Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының отырысы өтті

Сенаторлар Қазақстан мен Қытай арасындағы Қорғас өзенінде «Шүкірбұлақ (Алмалы)» бірлескен сел ұстайтын бөгетін салудағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімді ратификациялады, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.


Егемен Қазақстан
21.06.2018 2563
2

Сел ұстайтын бөгет келісімге қатысушы мемлекеттердің ортақ меншігі болып табылады. Тараптар құрылысты жобаның ортақ құнының 50 пайызы бойынша ынтымақты түрде қаржыландыратын болады.

Бұл келісімге Қазақстан жағынан – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті; Қытай жағынан –  Қытай Халық Республикасы Шыңжаң өндірістік-құрылыс корпусы іске асыру жөніндегі уәкілетті органдар болып табылады.

Сел ұстайтын бөгет құрылысындағы жұмыстарды үйлестіру мақсатында Сел ұстайтын бөгет құрылысы жөніндегі Қазақстан-Қытай комитеті құрылатын болады, оған әрқайсысынан уәкілетті органдар мен мүдделі мемлекеттік органдардың, сондай-ақ екі мемлекет ұйымдарынан өкілдер енетін болады. Тараптардың құзыретті органдары сел ұстайтын бөгет құрылысының белгіленген ауданында құрылысқа қажетті жеке адамдарды, көлік құралдарын, жабдықтар мен шикізаттар және материалдарды Мемлекеттік шекарадан оңайлатылған түрде өткізуі үшін қолайлы жағдай туындатады.

Құжат Қорғас өзенінің төменгі ағысындағы екі ел халқының өмірі мен мүлкінің қауіпсіз болуы үшін оң ықпал етеді.

Сенаторлар «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» заңды қабылдады.

Заңдағы ережелерде: валюталық операцияларды валюталық операциялар туралы ақпараттарды жинақтау рәсімдерін бір мезгілде оңтайландыра отырып мониторингпен қамтуды кеңейту; Қазақстан аумағында есеп айырысуларда шетел валютасын қысқарту; либералдық валюталық режим қағидаларын сақтау, ол азаматтар мен бизнес субъектілеріне қосымша жүктеме салмай, халықаралық ұйымдардағы интеграциялық бірлестіктер мен мүшеліктер аясында Қазақстан Республикасы қабылдаған халықаралық міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етеді; шетелдік ұйымдардың филиалдарын резиденттер ретінде тану, ол жергілікті компаниялар мен шетелдік ұйымдардың филиалдары үшін бизнес жүргізуде тең жағдайды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді; елден ақшаларды алып шығуға қарсы іс-қимылды күшейту көзделіп отыр.

Банктік емес айырбастау пункттеріне Ұлттық Банк шығарған шағын алтын құймаларын сатып алуға және сатуға құқық беріледі.

Сондай-ақ, «валюталық операциялар» ұғымында валюталық құндылықтарды сенімгерлік басқаруға беру не брокерлік қызметтер көрсету туралы шарт негізінде беру, бейрезидент шығарған электрондық ақшаларды резиденттің сатып алуы мен өтеуі және керісінше жасауы қамтылған.

Отырыста заңнамаға валюталық реттеу және валюталық бақылау, қаржы ұйымдарының қызметін тәуекелге бағдарланған қадағалау, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін жетілдіру мәселелері бойынша түзетулер қабылданды.

Құжат «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» заң жобасының ережелеріне сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске валюталық заңнаманы бұзғаны үшін тұлғаға әкімшілік жауаптылық белгілеу туралы түзету енгізілді.

Капиталды елден шығаруға қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қолдану шеңберінде Салық кодексіне екі жыл ішінде қайтарылмаған (қанағаттандырылмаған) импорт бойынша алдын ала төлеу сомаларын салық салынатын кірістер деп тануды көздейтін түзетулер енгізіледі.

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» заңға банктік емес айырбастау пункттерін олардың қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты лицензиядан айыру туралы ереже енгізіледі. Капиталды шығаруға қарсы іс-қимыл мақсатында мемлекеттік кіріс органдарына валюталық операциялар бойынша банктік құпияны ашу мүмкіндігі белгіленеді.

Мемлекет басшысының «7-20-25» бағдарламасын іске асыру аясында заң жобасымен жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметке байланысты емес ипотекалық қарызының ерекшеліктері белгіленеді.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында Азаматтық кодекске сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесін 100 пайызы деңгейінде шектеу бөлігінде қарыз алушы жеке тұлғаларды қорғауға бағытталған түзетулер енгізіледі.

Одан басқа, депозиттің қосымша түрі – жинақ салымдарын енгізу көзделіп отыр. Бұл жинақтаудың балама түрі, оған инвестиция салу жоғары сыйақы мөлшерлемесін алуды және ұлттық валютадағы өзге де салымдар бойынша мемлекеттік кепілдікті қолданыстағы 10 миллион теңгеге дейінгі кепілдікке қарағанда 15 миллион теңгеге дейін арттыруды көздейді. Бұл ретте салымды талап ету жөнінде банкті 30 күн бұрын хабардар еткен жағдайда салымшының оны мерзімінен бұрын алу құқығы болады. Мерзімінен бұрын алынған жағдайда сыйақы мөлшері талап еткенге дейінгі салымдар бойынша белгіленген мөлшерлеме бойынша қайта есептеледі.

Заңнамаға қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнама мен құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар қызметін жетілдіру мәселелері бойынша түзетулер қабылданды.

Құжат қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіруге, сондай-ақ ішкі істер органдарының қызметін жетілдіруге бағытталған.

Атап айтқанда, осы заң жобасында мынадай ережелер көзделген, оларға сәйкес: қылмыстық заңнама ізгілендіріледі, қоғамдық жұмыстар, бас бостандығын шектеу, айыппұл түріндегі бас бостандығынан айыруға балама жазаларды қолдану саласы кеңейеді; күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шараларын қолдану аясы қысқартылады және бұлтартпаудың өзге шараларын, оның ішінде үйқамақта ұстауға және кепіл қолдануға арналған мүмкіндіктер кеңейеді; ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартудың және айыптау үкімін орындаудың  ескіру мерзімдері төмендетіледі; қылмыстық-атқару жүйесі мекемесі әкімшілігінің заңды талабына әлденеше рет бағынбау белгілері қылмыстық сипаттан арылады; ауыр салдарына байланысты емес, кейбір лауазымдық, экономикалық және басқа да қылмыс құрамдары бойынша бас бостандығынан айыру мерзімдері қысқарады; бұйрықты іс жүргізу тәртібімен айыптау үкімін шығарған кезде сот сотталған адамның мүліктік жағдайын ескере отырып, оны процестік шығындарды төлеуден толық немесе ішінара босатуға құқылы; азаптаулар туралы істер бойынша шын ниетімен өкінгені немесе татуласқаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босату мүмкіндігі алып тасталынады;  мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген, өздері тұратын тұрғын үйді меншікке өтеусiз алуға құқығы бар ішкі істер қызметкерлерінің санаттары нақтыланады, сондай-ақ қайтыс болған (қаза тапқан) қызметкер-зейнеткердің отбасының тұрғын үйді жекешелендіруге құқығы белгіленеді.

Ішкі істер органдары жүйесіндегі дарабасшылық қағидасын сақтау кезінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелеріндегі әкімдердің рөлі артады.

Құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар басшыларының Президенттік резервте тұрған полиция қызметкерлерінің ішінен Ішкі істер министрінің ұсынымы бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдерінің құрылатын департамент басшыларын тағайындау және оларды босату құқығымен жергілікті полиция қызметтері мен ішкі істер департаменттерін біртұтас департаментке біріктіру көзделеді.

Одан басқа, заң жобасы әкімдерге жедел-іздестіру және процестік қызметтерге араласпай бүгінгі күні жергілікті полиция қызметтерінің құзыретіне жататын міндеттерді аумақтық полиция органдарының алдына қою құқығын береді.

Заң ережелерімен құқық бұзушылықтардың алдын алуды қамтамасыз етуге, терроризмге қарсы іс-қимылға, тұрмыстық және рецидивті қылмыстарға байланысты шаралардың тиімділігі артады.

Осы және басқа қойылған міндеттерді іске асыру үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстеріне, сондай-ақ 12 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Палата «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» заңды қабылдады.

Құжат баланың құқықтарын қорғауды басым түрде қамтамасыз ету қажеттілігі негізге алына отырып, балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, оның ішінде Қазақстан Республикасы ратификациялаған БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясында бекітілген, халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидаттары мен нормаларына сәйкес әзірленді.

Осы заңмен: балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау басымдылығын айқындау; жас сыныптамасы мен ақпараттық өнімді маркалауды енгізу; балалардың денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпаратты таратуға бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі функциялардың аражігін ажырату; ақпараттық өнімді маркалауды жүзеге асыратын субъектілерді (меншік иесі және (немесе) таратушы) айқындау жөніндегі шаралар реттеледі.

