Қазақстан • 06 Шілде, 2018

Астана шежіресі: 2016 жыл

476 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының тәуел­сіздік алғанына 25 жыл толды. Ел­ба­сы Н.Назарбаев халыққа Жол­­да­уында тәуелсіз мемлекет атан­ғаны­мыз­дың 25 жылдығы туралы айта келіп: «Мемлекеттігіміздің тұғы­рын мыз­ғымастай нығайта түсу үшін бізге әлі талай өткелі күрделі, өкпегі көп бұ­ралаң жолдардан өтуге тура келеді» де­ді. Яғни Қазақстан ширек ғасыр­ға жуық уақыт ішінде қаржы дағда­рыс­тарының қиындықтарына қарсы тұ­ра білді, тұрақты даму жолына түсіп, биік белестерді бағындырды, толағай жетіс­тіктерге қол жеткізді, әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енді. 

Астана шежіресі: 2016 жыл

Суретті түсірген Ерлан ОМАР, «Егемен Қазақстан»

12 ақпан – Астанадағы Медициналық әлеуметтік оңалту орталығы жаңа ғимаратқа көшті. 

8 наурыз – әлемге әйгілі «McDonald’s» мейрамхана желісі Астана қаласында да ашылды. 

5 сәуір – Астана әкімі Ә.Жақсыбеков Сочи қаласының мэрі Анатолий Пахомовпен кездесті. Қос шаһар өзара ынтымақтастық орнату туралы келісімге келді.

11 сәуір – Челябі облысының Астанадағы күндері басталды. 

25 сәуір – елорда әкімі қала полициясына қызметі үшін елімізде құрастырылған «Peugeot 301» маркалы 35 автокөліктің кілтін тапсырды.

27 сәуір – Елбасы Н.Назарбаевтың төрағалығымен Астана қаласының эконо­мика­лық дамуы және ЭКСПО көрмесін өткізуге арналған кеңес өтіп, Елбасы осы салаға қатысты құрылым басшыларына тапсырмалар берді.

19 мамыр – Астанада бокстан әйел­дер арасында әлем чемпионаты өтті. Қазақ­стандық қыздар байрақты бәсекеден 4 алтын, 2 қола медаль олжалап, командалық есепте бірінші орынды иеленді.

17 маусым – қала әкімі Ә.Жақсыбеков мектеп бітірген 132 түлекке «Алтын белгі» төсбелгісін тапсырды. 

1 шілде – Астанада санитарлық-гигие­налық және тұрмысқа қажетті қағаз өнімдерін өндіретін зауыт іске қосылды. 

4 шілде – Астананың миллионыншы тұрғыны дүние есігін ашты. Ақжолтай хабарды естіген Елбасы нәрестенің ата-анасын құттықтады. Қала басшысы Ә.Исекешев ерлі-зайыптыларға Елбасы атынан пәтер кілтін тапсырды. 

6 шілде  –  қала күніне арналған «Бағаналы ордам – басты ордам» атты республикалық айтыс өтіп, бас жүлде Еркебұлан Қайназарға бұйырды. 
6 шілде  –  елордада ерекше спорт нысаны – Астана-Триатлон паркі ашылды. 

12 шілде – қала тұрғындары Мәскеу-Астана-Бейжің бағытында «Жібек жолы – 2016» ралли-марафонына қатысушыларды «Бәй­терек» монументі түбінде қошаметпен қарсы алды. 

24 тамыз  – Астана әкімі Рио-де-Жанейро Олимпиадасында медаль алған елордалық спортшылар Данияр Елеусінов, Василий Левит, Гюзель Манюроваға темір тұлпардың кілтін тапсырды.

31 тамыз –Астана қаласында Орталық Азия бойынша баламасы жоқ оқу ордасы – Қазақ ұлттық хореография академиясы ашылды. 
15 қыркүйек – Астана әуежайында елорда арқылы жүк тасымалдау инфрақұ­рылымын дамыту мақсатында жүктер мен тауарларды кедендік рәсімдеуге арналған кеден бекетінің жаңа ғимараты пайдалануға берілді.

19 қыркүйек – Мәскеуде Астана күндері басталды. Екі күндік салтанатты шараға еліміздің абыройын асырып жүрген өнер саңлақтары қатысты.
8 қазан – Астана қаласының «Жасыл белдеу» аумағының оңтүстік-батыс бөлігінде ұзындығы 23 шақырымдық веложол ашылды. 

14 қазан – Президент Н.Назарбаев қала әкімі Әсет Исекешевті қабылдап, елорданың тоғыз айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын, Тәуелсіздіктің 25 жыл­дығын мерекелеуге және ЭКСПО-2017 көр­месін өткізуге дайындық барысы жайлы сөй­лесті. 
19 қазан – елорда төрінде Халық Қаһар­маны Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткіші ашылды.

21 қазан – бас қалада «ForteBank Kulanshi Artspace» өнер галереясы ашылды. 

31 қазан – ЭКСПО-2017 көрмесіне қаты­сатын мемлекеттердің алғашқы бестігі – Венгрия, Германия, Қытай, Түркия, Франция павильондарына сертификат тапсырылды.

6 желтоқсан – Астанада Н.Назарбаевтың қатысуымен жалпыұлттық телекөпір өтіп, шара үстінде Елбасы елордадағы құрылыс материалдарын шығаратын зауытты іске қосты.

12 желтоқсан – Астана әкімі Әсет Исе­кешев елордадағы Орталық жедел меди­ци­­на­лық стансасының жаңа ғимаратын салтанатты жағдайда ашты. 

16 желтоқсан – Мемлекет басшысы Н.Назарбаев ЭКСПО-2017 көрмесi аумағын­да орнатылған «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы» монументін ашты. Нысанның 25 қыры ел тәуелсіздігінің 25 жылдық датасына орайластырылған екен. 

Дайындаған

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»