Мектеп оқушыларын тамақтандыру мәселесі өзекті

Сонымен тағы бір оқу жылын аяқтадық. Оқушылар демалысқа шықты. Үмітін үкілеген түлектер сынақ тапсыруда. 11 жыл алған білімі сарапқа түсіп, ата-ана мен ұстаздардың, өздерінің де табан ақы, маңдай терінің өтеуі таразыланады. 

Егемен Қазақстан
29.06.2018 131
2

Бір жыл ішіндегі білім берудегі жетістіктер мен кейбір олқылықтар, мұғалімдердің айлық ақысы, әлеуметтік жағдайы алқалы жиында айтылып, қаламгерлер қауымы да, журналистер де ой-пікірлерін білдіріп жатты. Оқу жылы аяқталды деп екі-үш ай арқаны кеңге салғанымен, жаңа оқу жылының мәселесі ертең алдан шықпай қоймасы анық. Оның үстіне биылдан қалған «сарқыт» та аз болмаса керек. Әрине, кейбір деректер қағазда әдемі жазылғанымен, атқарылу барысында қиын түйіні, қым-қиғаш жұмыстары әлі де алдан шығары анық. Қазірдің өзінде бірінші сыныпқа бала қабылдауда дабыр-дүбір көп. Кім баласын нашар мектепке бергісі келеді?.. Әрине, дарынды оқушылар білім алатын алтын ұяда оқытуға тырысады. Көбінің заты қалай демей, атына жүгіретіні де рас. Назарбаев зияткерлік мектебінен басқа жерде білім бағдары бірдей, тек пәндерді тереңдетіп оқытатыны болмаса, бәрінде де оқулық пен стандарт бір жүйеге негізделген. Жақсы делінетін лицей мен гимназияға келер болсақ, онда дәстүрлі оқу жүйесі заманауи білім берумен ұштастырылып, басшысы да, басқасы да бірлікке ұйып, әсіресе мектептің жаны, тірегі саналатын ұстаздар қауымы «Бізге жұрт баласын сеніп тапсырып отыр. Ендеше сол сенімнен шығуға тиістіміз», дейтін шын мәніндегі мамандық иелері топтастырылған. Олар әлеуметтік жағдайын екінші кезекке ысырып қойған – нағыз ел патриоттары. Иә, ондай мектептің кемі жоқ, бәрі түгел, ұстаздардың қалтасы тоқ дей алмасақ керек. Елімізде мұғалім алатын айлықтың көп емес екені жұртшылыққа мәлім. 

Жаңа оқу жылындағы тағы бір проблема оқулыққа қатысты дер едік. Алғашқы бір-екі ай көлемінде министрлік пен жергілікті жердегі басшылар арасында бұл біраз келіспеушіліктерге арқау болып жатады. Бұл жыл сайын қайталанып жүрген жайт. Ағылшын тілінде сабақ беретін мамандарды қайта дайындау жұмысы жүргізілу үстінде. Оған миллиардтаған теңге бөлінуде. Тиісті мекеменің уәжіне сенсек, биыл ағылшын тілінде білім беру кәдімгідей артатын көрінеді. Құптауға тұрарлық іс. Бірақ қысқа мерзімде дайындалған мамандардың сапасы қандай деген күдік көңілден кетер емес. 
Ең күрделі мәселе, мектепте білім алып жүрген қазақ қыздарының киім үлгісі, нақтылай түссек, орамал салып келу жайына қатысты дау-дамай туындап келеді. Биылдың өзінде ондаған қыз соңғы тоқсандарда мектеп табалдырығын аттай алмады. Мұндай жағдай алтын белгіге үміткер оқушының да басынан өтті. Жалпы, қазақ халқы қызын ұлындай еркелетіп өсірген жұрт еді. Құтты қонысына қондырғанға дейін үкілеген бөрік кигізіп, орамал таққызбағаны тарихтан белгілі. Бұл секілді түйіткілі бар істерді балалар демалыста жүргенде шешіп алмаса, күзде тағы бас ауруына айналмай қоймайды. 

Мектеп асханасына қатысты әр алуан пікірлер де біраздан бері көтеріліп келеді. Әсіресе оқушыларға арналған тағамның сапасы мен бөлінетін қаржы туралы жиі айтылып жүр. Бұл бұрын қарапайым халықтың ойы деп келсек, енді халық қалаулылары да үн көтере бастады. Сенатор Бірғаным Әйтімова «100 теңгеге не ішуге болады?» дей келіп, «Соңғы жылдары мектеп асханасының мәзірі көңіл көншітпейді. Талаптарға сай емес. Жергілікті білім басқармалары тендер өткізерде ас мәзірінің 100 теңгеден аспағанын қалайды. Сонда 100 теңгеге не әзірлеуге болады?» дейді. Шынында, күн сайын өршіп бара жатқан қымбатшылық кезінде 100 теңгеге не алуға болады? Бір ғана мысал, бір уақытта 20 теңге тұратын нан қазір 120-130 теңгеге жетті. Өзге тағам түрлерінің де бағасы қымбаттау үстінде. Тамақ қуатты болмаса, баланың ойы мен бойы қалай өседі? Онсыз да кейбір ұл қыздарымыздың дене бітімі қораштанып бара жатқаны байқалады. Осы күні ел игілігіне делінетін жұмыстың орындалуы тендерге телінген. Тендер дегеніміз – нарық талабына сай, аз ақшамен көп жұмыс тындыру керекке саяды. Мектеп асханасының мәзірін дайындайтындар бала көңілін аз ақшамен риза ете ала ма? «Бәрін қатырамын» деп тендерде жеңіп шығып, одан кейінгі жерде сапасыз өнімнен татымсыз тамақ әзірлесе, ол кейде оқушылардың уланып қалуына апарса – мұны алдын ала ойластыру керек секілді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» мақаласындағы: «... біз білімге бөлінетін бюджет шығыстарының үлесі жөнінен әлемдегі ең алдыңғы қатарлы елдердің санатына қосылып отырмыз. ...Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді», деген сөздерін бұлжытпай орындасақ, қане. 

Жалпы, мектеп асханасына қызмет көрсе­те­тін адам ұрпақ тағдырын бизнестен жоғары қоя ма, әлде табыс табудың жолында жүр ме, дегенді есте ұстау керек-ақ. Осы арада, кейбір өңір мен қалада әр балаға бөлінетін ақшаға келсек, Астанада 1 мен 4-сынып оқушылары 320 теңгеге тегін тамақ ішеді екен. 5-11-сынып оқушыларының арасында, тек әлеуметтік жағдайы төмендерге ғана жағдай жасалған. Ал өңірлерге келсек, кейбір облыстар тегін тамақ беруді тоқтатқан. Ал тамақ беретін жерлер 170 – 230 теңге көлемінде әр баланың жас шамасына қарай қарастыру үстінде екен. Қалай десек те, мектеп асханасының мәселесін бір жүйеге келтіру уақыт талабы болып тұр. Басты мақсат – ұрпақтың денсаулығы болуы тиіс. 

Сүлеймен МӘМЕТ,
«Егемен Қазақстан»
 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.09.2018

Головкин мен Альварестің үшінші жекпе-жегі болуы мүмкін бе? (ВИДЕО)

18.09.2018

11 жылдан кейін қайталанған тарихи кездесу

18.09.2018

Мемлекет басшысы қосарланған салықты болдырмайтын Өзбекстанмен арадағы келісімге өзгерістер енгізді

18.09.2018

Елбасы Байқоңыр тұрғындарына медициналық көмек көрсету заңына енгізілген өзгерістерге қол қойды

18.09.2018

Студент жастардың жатақхана мәселесі шешілуде

18.09.2018

Батыс Қазақстан облысында Мемлекеттік қызмет мектебі ашылды

18.09.2018

Жеңімпаздар әлем чемпионатына барады

18.09.2018

«Астана» 4 қазан күні өз алаңында Францияның «Ренн» клубымен ойнайды

18.09.2018

Атырауға алғаш рет Елбасының көшпелі көрмесі келді

18.09.2018

Қостанай облысының оңтүстік өңірі егін орағын аяқтап келеді

18.09.2018

Бауыржан Қарағызұлы Мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі болып тағайындалды

18.09.2018

Ақмола облысында 61 ІТ сыныбы ашылды

18.09.2018

Әлихан Смайылов Қаржы министрі болып тағайындалды

18.09.2018

«Адырна» республикалық әдеби-көркем ұлттық журналы аламан бәйге жариялады

18.09.2018

Статусты сәйкестендіру керек

18.09.2018

Қостанай облысында адасқан тырна аңшылық шаруашылығына тапсырылды

18.09.2018

Ақмола облысында 2870 орынды қамтитын 11 жатақхана салу жоспарлануда

18.09.2018

Әулиеата аймағында туризмді дамытудың нақты жоспары жасалды

18.09.2018

Құрылыс компаниялары қызығушылық танытуда

18.09.2018

Елімізде жұмыспен қамтылған жастардың саны - 2,1 млн адамды құрайды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Tо́relik qyzmetke tо́r qashan beriledi?

Abaı atamyz: «Burynǵy qazaq jaıyn jaqsy bilgen adamdar: «bı ekeý bolsa, daý tórteý bolady» dep aıtypty», deıdi. Rasynda, bul sózdiń ómir tájirıbesinen alynǵanyna esh kúmán joq. О́ıtkeni bul arada hakim bıdiń sany emes, sapasy daýdy azaıtatynyna mán bergeni anyq. Al endi bul búgingi kúni de elimiz aýmaǵyndaǵy tórelik qyzmet prosesinde týyndaıtyn qoǵamdyq qatynastardy sheshýde eń basty eskerer jaıt bolyp tur. Sebebi azamattyq daýlardy qaraýda qara qyldy qaq jaratyn ádil sheshimge qol jetkizý áli de arman.

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

О́mir súrý salty

BUU aqparatyna saı, áıelder arasynda eń joǵary ortasha ómir súrý uzaqtyǵy boıynsha 86,8 jaspen Japonıa aldyńǵy qatarda tursa, er adamdar arasynda 81,3 jaspen Shveısarıa birinshi orynda. Al keıbir elderde ortasha ómir súrý uzaqtyǵy tipti 60 jasqa da jetpeıdi. «Nege?» degen suraqqa túrli faktorlardy keltire otyryp jaýap berýge bolady.

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Búgingi qazaq áıeli

Qazaq áıeli qaı zamanda da qatparly taqyryp bolǵan. Epostyq jyrlar men ertegilerde, jyraýlar poezııasynda qazaq áıeliniń, qazaq qyzynyń asqaq beınesi áspetteldi, sulýlyǵy jyrlandy, jan dúnıesiniń izgilikti qasıetteri pash etildi. Baǵzydaǵy Tumar hanym men Umaı anadan bastap qazaq tarıhy da Domalaq ana, Aıpara ana, Qyzaı ana, beridegi Bopaı hansha men uly Abaıdyń ájesi Zere syndy ardaqty esimderge kenen bolyp kelgeni belgili. Qashannan-aq halyq qasıetiniń qormaly, ulttyń uıaty áıel bolǵan.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу