Футбол • 05 Шілде, 2018

Иньеста құрамамен қоштасты

388 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Испания құрамасының жартылай қорғаушысы Андрес Иньеста әлем чемпионатының 1/8 финалында Ресей құрамасынан жеңілген соң құрамадан кететінін мәлімдеді.

Иньеста құрамамен қоштасты

«Ресейге қарсы өткізген ойыным Испания құрамасы сапындағы соңғы матч болды. Осылайша ұлттық құрамадағы «бақытты сәтімді» де аяқтауға тура келді. Құрамамен қоштасу мен қалаған­дай болған жоқ. Арманым – Испаниямен тағы бір рет әлем чемпионы атану болатын. Бірақ футболда күтпеген жағдайлар жиі кездесіп тұрады», деді Иньеста.

34 жастағы Иньеста Испания құрамасы сапында 2006 жылдан бері доп теуіп келеді. Ол 12 жылдың ішінде 133 ойынға қатысып, 13 рет гол соққан. Андрес Испаниямен екі рет Еуропа чемпионатында (2008, 2012) және бір рет әлем чемпионатында (2010) жеңімпаз атанған.

Дайындаған Әли БИТӨРЕ,

«Егемен Қазақстан»