Президент • 04 Шілде, 2018

Елбасы Андрес Мануэль Лопес Обрадорға құттықтау жеделхатын жолдады

431 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұрсұлтан Назарбаев Андрес Мануэль Лопес Обрадорға Мексика Құрама Штаттарының Президенті лауазымына сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Елбасы Андрес Мануэль Лопес Обрадорға құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Андрес Мануэль Лопес Обрадорды Мексика Құрама Штаттарының Президенті лауазымына сайлануымен құттықтап, достас Мексика халқына бейбіт өмір мен бақ-береке тіледі.

«Сіздің саяси және қоғамдық қызметтердегі мол тәжірибеңіз Мексиканың одан әрі дамып, халықаралық аренадағы беделінің нығая түсуіне зор үлес қосатынына сенімдімін.

Елдеріміз арасындағы достық қарым-қатынастар мен ынтымақтастық Сіздің белсенді қолдауыңыздың арқасында өзара түсіністік пен тұрақтылық рухында әрі қарай дами береді деп санаймын», – делінген жеделхатта.