Мәулен ӘШІМБАЕВ. Астананың асқақ рухы

Тәуелсіз мемлекет ретінде ұлттың ұйытқысы, елдің ордасы болған астанамызды бекітіп, жарқын болашаққа батыл қадам басып келе жатқанымызға биыл 20 жыл толып отыр. Тарих үшін қас-қағым сәт болып сана­латын осы бір аралықта біз Елба­сымыздың парасатты басшы­лығының арқасында ауыз толтырып айтарлықтай табыстарға қол жеткіздік. 20 жылда тұтас бір қаланы салып қана қоймай, сол арқылы егемендігіміздің іргесін бекітіп, еліміздің еңсесін тіктедік. Бас қаламызды бүкіл әлем мойын­даған алып шаһарға айналдыра білдік.

Егемен Қазақстан
05.07.2018 1521
2 Суретті түсірген Ерлан ОМАР

Астананың осы жылдарда бағындырған белестері тұтас еліміздің қол жеткізген жетіс­тіктері екені сөзсіз. Сон­дық­тан бұл мерейтой тек елор­да­ның ғана емес, жалпы Қазақ­станның жетістігі және жеңісі деп айтуға толық негіз бар. Еура­зияның орталығында түрлі мәде­ниет­тердің, әлемдік саясат пен эконо­микадағы өзекті оқиға­лардың және қоғамдық ахуал­дың өзара ықпалдасуының біре­гей үл­гісінің қалыптасуы да Аста­на­ның атымен тығыз байланысты.

Астана – әлем бойынша ХХІ ғасырда салынған ең алғаш­қы елорда. Бұл балталаса да бұзылмайтын, дүниежүзілік тарихқа тайға таңба басқандай етіп жазылған ақиқат сөз. Өзі­нің жастығына қарамастан Астанаға әлемдік бейбітшілік пен келісімнің алтын бесігі деген абыройлы міндет жүктелді. Сондықтан елордамыздың бас­ты архитекторы Нұрсұлтан Назарбаев Астананы бірден әлемдік мәдениеттің орталығы, ұлттық рух пен инновация үйле­сім тапқан Еуразияның жақұт-жауһары ретінде жобалады.

Астананы бүкіл Қазақ­стан­ның шағын ғана үлгісі деуге де болады. Себебі еліміздің тәуел­сіздік жылдарындағы тарихы, жетістіктері мен жеңістері біз­дің әсем де сұлу Астанамыздың тарихымен тығыз байланыс­ты. Тіпті әлемнің қай түкпіріне барсақ та Қазақ елін ең алдымен Елбасымызбен және Астанамызбен танып жататыны баршамызға жақсы мәлім. Осылайша Қазақстан жаңа ғасырда жаңа астанасын салу арқылы бүкіл әлемнің назарын өзіне аударып, ынтымақ пен бірліктің мекені ретінде танылды.

Негізі еліміздің әлемдік қоғамдастықты дүр сілкіндірген алғашқы әрі аса маңызды қадамы Жер бетіндегі төртінші ядролық әлеуеттен бас тартуы екені белгілі. Елбасымыздың бұл тарихи шешімі Қазақстан­ның дүниежүзілік ядролық қарусызданудың басты қоз­ғау­шы күшіне айналуына мүм­кіндік берді.

Сол себепті де басқа жерде емес, дәл Астанада «АТОМ» халықаралық жобасы қолға алынды.

Оның басты мақсаты – әлем халқын ядролық сынақтарды біржола тоқтатып, мұндай қаруды түбегейлі жою ісін қолдауға шақыру. Сондықтан жоба аясында Жер бетіндегі әр адам ядролық сынақтардан бас тартуға шақыратын онлайн-петицияға қол қоюға жағдай жасалған. Сол арқылы әрқайсымыз Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарт талаптарының тезірек орындалуына өз септігімізді тигізуге мүмкіндік алып отырмыз. Бұл мәселе бойынша Қазақстан бүкіл әлемнің қолдау көрсетуін мақсат тұтып отыр.

Осы бағытта еліміз айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізгенін де ерекше атап өткен жөн. Мәселен Қазақстанның бастамасымен БҰҰ 29 тамызды Халықаралық ядролық сынаққа қарсы іс-әрекеттер күні деп жариялады. Бұл Қазақстанның және елімізді биіктерге бейбіт түрде бастап келе жатқан Елбасымыздың әлемдік деңгейдегі жеңісі екені сөзсіз.

Сонымен қатар 2015 жылы Астанада Қазақстан Республикасы мен Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттіктің Өскемен қаласындағы Үлбі металлургиялық зауытында төмен байытылған уран банкін орналастыру туралы келісімге қол қойғанын білеміз. Бұл оқиғаны да халықаралық қоғамдастық жоғары бағалады. Мұндай бастама екі мақсаттағы технологиялардың бақылаусыз таралуын төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл – Қазақстанның жаңа технологияларды дамыту және планетамыздың энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісіне қосқан нақты үлесі. Осы айтылғандарды ескере отырып, Ядролық қауіпсіздік мәселесі жөніндегі жаһандық саммитті Астанада да өткізуге әбден болатынын аңғарамыз.

Халқымыздың бірлікке, ынтымаққа деген ұмтылысы да Астананың асқақ рухында айшықты көрініс тапқан. Еуразияның жүрек тұсында орналасқан елордамыз ежелден мәдениеттер мен халықтардың тоғысқан тұсы екені анық. Осыған орай Мемлекет басшысының «Кезінде көптеген ұлт өкілдері бұл жерден бас сауғалайтын пана, туған Отанына айналған жайлы мекен тапты», деген еді. Сондықтан мәдениеттер мен құндылықтардың осылайша үйлесім табуы Қазақстан мен оның жас астанасының басты жетістігіне айналды десек, артық айтқандық емес.

Небәрі 1999 жылдың өзінде Астана ЮНЕСКО-ның шешімімен «әлем қаласы» деген атақты иемденді. Бұл жоғары мәртебені барша қазақстандықтардың конфессияаралық, этносаралық, өңіраралық және халықаралық салалардағы сіңірген еңбегі мен төккен теріне берілген әділ баға деп қабылдаймыз.

Мәселен, 2003 жылы Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің бірінші съезі бүкіл әлемді елең еткізген елеулі оқиға ретінде тарихқа жазылды. Себебі, ол кезде дінаралық шиеленіс ушығып, түрлі конфессиялардың басшыларын бір үстел басына отырғызу тұрмақ, бір жерге жинаудың өзі мұң болатын. Сондықтан Астанадағы Съезд дінаралық мәселені халықаралық деңгейде талқылап, оны шешудің тиімді тетіктерін жаңа белеске көтеруді көздеді. Нәтижесінде түрлі дін өкілдері елордамызда бас қосып, бір-бірімен бейбітшілік пен адамзаттың болашағы туралы пікір алмасып, жаһандық күн тәртібін қалыптастыруға мүмкіндік алды. Содан бері өткізілген осындай 5 Съездің барлығы Қазақстанның әлемге дінаралық диалог және ынтымақтастық елі ретінде танылуына даңғыл жол ашты.

Бұл форумның әлемнің әр қиырында толассыз жүргізіліп келе жатқан кейбір этносаралық және конфессияаралық қақтығыстардың алдын алуда да үлкен маңызға ие болғанын атап өткен жөн. Сондықтан Нұрсұлтан Назарбаевтың аталған Съезді өткізу туралы шешімін барша діндер мен конфессияларды бірлік пен берекеге шақырған үндеу деп те қабылдауға болады.

Жалпы көптеген теистикалық діндер пайғамбар мен Құдайдың диалогынан басталған. Ал кейін пайғамбар адамдармен өз диалогын жүргізген. Яғни, діндердің негізгі қызметтерінің бірі – коммуникативтілік Жаратқанға сенетін жандардың Құдаймен және бір-бірімен қатынасы арқылы іске асырылады. Съезд өткізілгенге дейін мұндай коммуникацияның аясы өте тар болды. Өйткені түрлі конфессиялардың өкілдері тек бір діннің ішінде ғана шектеліп қалған болатын. Дегенмен, байланыстың мұндай деңгейі өміршең болмайтынын тарихи тәжірибе айқын көрсетіп берді. Сол себепті Съезд діндер арасындағы диалог идеясын жаңа деңгейге шығарып, дінаралық коммуникацияны күшейту үшін барлық жағдайды жасады.

Алайда бұл тек әлемдік диалогты қамтамасыз етудің бастамасы ғана болатын. Себебі кейін елордамыз еліміздің басқа салалардағы медиативті әлеуетін де жан-жақты дамытудың қозғаушы күшіне айналды.

Келіссөздер үшін жағдай жасау, коммуникативті алаңдарды қамтамасыз ету, медиация сияқты игілікті істердің барлығы біздің ұлттық кодымыздың ажырамас бөлігі болып табылады. Соған сәйкес жаңа елордамызға да осындай миссия жүктелді. Нәтижесінде Астана этностық және конфессиялық топтарды татуластыратын тарихи орынға айналды. Дәл осы ерекшелік екі бағытта диалог пен кездесулер ұйымдастыруға мүмкіндік берді.

Бірінші бағыт, Қазақстанның Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ), Еуропадағы қауiпсiздiк және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ), Ислам ынтымақтастығы ұйымы (ИЫҰ) сияқты ірі геосаяси ұйымдарда төрағалығы кезінде елдердің өзара іс-әрекеті нығайып, байланыстар арта түсті. Бұл еліміздің халықаралық деңгейдегі жоғары беделі мен әлем саясатындағы алпауыт тұлғалардың біздің Елбасына деген ерекше құрметін білдіреді. Дәл осы кезде Астана көптеген маңызды геосаяси және халықаралық шешімдерді қабылдайтын басты орталықтардың бірі ретінде де танылып үлгерді. Көптеген халықаралық сарапшылар мен саясаткерлердің Астананың дипломатиялық рухын іс жүзінде сезінгені де осы кезең болатын.

Бұрынғы кеңестік елдердің арасынан Қазақстан алғаш болып, яғни 2010 жылы Еуропадағы қауiпсiздiк және ынтымақтастық ұйымына төраға болды. Соның нәтижесінде Астанада 11 жылдық үзілістен кейін ЕҚЫҰ Саммиті өтті.

Келесі 2011 жылы Қазақстанның ИЫҰ-дағы төрағалық етуі де жемісті болды деуге толық негіз бар. Өйткені Астанада өткен ИЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің 38-сессиясында Ислам конференциясы ұйымының атауы Ислам ынтымақтастығы ұйымы болып өзгертілді. Бұдан басқа, ИЫҰ-ның Орталық Азиямен ынтымақтастық жөніндегі іс-қимылдар жоспары қабылданды.

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің 2013 жылы елордада Ұлы Жібек Жолын жандандыру мақсатында экономикалық қарым-қатынасымызды одан әрі нығайта түсетін «Бір белдеу, бір жол» бастамасын ұсынуы да кездейсоқтық емес. Бұл Астананың халықаралық бастамалар мен геосаяси жобалардың орталығы ретінде мойындалуының нақты көрінісі.

Еліміздің ШЫҰ-ға төрағалық етуі 2017 жылы Астанада өткен саммитпен аяқталып, ұйымға Үндістан мен Пәкістанның қосылғандығы туралы тарихи құжатқа қол қойылды. Аталған екі елдің қосылуының арқасында ШЫҰ жер бетіндегі халықтың 40 пайызының, әлем экономикасының шамамен үштен бір бөлігінің мүддесін білдіретін ірі ұйымға айналды.

Екінші бағыт. Соңғы жылдарда Астана өзінің айтарлықтай бітімгерлік әлеуетін танытты. Мәселен, бүкіл әлем жіті қадағалап отырған сириялық дауды реттеу жөніндегі келіссөздер «Астана процесі» деген атауға ие болды.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында бір кездері Астананың «Ортаазиялық Женеваға» айналатынын елестету қиын еді. Тіпті ол мүлдем мүмкін еместей көрінгені де жасырын емес. Енді міне, бүгін елордамыз – әлемдік саяси шиеленісті шешуге ықпал ететін негізгі тұғыр болып отыр. Осы жылдар ішінде Астана халықаралық аренада танылған бітімгерлік орталыққа айналды. Атап айтқанда, сириялық келіссөздердің 9 кезеңі осындай аса күрделі геосаяси мәселені шешудегі дәйекті жетістігімізді көрсетіп берді. Осының барлығы халықаралық серіктестердің Астанаға деген сенімімен қатар, Қазақстан Президентінің әлемдегі бітімгер ретіндегі беделін айшықтай түседі.

Бұдан бұрын Қазақстанның 2010 жылы Қырғызстандағы жағдайды реттеуге, сондай-ақ 2015 жылы Анкара мен Мәскеу арасындағы өзара қатынастарды қалпына келтіруге қатысқанын атап өткен ләзім. Бұған қоса, әлемдік қоғамдастық Қазақстанның 2013 жылы Иран ядролық бағдарламасының мәселелерін реттеуге қосқан үлесін кеңінен талқылады. Сонда сарапшылар Астананың әлемдік саяси кеңістіктегі жаһандық медиативті қызметін ерекше атап өтті. Жалпы, бүкіл әлем Нұрсұлтан Назарбаевты бүгінгі заманның атақты саясаткері ғана емес, сонымен бірге ең күрделі, тіпті, шешімі жоқ болып көрінетін геосаяси дауларды шешу қабілеті бар халықаралық бітімгердің бірі ретінде таниды.

Сондай-ақ Астана өңірлік қауіпсіздік стратегиясын паназиаттық диалог құру арқылы да іске асырып келе жатқанын атап өткен жөн. Оның негізгі жарқын көрінісі ретінде Азиядағы өзара iс-қимыл және сенiм шаралары жөнiндегi кеңесті (АӨСШК) атауға болады.

Сондықтан да 2018 жылы Қазақстан Президентінің АҚШ-қа жасаған жұмыс сапары барысында, екі мемлекеттің басшылары Орталық Азиядағы жалпы қауіп-қатерлерге қарсы тұру үшін ынтымақтастықтың өңірлік форматтарын пайдалануға уағдаласты. Соның ішінде өңірдегі тұрақтылықты қамтамасыз етуде «С5+1» форматындағы диалогтың болашағы зор.

Жалпы Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа сапарын тарихи деп атауға әбден болады. Сапар барысында Дональд Трамп Елбасының ел Тәуелсіздігін қалыптастырудағы ерекше рөлі мен оның жалпыұлттық қолдауының жоғары деңгейіне баса назар аударды. Өз сөзінде Қазақстандағы оң өзгерістерді тілге тиек еткен АҚШ президенті Астананың өңірдегі ғана емес, тұтас әлем бойынша бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтудағы қызметіне ерекше тоқталды.

Бүгінде Астананың бітімгершілік әрекеттері жалпы әлем бойынша қолдау тауып отыр. Соның арқасында Қазақстанның жаһандық бастамалары БҰҰ ресми құжаттарында көрсетілуде. Тіпті БҰҰ-да ресми құжат ретінде де қабылданды. Оның жарқын мысалы ретінде «Әлем. XXI ғасыр» манифесін айтуға болады.

Еліміздің бас қаласы басқа да халықаралық жобалар мен бастамалардың жүзеге асырылуына белсенді қатысып келеді. Былтыр мамыр айында өткен Астана экономикалық форумында Мемлекет басшысы жаһандық мегатрендтер қатарындағы энергетикалық революцияға айрықша серпін берді. Сол арқылы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан дамуының нақты индикаторы – баламалы энергия үлесін 2030 жылға қарай еліміздің энерготеңгерімінде 30 пайызға дейін жеткізуді айқындап берді.

Осы бағытта еліміз бен елордамыз үлкен әрі маңызды қадам жасап, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізді. Көрме бүкіл әлемге еліміздің «жасыл экономикаға» өткенін білдіретін басты месседжге айналды. Бұл әлемнің «қара алтын» өндіруде қоршаған ортаға орасан зор зардабын тигізетін қолжетімді өндіріс түрінен қазіргі заманға сай «жасыл» технологияға көшуге дайын екенін айқын аңғартады.

ЭКСПО-ның мамандандырылған форматтағы көрмесі алғаш рет Орталық Азияда, соның ішінде Астанада өткізілгенін білеміз. Елбасы ЭКСПО-2017 көрмесін тәуелсіз Қазақстанның ең елеулі жетістігі ретінде атап өтті. Көрменің негізі болған «Болашақтың энергиясы» тақырыбы Қазақстанның сыртқы және ішкі саясатының барлық прогрессивті векторларының синтезін аңғартады. Көрме Қазақстанның атом энергиясын бейбіт жағдайда пайдалану, жасыл экономика және басқа да бағыттар бойынша бастамаларының лайықты жалғасы болып табылады. Олардың арасында Қазақстан Президентінің «Жаһандық энергетикалық стратегия» бастамалары мен «Жасыл көпір» әріптестік бағдарламасы да бар. Бұл бағдарламаларды 2015 жылы БҰҰ-ның тұрақты даму конференциясы қолдап, «РИО+20» конференциясының қорытынды құжаттарының қатарына қосты. Одан бөлек, «Жасыл көпір» бағдарламасы тұрақты даму бойынша өңіраралық бастама болып табылатынына да назар аударған жөн.

ЭКСПО-2017 көрмесін тамашалаған 4 миллион адам ондағы павильондарды баламалы энергетиканы дамыту жөніндегі энциклопедия деп атады. Көрмеге 115 ел мен 22 халықаралық ұйымның қатысуын да зор жетістік деп санауға болады. Бұл ауқымды іс-шара барлық қазақстандықтарға қуаныш сыйлап, халықтың мақтанышына айналды. Бұл көрме архитектуралық инновациялар мен технологияларды пайдалану арқылы бірқатар ірі инфрақұрылымдық нысандардың құрылысына ықпалын тигізді. Олардың қатарында «Нұрлы жол» вокзалы мен әуежайдың жаңа терминалы да бар. Сондай-ақ Platio күн тротуары сияқты кейбір «жасыл инновацияларды» Астана өз инфрақұрылымына енгізіп, қазақстандық және ортаазиялық қалалар үшін ең үздік мысал ретінде көрсете білді. Елордамыздың барлық жетістіктері Мемлекет басшысының Астананың тарихи және заманауи артықшылықтарын, жалпы оның әлеуетін жүйелі әрі кешенді пайдалануының арқасында мүмкін болды.

Өркениеттер диалогының жаһандық орталығы ретінде танылған Астана феноменіне де тоқтала кеткен жөн. Мың құбылған қазіргі әлемдік геосаяси ахуал әп-сәтте дүниенің астаң-кестеңін шығаратын жойқын дауылға ұқсайтыны белгілі. Сондықтан Астана сындарлы диалогтың тұрақты және ұдайы жұмыс істеп тұратын үлгісін таныта отырып, жасампаз және бейтарап орталық болып қала бермек. Бұл еліміздің жаһан болашағына қатысты мәселеде кесімді пікір, ұтымды ұсыныс айтатын әлемдік деңгейдегі абыройға ие екенін айшықтай түседі. Сондықтан елордамызда бітімгершілік және коммуникациялық бастамаларды іске асыру ісін әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына қосылу жолындағы маңызды қадам деп қабылдауымызға болады.

Біз өзіміздің батыл әрекетіміз бен өткір пікірлеріміз арқылы халықаралық және геосаяси процестер барысында бүкіл әлемге өзіміздің көзқарасымызды айқын білдірдік. Елбасымыздың беделі Қазақстанның және оның астанасының жаһандық деңгейдегі имиджін одан әрі нығайту үшін негізгі ұстынға айналды. Мұның барлығы Астананың араағайындық, төзімділік, табандылық және жаңа заманның жарқын жетістіктерін еркін меңгерген инновациялық рухын қалыптастырып, атақ-абыройын асқақтата түсті. Енді бүкіл әлем бұл феноменді жаңа ғасырдың жауһары деп мойындап, соған қарап бой түзеп, оны «Астананың асқақ рухы» деп атайтынына кәміл сенеміз.

Басымызға қонған осы бақытымыз баянды болсын! Ата-бабалар арманын ақиқатқа айналдырған Елбасымыз елді өзі салған дамудың дара жолымен жарқын болашаққа бастай берсін!

 

Мәулен ӘШІМБАЕВ,

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.09.2018

Елбасы көрмесі – Атырауда

19.09.2018

Таразитану қарлығаштары

19.09.2018

Қазақстан мен Гамбия екіжақты ынтымақтастығы дамуға бағытталуда

19.09.2018

Қылқалам шеберінің дара жолы

19.09.2018

Президент көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы тағайындалды

19.09.2018

Сенат Төрағасы Бразилияның жаңа елшісіне тілектестігін білдірді

19.09.2018

Шыны зауытында 4 нысанның жұмысы жүріп жатыр

19.09.2018

Жанат Шаймерденов  «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары болып тағайындалды

19.09.2018

Алматыда «ANQ 2018» XVI Азия Сапа Конгресі өтуде

19.09.2018

Мәулен Әшімбаев арнайы сапармен Алматы қаласына барды

19.09.2018

Білім жарысында болашақ экономистер

19.09.2018

Петропавлда жылу беру маусымы басталды

19.09.2018

Астанада әлемдегі бастапқы денсаулық сақтауды дамыту декларациясы қабылданады

19.09.2018

«Барыс» Омбының «Авангард» клубынан 3:4 есебімен ұтылды

19.09.2018

Қостанайлық  спортшы қыз Азия мен Океания чемпионатынан қос алтын медаль әкелді

19.09.2018

Көп көрсеткішке көңіл толмайды

19.09.2018

Елбасы Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованы қабылдады

19.09.2018

Аралдағы жатақхана туралы ақпарат негізсіз

19.09.2018

Оралда Құрманғазы Сағырбайұлының мерейтойы аясында республикалық конференция өтті

19.09.2018

Өскеменде Қазыбек би даңғылы ашылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Tо́relik qyzmetke tо́r qashan beriledi?

Abaı atamyz: «Burynǵy qazaq jaıyn jaqsy bilgen adamdar: «bı ekeý bolsa, daý tórteý bolady» dep aıtypty», deıdi. Rasynda, bul sózdiń ómir tájirıbesinen alynǵanyna esh kúmán joq. О́ıtkeni bul arada hakim bıdiń sany emes, sapasy daýdy azaıtatynyna mán bergeni anyq. Al endi bul búgingi kúni de elimiz aýmaǵyndaǵy tórelik qyzmet prosesinde týyndaıtyn qoǵamdyq qatynastardy sheshýde eń basty eskerer jaıt bolyp tur. Sebebi azamattyq daýlardy qaraýda qara qyldy qaq jaratyn ádil sheshimge qol jetkizý áli de arman.

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

О́mir súrý salty

BUU aqparatyna saı, áıelder arasynda eń joǵary ortasha ómir súrý uzaqtyǵy boıynsha 86,8 jaspen Japonıa aldyńǵy qatarda tursa, er adamdar arasynda 81,3 jaspen Shveısarıa birinshi orynda. Al keıbir elderde ortasha ómir súrý uzaqtyǵy tipti 60 jasqa da jetpeıdi. «Nege?» degen suraqqa túrli faktorlardy keltire otyryp jaýap berýge bolady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу