Маңғыстау өңірі Астанаға «Достық» үйі ғимаратын сыйға тартпақ

Алуан ұлттың баласын бауырына басып, шұғылалы шаңырақтың астына топтастырған мейірбан Қазақ елі – алтын бесік болса, Есіл жағасындағы еңселі елорда – алтын қазық. Бүгінде бас қала ретінде бой түзегеніне небәрі 20 жыл толып отырған Астана қаласы бірнеше ұлт өкілдерінің үмітін үкілеп, арманын аялаған қала. Осыған орай Маңғыстау өңірі ынтымақтың ұйытқысы болған елорданың тойына Ассамблея өкілдеріне арнап «Достық» үйі ғимаратын сыйға тартпақ.

Егемен Қазақстан
22.06.2018 3499
2

Астананың 20 жылдық мерейтойына әр өңір өз үлестерін қосуда. Бұл – елорданың айбыны мен абыройы елдік мерейге айналғандығының айғағы. Бұдан он жыл бұрын да қолға алынған іс дәстүрлі сипат алып, жиырма жылдықта жалғасын тапты.

Еліміздің барлық аймақ­та­рында – облыс орталық­тарында ашыл­ған «Достық» үйі күні бү­гін­ге дейін Астана қаласында жоқ болатын. Бұл олқылықтың ор­нын маңғыстаулықтар толты­рып, Бауыржан Момышұлы көшесі бойында тұрған көне Неке сарайын қайта жаңғыртып, «Достық» үйі ретінде ұсынбақ.

Үш қабатты ғимарат 4900 шар­шы метр аумаққа орналасқан. Ке­лу­шілер үшін 60 көлік орны, қыз­­меткерлер үшін арнайы 13 кө­лік орны жасақталып, жан-жа­ғы абаттандырылып, көгал­дан­дырылды.

Ғимараттың бірінші қабат­ын­да би залы, асхана, студия орналасса, екінші, үшінші қа­бат­тарда акт залы, кітапхана, ки­ім бөлмесі, мұражай, конфере­нц зал орналасқан. «Достық-Қазақ­стан» мекемесінің тапсы­ры­сымен, «MediArtGroup» ЖШС жобалауымен «СК «Ала­тау­ИнжСтрой» ЖШС жүзе­ге асырған құрылыс-жөн­деу жұ­мыс­тарына 50-ге тарта адам жұ­­мылды. «Достық» үйі­нің жұ­мыс­тары қазір толық аяқ­та­лып, Ас­тана қаласының мерейтойына тап­сырылатын салтанатты сәтті кү­туде.

– Астана мерейтойы – елге ортақ мереке. Той шашусыз болмай­тыны белгілі. Еліміздің әрбір өңірінің елордаға сый жасауы – Астананың ажарын асырып, қажеттілігіне қолдау беретін жақ­сы бастама. Бұдан он жыл бұ­рын «Нұр Астана» мешітін жөн­деп, жан-жағын абаттандырып сыйға тартқан Маңғыстау об­лысы биыл «Достық» үйін салуды құп көрді. Біз­дің сыйымыз астаналықтарға ұнай­ды деп ойлаймыз, дейді Маңғыстау облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Бейсенғали Кенжалиев.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.11.2018

Мемлекеттік басқару академиясы қазақстандық тәжірибені тарату орталығына айналды

19.11.2018

Алматыда ХІV Халықаралық Шәкен Айманов кинофестивалі ашылды

19.11.2018

Алматыда көлік апатынан 10 айда 114 адам ажал құшқан

19.11.2018

Жыр алыбы Жамбылдың өмірі сахналанды

19.11.2018

Павлодарда биыл 349 жол-көлік оқиғасы орын алған

19.11.2018

Абылайхан ЖҮСІПОВ: Токио туралы айтуға әлі ерте...

19.11.2018

Елбасы Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

19.11.2018

Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін

19.11.2018

Түркістанда халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті

19.11.2018

Маңғыстауда «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының облыстық слеті өтті

19.11.2018

Маңғыстауда өткен тарихи турнир өз мәресіне жетті

19.11.2018

Энергия үнемдеу бойынша Қазақстан 32-ші орында

19.11.2018

Көкшетауда жылу ақысы арзандайды

19.11.2018

Теміртауда Президенттік пән олимпиадасы өтті

19.11.2018

Бітіруші түлектер мансап орталықтары арқылы жұмысқа орналасады

19.11.2018

Павлодар облысында кәсіпкер әйелдер 113 жоба жүзеге асырған

19.11.2018

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі күнгейліктерді теріскейге шақырды

19.11.2018

Петропавлда жаңа шіркеу ашылды

19.11.2018

Қостанайда жол қозғалысы ережесінің бір күнде 375 рет бұзылғаны анықталды

19.11.2018

Солтүстік Қазақстанда 1 миллион тоннаға жуық майлы дақыл жиналды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

«Baı bolsań halqyńa paıdań tısin»

«Batyr bolsań jaýyńa naızań tısin, Baı bolsań halqyńa paıdań tısin». Kezinde aıyr tildi Áıteke bı aıtqan aqyldy sóz. Keler ǵasyrlarǵa da keter ǵaqlıa.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу