Астана - аса ауқымды бірегей жоба - Жәнібек КӘРІБЖАНОВ

Бүгінде елордамыз­ адам таны­мас­тай өзгерді. Барлық жағы­нан өркен­деп, ірі халық­аралық фо­румдар өтетін орынға айналды. Астана арқылы байтақ елімізді әлемдік қоғамдастық таныды, беделді державалар мо­йын­дады. Елорданың да­муына үлес қосқандар аз емес. Солардың ал­­дың­ғы легінде тұрған жан­ның бірі – Жәнібек КӘРІБЖАНОВ.

Егемен Қазақстан
05.07.2018 1835
2 Суретті түсірген Ерлан ОМАР

Ол кісі кезінде Премьер-Ми­нистр­дің орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрі және Ақмола облысының әкімі болып қызмет істеді. Қандай лауазымда қызмет атқарса да ел сенімінен шыға білді. Әсіресе оның ұйымдастырушылық қа­рым-қабілеті ел астанасының Ал­ма­тыдан Ақмола қаласына қоныс аударуы кезінде жарқырай кө­рінді. Біздің Жәнібек Сәлім­ұлы­мен әңгімеміз сол жайында өрбіді.

– Аға, елордамыз – Астана қа­ласы бір күнде немесе бір айда қалыптаса қойған жоқ. Бәрінен де бастау қиын демекші, ұлы көшке ұласқан ұлы істің басы-қасында өзіңіз жүргеніңізден хабардармыз.

– Астананың Сарыарқаның төріне қоныс аударуы – ел тарихында бұрын-соңды болмаған ұлы көш. Алатау баурайынан аттанып, елорданың Сарыарқадан құтты орнын тапқанына жиырма жыл болды. Тарихи өлшеммен алғанда бұл қысқа мерзім. Осы жиырма жылдың ішінде тек Астанамыз ғана емес, бүкіл еліміз аса ірі оң өзгеріс­терге қол жеткізді. Көшіміз көлікті, егемен еліміздің тәжі – Астана барша қазақстандықтар үшін құтты қоныс болды деп нық сеніммен айта аламыз.

– Бір қаладан екінші қалаға астананы көшіру жеңіл болмаған шығар.

– Әрине көптеген қиындықтармен бетпе-бет келуге тура келді. Ол қандай қиындықтар дегенге келсек, сол кез еліміз аяғын тіктеп, алға ұмтылып жатқан шақ болатын. Нарықтық экономика мен реформаларға енді үйреніп, бір формациядан екінші формацияға өтуге әрекет жасап жатқан тұс еді. Оның үстіне Азияда экономикалық дағдарыстың басталған кезі болатын. Мұнай бағасы төмендеп, оның бір баррелі 17 долларға дейін құлдыраған-ды. Ал ұлттық валюта – теңгеміз құнын екі есеге жойған еді. Бюджетке түскен қаражатты қайда және қалай жұмсайтынымызды білмей, әрі-сәрі күйге түсуші едік.

Жасыратыны жоқ, бұрынғы Ақмо­ла қаласы ел астанасына мүлде сәйкес келмейтін. Өйткені бүгінгі елорда астана болғанға дейін еліміздегі облыс орталықтарының бірі болып келді. Бірақ Ақмоланың ұтымды жақтары да бар еді. Мысалы, қала өзінің гео­графиялық орналасуы жағынан Қазақстанның орталығы, тоғыз жол­дың торабында тұр. Бұл қаланы да­мытуға мол мүмкіндік береді. Сол тарихи шешім қабылдаған кезде сын айтушылар кездескені де рас. Осы тұста Альберт Энштейннің мына сөздерін келтірейін. Ол «Қолайлы мүмкіндіктер қиындықтар мен проблемалар арасында жасырылып жүреді» деп айтқан екен.

Ал сол жасырылып жүрген келешекке, болашаққа бағытталған батыл шешімді Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев қабылдады. Ашығын айтуы­мыз керек, Елбасының осы шешімін жалпы халық қолдады. Әлемге әйгілі К.Курокава айтқандай, қаланың өр­кен­деу архитектурасы философиясында Елбасының идеясы жатыр. Қа­зақстандықтар осындай ұлы көшке тү­сіністікпен қарады. Сондықтан да мен астананың Сарыарқаға қөшірілуін қазақ халқын, сондай-ақ бүкіл қазақ­стан­дықтарды біріктіруші фактор деп есептеймін.

– Қоныс аударудың дайындық жұмыстары қалай жүргізілді?

– Аса ауқымды іс-шаралар мен жұ­мыс­тардың барлығы қысқа мерзімде жү­зеге асырылды. Аз уақыттың ішін­де адам баласы таңқаларлық жұмыстар жүргізілді. Оның өзіндік сыры бар. Мемлекет басшысы әрбір құ­рылымға, әрбір басшыға нақты тапсырма берді. Мысалы, ел астанасын Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылданғаннан кейін Президенттің Жарлығымен арнайы мемлекеттік комиссия құрылды. Комиссияның мақсаты – астананың мекемелері мен ұйымдарының астанаға көшірілуіне дайындық жасау. Ал осының ішінде Ақмола облысы басшылығының алдына қойылған міндеттері тағы болды. Ол негізінен қаланы өмір сүруге қажетті жүйелермен қамтамасыз етуге байланысты.

– Жәнібек Сәлімұлы, кейбір бас­шы басқа өңірге қызмет ауыс­тырғанда, өзімен бірге командасын да алып барады...

– Президент Жарлығымен Ақмо­ла облысына әкім болып тағайын­далғанда өзіммен бірге бірде-бір қызметкерді немесе маманды алып келген жоқпын. Бұған дейін облыс­та қызмет істегендірдің барлығы өз міндеттерін атқара берді. Сол кезде қала, облыс деңгейінде қызмет ат­қарғандар әлі күнге дейін елімізге адал еңбек етіп, Қазақстанның дамуына үлес қосып жүр. Мысалы, бү­генде елімізге белгілі азаматтар Әділбек Жақсыбеков, Асқар Мамин, Қайсар Омаров, Сансызбай Есілов, Николай Тихонюк, тағы басқалар. Шаруашылық, аудан басқарып жүрген кейбір азаматтар облыс, республика деңгейіне қызметке ауысты. Бұл жергілікті кадрларды өсіруге, оларды жауапты жұмыстарға тартуға деген ізгі ниетті білдіреді. Олардың ішінен Парламент Мәжілісінің депутаты Жексенбай Дүйсебаевты атауға болады. Сондай-ақ Ақмола қаласының сол кездегі әкімі Аманжол Бөлекбаевты ерекше атар едім. Ол күні-түні жұмыс істеді, ерен еңбегімен көзге түсті.

– Елбасының Жарлығы бойын­ша құрылған мемлекеттік комиссияға тоқталып өтсеңіз?

– Бұл мәселеде мына жайды ажы­ратып алған жөн. Мемлекеттік комиссияға жүктелген міндет бір бөлек, сондай-ақ облыстық әкімдікке берілген тапсырма бір бөлек. Бірақ біз бірлескен жағдайда жұмыс істедік. Себебі қаланың жабдықталуы, қызмет көрсетудің сапалылығы бә­рімізге ортақ. Атап өтуге тиіспін, екі құрылым – мемлекеттік комиссия мен облыстық әкімдіктің өзара байланысын үйлестіретін Әділбек Жақсыбеков болды. Ол облыс әкімінің бірінші орынбасары еді.

– Ал облыстық әкімдік тарапынан қандай жұмыстар атқарылды?

– Сол уақыт үшін Ақмола қала­сының ең басты проблемасы жылу жүйе­сі болатын. Сараптап, талдап көрсек, 13 жыл бойы жылу электр орталығы (ЖЭО) жөндеуден өткі­зілмеген екен. Орталыққа көп күш пен қаржы жұмсауға тура келді. Өйт­кені астана Алматыдан Ақмолаға қоныс аударып жатса, көшіп келген ел-жұрт тоңып жатса болмайды ғой. Президенттің тапсырмасымен оны күрделі жөндеуден өткізу үшін тиісті қаражат бөлінді. Соның арқасында орталық қалыпты жұмыс істей бас­тады. Көшіп келгендер де, ақмола­лылықтар да қатал қыстан қысылмай шықты.

Одан кейінгі тағы бір өткір мәселе – электр энергиясының тапшылығы еді. Бұл бұрынан бар өзекті пробле­ма екен. Электр энергиясын еліміздің өзге өнірлерінен сатып алуға болатын. Бірақ электр энергиясы рес­пуб­ликаның көпшілік аймағына жетіспейтін. Себебі электр энергиясын өндіретін бірқатар ГЭС-тер қалыпты жұмыс істей алмады. Тіпті Екібастұз ГРЭС-і де тоқтап тұрды сол жылдары...

– Бұл қиындықтардан қалай шықтыңыздар?

– Есептеу мен есеп жүргізудің рөлі өте үлкен. Бұрын, Кеңестер одағының тұсында электр энергиясын оның ақшасын төледің бе, жоқ төлемедің бе, ала беретінсің. Біз ауыл-селоларда пайдаланған электр энергиясына есептеу жүргізуді жолға қойдық, ретке келтірдік. Қанша пайдалансаң, соның ақшасын төлейсің. Қалаларда да осы жүйе енгізілді. Осылайша қаланы электр энергиясымен қамтамасыз ету­­ге қол жеткіздік, проблема осылай шешілді.

Бұдан кейін Ақмоланы сумен жабдықтау мәселесі тұрды. Қала маңындағы Вячеслав су қоймасы ол кезде 350-400 мыңдай қала тұрғынын сумен жабдықтауға есептелген болатын. Жыл өткен сайын қала халқының саны артатыны белгілі. Қажетті суды қайдан алу керек? Оның баламалы үш нұсқасы қарастырылды. Біріншісі – Нұра өзенінен Есілдегі су арнасына су жіберіп, сол арқылы Нұраның суын пайдалану. Екіншісі – жерасты суын пайдалану. Өйткені мұнда судың аса мол қоры бар. Үшіншісі – Ертіс –Қарағанды каналынан су тарту. Осы үш нұсқаны жан-жақты қарастыра, салыстыра келіп, үшіншісіне тоқтадық. Сөйтіп Ертіс – Қарағанды каналынан құбыр тартып, Вячеслав су қоймасына жеткіздік. Бірінші нұсқа бойынша Нұра өзенінде зиянды қалдықтар көп болды. Ал екінші нұсқа қала үшін тиімді және арзан еді. Оның үстіне жерасты суы жер үстіне жақын-ды. Одан су алуға болмайды екен. Себебі ондағы судың стратегиялық маңызы бар, ол запаста тұруы керек.

– Қаланың стратегиялық маңы­зы ерекше нысандары қалай рет­тел­ді, инфрақұрылымы қалай жақсар­ды?

– Астана тәуелсіз Қазақстанның елордасы болған соң, оның әуежайына «Боинг» секілді ірі ұшақтар да ке­ліп қонуы тиіс, қабылдауы қажет. Әуежайды сондай талапқа келтіру үшін ол қайта жөндеуден өткізіліп, ұшып-қону жолақтары кеңейтілді. Бір мысал келтірейін, әуежайдың құ­рылыс жұмыстарын белгіленген уақытта бітіру мақсатында тәулігіне 3 мың тонна асфальтты бетон жеткізіліп тұрды. Құрылысшылар мен техниктер күні-түні жұмыс істеді. Ашығын айтайын, осы және басқа жұмыстар Президент ұшағы әуежайға келіп қо­на­тын уақыттан төрт сағат бұрын ғана ойдағыдай аяқталды. Осын­дай ауқымды жұмыстарды сапалы орындауға Шәміл Бекболатов, Ахмет­жан Есімов зор үлес қосты.

– Бір күнде отыздай көшенің атын қазақшалаған екенсіздер...

– Ақмола қаласында қазақша атау­мен аталатын көшелер өте сирек еді. Көшелердің атауын өзгерту аса үлкен идеологиялық мәселе екені рас. Елбасымен пікірлесе, ақылдаса келіп, бір күнде отыз көшенің атауын қазақшаладық. Ұзын да кең көшелер қазақ батырлары мен хандары Абылай ханның, Кенесарының, Бөгенбайдың есімдерін иеленді. Сонымен қатар Астанаға жақын орналасқан аудандар атаулары да қазақшаланды. Сөйтіп алты ауданның атауы өзінің тарихи атауларына ие болды. Бұл мәселеде тұрғындар арасында түсіністік жұмыс­тары да жүргізілгенін атап өткен жөн.

Тағы бір ауқымды жоба Президент­тің тікелей тапсырмасымен «Жасыл аймақ» қолға алынды. Қазір ол елордамызды қоршап, тал-теректер Астананы боран мен желден қорғап тұр. Жыл өткен сайын «Жасыл аймақта» жайқалып өскен ағаштар мен жеміс-жидектер қала қонақтары мен тұрғындарының демалыс орнына айналып барады. Сол жылдары Ақмола қаласы Ақмола облысының аумағына кіретін. Елордамыз арқылы облыстың бірқатар проблемалары да шешімін тапты, экономикасы дамып, халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы жақсарды.

Еліміздің астанасы Сарыарқаға қоныс тепкеннен кейін осында мүмкін­дігіне қарай ақын-жазушылар мен өнер қайраткерлері де көшіп келе бас­тады. Түрлі ұжымдар да қоныс аудар­ды. Мысалы, «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда» газеттері мен «Хабар» агенттігін атар едім. Осы бұқаралық ақпарат құралдарына жабыла мекенжай іздегеніміз әлі есімде. Сондай-ақ Астанаға алғашқылардың қатарында көшіп келгендерден бел­гілі ақын, мемлекет және қоғам қай­рат­кері Кәкімбек Салықовты, әлем­ге танымал скрипкашы Айман Мұса­қожаеваны, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Кенжеғали Мыржықбайды атар едім.

Астана бүкіл еліміздің жан-жақты дамуына жол ашты, жаңаша серпін берді. Құйылған, тартылған инвес­тиция көлемі еселеп артты. Бүгінде елордаға қарап, елордадан үлгі алып, облыстар орталықтары да өсіп-өркендеп жатыр. Облыс орталықтары керемет өзгерді. Мақтанғаным емес, біздің қалаларымыздың даму қарқыны кез келген мемлекеттің қалаларынан да асып түседі. Астана – егемен елі­міздің алтын тәжі десем, қателесе қой­маспын. Ал оның түпкі бастауын­да Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев тұр.

– Салиқалы әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.09.2018

Атырауда «Тау тұлғалы Таумыш» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті

24.09.2018

Ақмола облысында мемлекеттік қызмет мектебін ашылды

24.09.2018

Алматыда III Baikonyr Short Film Festivalдің жабылу салтанаты өтті

24.09.2018

Ақтөбелік полицейлер Агенттіктің «Пара алма!» үндеуіне құлақ асуда

24.09.2018

Ұлы Дала Еліне саяхат — «Жаңа Жібек жолы» бағыты бойынша экспедиция Таразға келіп жетті

24.09.2018

Қыздар Университетінің студенттері республикалық турнирдің жеңімпазы атанды

24.09.2018

Талдықорған қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

24.09.2018

25 қыркүйекте Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді

24.09.2018

Ақтауға үлкен футбол оралды

24.09.2018

Үш дзюдошымыз да алғашқы айналымда ұтылды

24.09.2018

Оралда бокстан халықаралық турнирдің жеңімпаздары анықталды

24.09.2018

Қазақстанда ұшақ билеттері арзандауы мүмкін

24.09.2018

Қазақстанда 14 миллион тоннаға жуық астық жиналды

24.09.2018

«Түн құдайы» фильмі Парижде өткен ретроспектива барысында көрсетілді

24.09.2018

Универсиада алауы Алматы арқылы өтті

24.09.2018

Бүгін Бакуде үш дзюдошымыз белдесуде

24.09.2018

Бизнес салымдар үшін қай қаржы ұйымы тиімді?

24.09.2018

Юлия Путинцева WTA жаңартылған рейтингінде 46-орынға көтерілді

24.09.2018

БҰҰ Бас Ассамблеясының 73-ші сессиясы өз жұмысын бастады

24.09.2018

Виктория көліндегі апатта қаза тапқандар саны 225 адамға жетті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Асан Мирас,

Ulaǵat pen muraǵat

Qaıǵyly ólimi qalyń jurttyń qabyrǵasyn qaıystyryp, qyrshyn ǵumyry qıylǵan óner, mádenıet, sport sańlaqtary qaı ultta bolsyn az emes. Ondaı has talanttardy halyq eshqashan umytpaıdy. Talanttardyń fánıdegi taǵdyry kelte bolǵanymen, halyqtyń júregi men jadyndaǵy ǵumyryn myńjyldyqtarmen ólsheýge bolady. Aıtalyq, áıgili grek ańyzyndaǵy aıbyndy batyrlar Ahılles pen Gektordyń esimderi dáýirlerden dáýirlerge kóshe júrip, ult sanasynda jarqyrap ǵumyr keshýde. Ańyzdyń epıloginde aıtylǵandaı, keıingi urpaq tıtandardy máńgi eske tutatyn bolady. Tipti, grektiń búkil tarıhy áli kúnge deıin ataqty Gektor men Ahıll shaıqasyna baılanysty óriledi. Biz muny nege aıtyp otyrmyz? Qaı ult bolmasyn, esimi elge eleýli tulǵalaryn este qaldyrýdyń esti joldaryn ustanady. Qazaq tarıhyn aqtarsaq ta, ádebıet betterin paraqtasaq ta túrli klassıkalyq joqtaý úlgilerine jolyǵatynymyz sózsiz. Joǵarydaǵy dańqty grek batyry Ahıllestiń de atyn aqıqatqa bergisiz asqaqtatqan áıgili Gomer abyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу