Президент • 29 Маусым, 2018

Нұрсұлтан Назарбаев сайлау заңнамасын жетілдіруге бағытталған Конституциялық заңға қол қойды

381 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы сайлау заңнамасын жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.


Нұрсұлтан Назарбаев сайлау заңнамасын жетілдіруге бағытталған Конституциялық заңға қол қойды

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы заңнаманы «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес келтіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сайлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңдардың мәтіндері баспасөзде жарияланады.