы отырыста «Қазақ­стан Республикасының кей­бір заңнамалық актілеріне әлеу­меттік қамсыздандыру мәсе­лелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша баяндама жасаған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова құжат­тың Елбасы тапсырмаларын жүзеге асыруға және еліміздің халықаралық шарттарды орындау мақсатында әзірлегендігін атап өтті. Атап айтқанда, Мем­лекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына биылғы Жолдауында бала кезден болған бірінші топтағы мүгедектерге күтім жасайтын адамдарды әлеуметтік қолдау­ды, сондай-ақ «Президенттің бес әлеуметтік бастамасында» жала­­қы­сы аз азаматтардың салық жүктемесін азайтуды тап­сыр­ған болатын.

Министрдің айтуынша, заң жобасында 18 жастан асқан бала кезінен бірінші топтағы мү­ге­декке күтім жасайтын адам­дарға арналған жаңа жәрдем­ақыны 2018 жылдың 1-шіл­десінен бас­тап енгізу қарас­тырылған.

– Бұл жәрдемақыны 14 мыңға жуық отбасы алады, ал оның көлемі 29 699 теңгені құрайды. Бұл жәрдемақы бала кезінен бірінші топтағы мүге­декке қарап отырғандарға бері­леді және олардың күтім жасаған кезеңдері зейнетке шы­қ­­қан­да еңбек өтілі болып есеп­­те­ле­ді, – деді Еңбек және халық­­ты әлеуметтік қорғау министрі. 

Жалпы, елімізде бала кезден бірінші топтағы мүгедектерге берілетін мемлекеттік әлеумет­тік жәрдемақының көлемі 54 306 теңгені құрайды. Ал бірін­ші топтағы мүгедектер жеке оңалту бағдарламалары шеңберін­де медициналық-әлеуметтік көрсеткіштерге сәйкес қажетті құралдармен және қызметтермен қамтамасыз етілген. 

Сон­дай-ақ «Арнаулы әлеу­мет­тік қызметтер туралы» заңға енгізілетін түзетулер әлеу­мет­тік қызмет көрсетуге тек қана мем­лекеттің емес, соны­мен қатар азаматтардың, отбасы мүше­лерінің, жеке сектор­дың және үкі­меттік емес ұйым­дар­дың бір­дей қатысуын қамта­ма­сыз ету­ге мүмкіндіктер береді. Осы мақ­сатта әлеу­мет­тік қызмет­керлерге арнал­ған жаңа біліктілік талаптары, медициналық және меди­ци­налық мекемелердің стан­дартты ережелері талап етіледі.

Бұдан басқа, арнайы әлеу­­мет­­тік қызмет алушылар және оларға көрсетілетін әлеумет­тік қызметтер туралы дербес ақпаратты қамтитын әлеу­мет­тік портал құру жоспарланып отыр. Бұл табиғи қозға­лысты, тұтынушылардың құра­мын өзгертуді және арнайы әлеу­меттік қызметтерді көрсететін мамандарды ескере отырып жүйелі түрде жаңар­тылады.

– Заң жобасы, сондай-ақ «Мем­лекеттік атаулы әлеумет­тік көмек туралы» Қазақ­стан Рес­публикасының заңына жұ­мысқа орналасуға жәрдем­десудің белсенді шаралары­ның шарттарын өзгерту жағдайын­да әлеуметтік келісімшарт­тың мерзімін ұзартуға қатыс­ты өзгертулерді қарастырады. Бұл іс жүзінде әлеуметтік келі­сімшарт мерзімі ұзартылуы мүм­кін объективті жағдайлар­ды белгілеуге мүмкіндік бере­ді және аз қамтылған азамат­тардың келісімшарт бойынша өз міндеттемелерін орындау тиімділігін арттырады, – деді М.Әбілқасымова. 

Бұған қоса құжат 2017 жыл­ғы 13 маусымнан кейін әске­ри қызметтен босатылған адам­дарға әскери тіркеуге немесе Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты жері бойынша тіркелгенге дейін, темір жол, автомобиль және ішкі су көлігімен мемлекет есебінен жүру құқығын беру туралы түзетулерді де реттейді.

Серік ӘБДІБЕК,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.02.2019

Елбасы Сауд Арабиясының Королімен телефон арқылы сөйлесті

20.02.2019

Елбасы «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады

20.02.2019

Жас журналистер клубы құрылды

20.02.2019

Алексей Луценко тағы да топ жарды

20.02.2019

«Амурға» әліміз жетпеді

20.02.2019

Асанәлі Әшімов: «Театрды ашудағы мақсатым – талантты жастарды қолдау»

20.02.2019

Бақыт Сұлтанов автобус паркін жаңарту жоспарлары туралы айтып берді

20.02.2019

Қарағанды облысында 2 күнде 41 жол-көлік оқиғасы тіркелді

20.02.2019

Бейсенбі күні Қостанай облысы мен СҚО-да дауылды ескерту жарияланды

20.02.2019

Тілсіз жаудан зардап шеккен отбасыға тәртіп сақшылары көмектесті

20.02.2019

Ақмола облысының 5 ауданында «Еnglish for jastar» жобасы жалғасатын болады

20.02.2019

Бурабайда қысқы президенттік көпсайыстан облыстық біріншілік өтті

20.02.2019

Көкшетауда «Бояулар құпиясы» жас суретшілер байқауы өткізілді

20.02.2019

Еліміз Иранға 42 тонна сиыр етін экспорттайды

20.02.2019

Қарағандыда жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша брифинг өтті

20.02.2019

Алматыда ережесіз жекпе-жектен жарыс өтеді

20.02.2019

Ақтөбе облысында «Агрогектар» жобасы жүзеге асырылуда

20.02.2019

Қырғыз Республикасынан кіргізілетін өнімдерге шектеу қойылмақ

20.02.2019

Мемлекеттік қызметшілер декларациясын тапсыру мерзімі 31 наурызда аяқталады

20.02.2019

Астанада кәсіпкерлер мен инноваторларды біріктіретін алаң ашылады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу