Мұғалімдерді онлайн оқытатын open-university құрылады

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев басқарма төрағасы Агрис Прейманис бастаған «Шетелдік инвесторлар кеңесінің қазақстандық ассоциациясының» (ШИК ҚА) басқарма мүшелерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz

Егемен Қазақстан
29.06.2018 3332
2

Кездесу барысында Шетелдік инвесторлар кеңесінің 31-пленарлық отырысын өткізудің қорытындылары шығарылып, мемлекет, қоғам және бизнес үшін заманауи сын-тегеуріндердің өзектілігін қоса алғанда, Қазақстанның адам капиталын дамыту мәселелері талқыланды.

ҚР-дағы «КНАУФ» компаниясының төрағасы Димитри Пропп білікті мамандарды даярлау бағдарламасы ретінде қосарлы білім беруді одан әрі дамыту перспективалары туралы айтып берді. «Бейкер және Макензи» бөлімшесінің директоры Куртис Мастерс пен «Эрнст энд Янг» компаниясының Қазақстан және Орталық Азия бойынша басқарушы серіктесі Ерлан Досымбеков Еуропа елдерінде кәсіби-техникалық білім беруді дамыту тәжірибесімен бөлісіп, үнемі дамушы заманауи қоғам жағдайында адам капиталын арттыруға арналған басқа да құралдар туралы әңгімеледі.

Сарапшылардың пікіріне сәйкес, адам капиталын дамыту мәселесі ШИК ҚА негізгі міндеттерінің бірі. Бұдан өзге, соңғы кездері бұл мәселе елді дамытудың және әлемдік экономикалық аренада көркейтудің міндетті шарты ретінде анықталған. Атап айтқанда, адам капиталын дамыту бүкіл қоғамның әлеуетін арттыруға, сондай-ақ жалпы алғанда ел ресурсын кеңейтуге әкеледі. Өз кезегінде, Еуразия тобының бақылау кеңесінің мүшесі С. Темірғалиев, «Шетелдік инвесторлар кеңесінің қазақстандық ассоциациясының» директоры Ж. Байдашева инновациялық технологияларды енгізу және экономиканы цифрландыруды ескере отырып, ЖОО және кәсіби білім беруді жетілдіру жөніндегі өз ұсыныстарын айтты.

Қарастырылған мәселелер бойынша білім және ғылым министрі Е. Сағадиев түсінік берді, ол ШИК ҚА мүшелеріне профессорлық-оқытушылық құрамды онлайн оқыту саласында ынтымақтастық орнатуды ұсынды.

«Егер мегатренд туралы айтар болсақ, қазір оқытудың ең жылдам әрі қуатты тренді – бұл онлайн оқыту. Біз пысықталған жаһандық ресурстарды пайдалана отырып, кадрларды, мұғалімдерді толық онлайн даярлауды енгізіп, өзіміздің қазақстандық open-university құрғымыз келеді. Бұл қымбат болмайды, бұл өте қолайлы және қолжетімді, білім беру сапасы да біз ойлағаннан артады. Қазір бұл жұмыстарға кірісіп те кеттік, мұны бір жыл ішінде бітіруіміз керек. Оқытушыларды онлайн оқыту бойынша бұл аймақта бірінші болғымыз келеді», — деді министр Е. Сағадиев.

Талқылау қорытындысы бойынша Бақытжан Сағынтаев ҚР БҒМ Ассоциациямен барлық мәселелерді пысықтап, адам капиталын арттыру бойынша бірлескен жұмыстарды жоспарлауды тапсырды.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.03.2019

Қазақстан Шотландияны 3-0 есебімен ұтты

21.03.2019

Н.Назарбаев пен Қ.Тоқаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

21.03.2019

Н.Назарбаев Армения Президенті Армен Саркисянмен телефон арқылы сөйлесті

21.03.2019

Назарбаев Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті

21.03.2019

Қазақстан-Испания экономикалық ынтымақтастық Мадридте талқыланды

21.03.2019

Назарбаев пен Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

21.03.2019

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Наурыз мерекесіне орай құттықтауы

21.03.2019

Ономастика комиссиясы Қостанайдағы Абай даңғылының орнына басқа көшені таңдауды ұсынды

21.03.2019

Қостанайда  халықаралық медиа форум өтті

21.03.2019

Елордада Наурыз мерекесі тойланды

21.03.2019

«Астана Опера» Наурызды жаңа форматта атап өтті

21.03.2019

Біз астаналықтар болып қала береміз - Бақыт Сұлтанов

21.03.2019

Таразда сауықтыру орталығы ашылды

21.03.2019

Әулиеатадағы әсерлі мереке

21.03.2019

Тараз қаласында жастарға арналған аллея ашылды

21.03.2019

Ономастикалық комиссия көше атауларының өзгеруін қолдады

21.03.2019

Назарбаев пен Тоқаев Наурыз мейрамына қатысты

21.03.2019

Наурыз мейрамын ЮНЕСКО-да атап өтті

21.03.2019

Наурыз мейрамында шаңырақ көтерген жастарға Нұрсұлтан Назарбаев ақ батасын берді

21.03.2019

Астанадағы Наурыз тойына Нұрсұлтан Назарбаев пен Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу