Әлем • 17 Шілде, 2018

Қонақүйде жиі ұмытылатын 20 кітап

532 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Британдық «Travelodge» қонақүйлер желісі жыл сайын қонақ бөлмелерде ұмыт қалатын заттардың тізімі жасайды. 

Қонақүйде жиі ұмытылатын 20 кітап

Бірде, тіпті ұмыт қалған бұйымдар арасындағы біртүрлі, адам ойына кірмейтін, заттардың да тізімін жариялаған. Оның ішінде үй жануарларымен қоса, ваннада табылған акула да болған. 10 мың долларлық алынбалы-салынбалы алтын тістер, антиквариат-әткеншек, 75 мың долларлық Rolex сағаты, қоқыс жәшігіне тасталған алтын ақшалар бар. Бірде тойға асыққан ерлі-зайыптылар бір-біріне сеніп бір жарым жасар сәбилерін де ұмытып кеткен жағдай болыпты. Құдай сақтағанда, олар қонақүйге тез арада оралып, балаларымен амандықта қауышқан. 

Жарияланған тізімнің ішінде «ұмытыл­ғыш» кітаптар да бар. Ол кітаптар не үшін ұмытыла беретінін де дөп басып айту қиын. Сөмкелеріне сыймай қалды ма, әлде кездей­соқ ұмытылды ма, бір Құдай білсін. Мүмкін басқа адамдар да оқысын деген ой болған шығар... Көбіне көркем әдебиет (махаббат хикаясы, балалар әдебиеті). 

Былтырғы ұмыт болған 20 кітаптың тізімі төмендегідей:

1. Эрик Леонард Джеймс «Бостандықтың елу реңі»
2. Сильвия Дей «Сен үшін...»
3. Дженнифер Пробст «Неке келісімі»
4. Гиллиан Флинн «Жоғалған ару»
5. Дж.К. Роулинг «Кездейсоқ вакансия»
6. Э.Л. Джеймс «Сұр түстің елу реңі»
7. Сильвия Дей «Өзіңмін»
8. Брэдли Уиггинс «Менің уақытым»
9. Сильвия Дей «Өзіңмен бірге»
10. Э.Л. Джеймс «Елу есе қараңғы»
11. Шерил Коул «Менің тарихым»
12. Дженнифер Пробст «Неке қақпаны»
13. Дэвид Уоллиамс «Кэмп Дэвид»
14. Дженнифер Уорф «Акушерді ша­қыру. 1950 жылдарда Ист-Эндтың бастан кешкендері»
15. С.Дж. Уотсон «Мен ұйықтағанша»
16. Дженнифер Пробст «Неке қателігі»
17. Джон Гришэм «Рэкетир»
18. Софи Ханна «Тасымалдаушы»
19. Дон Френч «Қымбатты Сильвия»
20. Френсис Скотт Фицджеральд «Ұлы Гэтсби»

Бағашар ТҰРСЫНБАЙҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»