Сенаторлар заңнамаға балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау мәселелері бойынша түзетулерді де қабылдады.

Негізгі заң жобасының тұжырымдамалық бағыттарын ескере отырып, бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылып отыр.

Ол түзетулер салааралық сипатқа ие, балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін, Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған кез-келген тәсілмен ашық таратылатын ақпараттан олардың ақпараттық қауіпсіздігіне байланысты қатынастарды кешенді түрде құқықтық реттеуге арналған.

Қылмыстық кодекс пен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске түзетулермен балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін тиісті жауаптылық көзделеді.

Кәсіпкерлік кодексіне, «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Мәдениет туралы» және «Телерадио хабарларын тарату туралы» заңдарға қолданыстағы нормаларды негізгі заң жобасының ережелерімен ұштастыруға бағытталған өзгерістер енгізіледі, атап айтқанда фильмдердің жас сыныптамасы енгізіледі, фильмдердің жас санаты белгісін пайдалану реттеледі.

Отырыс барысында сенатор Сәуле Айтпаева еліміздің премьер-министріне депутаттық сауал жолдады. Сенатор кәмелетке толмаған жастардың су айдындарында мезгілсіз қаза болуы жиілеп кетуіне байланысты алаңдаушылық білдірді.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.09.2018

FIFA-2018 марапаттау рәсімінде Роналду болмайды

24.09.2018

Ұлы Дала Еліне саяхат — «Жаңа Жібек жолы» бағыты бойынша экспедиция Таразға келді

24.09.2018

«Егемен академиясының» жаңа маусымына тіркелу басталды

24.09.2018

Мақтаарал құрылыс саласымен де танымал болмақ

24.09.2018

Атырауда «Тау тұлғалы Таумыш» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті

24.09.2018

Ақмола облысында мемлекеттік қызмет мектебін ашылды

24.09.2018

Алматыда III Baikonyr Short Film Festivalдің жабылу салтанаты өтті

24.09.2018

Ақтөбелік полицейлер Агенттіктің «Пара алма!» үндеуіне құлақ асуда

24.09.2018

Қыздар Университетінің студенттері республикалық турнирдің жеңімпазы атанды

24.09.2018

Талдықорған қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

24.09.2018

25 қыркүйекте Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді

24.09.2018

Ақтауға үлкен футбол оралды

24.09.2018

Үш дзюдошымыз да алғашқы айналымда ұтылды

24.09.2018

Оралда бокстан халықаралық турнирдің жеңімпаздары анықталды

24.09.2018

Қазақстанда ұшақ билеттері арзандауы мүмкін

24.09.2018

Қазақстанда 14 миллион тоннаға жуық астық жиналды

24.09.2018

«Түн құдайы» фильмі Парижде өткен ретроспектива барысында көрсетілді

24.09.2018

Универсиада алауы Алматы арқылы өтті

24.09.2018

Бүгін Бакуде үш дзюдошымыз белдесуде

24.09.2018

Бизнес салымдар үшін қай қаржы ұйымы тиімді?

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Асан Мирас,

Ulaǵat pen muraǵat

Qaıǵyly ólimi qalyń jurttyń qabyrǵasyn qaıystyryp, qyrshyn ǵumyry qıylǵan óner, mádenıet, sport sańlaqtary qaı ultta bolsyn az emes. Ondaı has talanttardy halyq eshqashan umytpaıdy. Talanttardyń fánıdegi taǵdyry kelte bolǵanymen, halyqtyń júregi men jadyndaǵy ǵumyryn myńjyldyqtarmen ólsheýge bolady. Aıtalyq, áıgili grek ańyzyndaǵy aıbyndy batyrlar Ahılles pen Gektordyń esimderi dáýirlerden dáýirlerge kóshe júrip, ult sanasynda jarqyrap ǵumyr keshýde. Ańyzdyń epıloginde aıtylǵandaı, keıingi urpaq tıtandardy máńgi eske tutatyn bolady. Tipti, grektiń búkil tarıhy áli kúnge deıin ataqty Gektor men Ahıll shaıqasyna baılanysty óriledi. Biz muny nege aıtyp otyrmyz? Qaı ult bolmasyn, esimi elge eleýli tulǵalaryn este qaldyrýdyń esti joldaryn ustanady. Qazaq tarıhyn aqtarsaq ta, ádebıet betterin paraqtasaq ta túrli klassıkalyq joqtaý úlgilerine jolyǵatynymyz sózsiz. Joǵarydaǵy dańqty grek batyry Ahıllestiń de atyn aqıqatqa bergisiz asqaqtatqan áıgili Gomer abyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу