Қазақстан • 25 Маусым, 2018

Қорғаныс министрлігінің басшылығы республикалық БАҚ жетекшілерімен кездесу өткізді

255 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары, генерал-лейтенант Мұрат Майкеев 68665 әскери бөлімінің базасында БАҚ-тың бірінші басшыларымен дәстүрлі кездесуін өткізді.

Қорғаныс министрлігінің басшылығы республикалық БАҚ жетекшілерімен кездесу өткізді

Кездесу барысында ақпараттық ынтымақтастық сөз болып, БАҚ басшылары арнайы ұйымдастырылған экскурсияны тамашалады.  Сондай-ақ Мұрат Майкеев  Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен кәсіби мерекелерімен құттықтады.

«Біз ақпараттық қоғамда жасап жатырмыз. Бүгінгі таңда ақпарат жекелеген адам үшін де жалпы қоғам үшін де үлкен рөл атқарады. Жаңа технологиялар, жаһандық коммуникациялық желілер адамның және қоғамдық өмірдің барлық салаларын қамтиды. Бүгінгі Қарулы Күштердің жауынгерлік және күнделікті іс-әрекеттерін сапалы ұйымдастыру және бұқаралық ақпарат құралдарында жедел жариялау да ерекше маңызға ие. Өйткені ол әскери қызметтің рөлін арттыра түспек», деді БАҚ басшыларын кәсіби мерекесімен құттықтаған  М.Майкеев.

Айта кетейік, ақпараттық саясатты тиімді жүзеге асыру және Қорғаныс министрлігімен жылдам және сапалы ынтымақтастық орнату мақсатында министрлік жыл сайын экстремалды журналистика бойынша «Әскери дискурс», республикалық «Әскер медиасы» баспасөз фестивалі, баспасөз-турлар және басқа да іс-шаралар өткізіп келеді.