Әділ Ботпанов. Ақтарылу

Қазақ пэзиясында жарқ етіп, содан ұшты-күйлі жоғалып кеткен Әділ Ботпановтың тағдыры – біз болжап біле алмайтын жұмбақ. Енді қалай талпынсақ та, оның шешуін тек бізге айнымас мұра болып қалған өлеңдерінен табамыз. Ақын досына, туысына айта алмаған сырын өлеңнен жасырмапты. Мына өмірге шексіз ғашық һәм жалғыздығы да сондай шексіздікке ұласқан Әділдің сүйгені де, сағынғаны да мұң екен. Бізге де сол мұңын қалдырыпты. Ақынның сыр бүкпей ақтарған жан сөзін үнсіз ғана ұғып оқу – парызымыз сияқты.

Егемен Қазақстан
23.07.2018 2327
2

Мен өлең жаза білмеймін.  Бірақ анда-санда белгісіз бір күштің жүйкеме тат басқан темір инені сұғып-сұғып алатыны өтірік емес. Сондайда, сана түкпірінде сандырақ пайда болады. Сан-ды-рақ... Мен оны «Тәңіріммен тілдесуім» деп атаймын. Ренжи көрмеңіз. Олай дейтінім, түптеп келгенде, менің Тәңірімнің Сіздің, Оның, Олардың Тәңірінен мүлдем бөлек болуы мүмкін ғой...

Менің кеудем — менің ұлы мешітім,

Мешітіме мұң бере көр, Құдайым.

Құзырыңды қабырғаммен есітіп,

Мұң артынан нұр көргенше жылайын.

 

Нұр көрейін, жыр жазайын,

мешеу күз,

Көкіректен көкке шапшып шығардай.

Тақ пен тәжге таласардай екеуміз,

Кімді кімнің жаратқанын ұға алмай.

 

Менің рухым — менің жетім тайлағым,

Өскен сенің тылсымыңа құмар боп.

Тайлағымды топтан ерек байладым,

Жетімдігі шын бақыты шығар деп.

 

Рухым — дертім. Құпиямды ашам бар,

(Болмас, сірә, мұнан асқан шынайы үн)

Табысыңдар, жұлдыздан жыр жасаңдар,

Сен де жалғыз, ол да жалғыз, Құдайым.

 

Менің миым — мәңгі өлеңнің моласы,

Түнегінен таң шапағын таратқан.

Мүрде болған мәңгі өлеңді жолы асыл,

Сен болмасаң кім тірілтер, жаратқан?..

 

...Көгіңнен түс, кел,

                   кел маған, Құдайым,

Сені көріп, өзімді аяп жылайын...

 

***

Мен махаббатты сүйем. Әрине, бұл бір кезде өзім ойлағандай тар аядағы түсінік емес. Әйтеуір, әрлі-берлі сілкінісіп, итжығысқа түсіп жатқан тірліктен қашып осы тақырыпты паналағым келе береді. Ал махаббат дегеніміз — аптап, алқыну...

 

Жа-

(Кел маған, кел маған,

Жандағы Ізгі үміт.

Қандағы Ізгілік)

-ным!

Өртеніп барамын, дерт еміп, қарағым,

Өзіңсіз тірліктен жиіркеніп барамын.

Жа-

(Әлемнің әріндей,

Өлеңнің нәріндей

Жанарың, жанарың)

-ным!

Есіктен енгенде, кейіппен шерменде,

Өзіңе, маралым, үздігіп қарадым.

Жа-

(Кел маған, кел маған,

тәнімнің құмары,

Тәңірдің тұмары)

-ным!

Аяла, аяма, сүй мені, сүй мені,

Ерніңнің тигені — жүректің күйгені,

Жа-

(Біреумен бас қосам,

біреумен достасам,

Біреумен қоштасам)

-ным!

Қанша түн төнсе де, қанша күн сөнсе де,

Мен сені өзгеге, бермеймін ешқашан,

ешқашан,

ешқашан..

Жа-

(...)

-ным!

***

Сосын күзді жақсы көремін. Ағаштың ұшар басынан жерге қалықтап келіп аяқ астына түсіп жатқан жапырақтар Тәңірінің бізге жіберетін тәубе-намасы секілді.

 

Ұнатам күзді

Жапырақтарды уақыттың алып ұшқаны,

Түскені жерге, сандалып сабылысқаны,

Қор болып қалды-ау сап-сары сағыныштары

Жұбатам күзді.

 

Бақта да сәнді,

Қыдырып аулақ ақылгөй, ақымақтардан

Бақыттырақпын деймін мен жапырақтардан

Әлі ешкім мендік көңілді қақырап қалған.

Таптамаған-ды

 

Дегенмен-дағы

Өмірдің соңы сап-сары бақ боларына

Тағдырдың ыстық отына апталарыма,

Жапырақ құсап бір күні тапталарына

Сенем мен тағы...

 

Жаңбырлап қал, күз,

Ортақтасқан-ды бақтардың сорына Ғалам,

Дірдектеп мен де көшкіннің жолына барам.

Жапырақтарды бүріскен қолыма алам:

— Тағдырластармыз...

Сосын, күзде санама сағыныш ұялайды. Кімді сағынамын, нені сағынамын, білмеймін. Әйтеуір бір сап-сары дүние...

 

Әнімнің үздігі де ең,

Жанымның Ізгілігі ең.

Ізгі әнімнің кеудеден көшкеніне

Мен кінәлі қыламын күзді кілең.

 

Күз деген күрең тай ғой, қос құлағы

Қайшыланып, қайғыны дос қылады.

Ал менің түн жайлаған көңілімде

Нұр күтіп, сенің орның бос тұрады.

 

Сен келмейсің, күлкіңе табынған маң,

Тартқанда бейнең толы сағымды алдан.

Атыңды айтып сенің айқайлаймын.

Шықпайды ащы даусым сағынғаннан.

 

Қараша айы ақ ұлпа қылаулатып,

Қалғанда жүрегіме қырау қатып,

Қарлығып тағдырымды қорғай берем,

Қуат таппай бойымнан жылауға түк.

 

Сен жоқсың. Кеудеден ән, бастан шуақ,

Жоғалды. Мен талпынбай басқа ән құрап.

 

***

Ештеңем де жоқ бітірген,

Бүгін — құл, ертең — моламын.

Сырылдап кеудем түтіннен,

Түнек серпімек боламын.

 

Ал түнім — тылсым тәңірім,

Билеп ап сана ойды да,

Жүргізіп жанға әмірін,

Қайғыны салар қойныма.

 

Жатқанда бұлттар алқара,

Аңқаулау туған айды жеп.

Бұрымын тастап арқаға

Еркелер маған қайғы кеп...

 

Қосылып, міне, құстық мұң

Біздерді қосқан қай құдай?..

Ыстықсың, қандай ыстықсың

Қап-қара қайғым, қайғым-ай...

..................................................

Бүгін — құл, ертең — моламын.

 

***

Бұндай сәттерде көз алдыма аппақ алаң, аппақ алаңдағы қып-қызыл қан көрінетіні бар. Яғни, желтоқсан... 

Кішкене шыбық кенет оянып кетті. Айналасы аппақ әлем. Тура ертегі дерсің. Бұндай кереметтің болатынын ол үлкен теректерден естіген. Сол аппақ дүниеге бой тіктеп қарағысы да келді. Сілкініп қалып еді, еңсесін басқан сіреу мұз сау етіп, аяқ  астына түсті. Рахат! Тіктеле бергені сол еді. «Тәйт! — деді нән терек, — бұл аппақ әлемге саған көз салып қарауға болмайды. Ол — анау шыршекеңдердің үлесі. Қысы-жазы бірдей жайнап, жалғанды жалпағынан басу соларға ғана лайық». Шыбық мұны түсінбеді. «Неге тек олар кереметті көру керек. Мен де көремін». Сөйтті де «Аха-ха-хау-у!» — деп, айқай салды. Шіліңгір неменің шіңкілдегенін жаратпаған топ шырша теректерге қарады. «Әй, анау күшіктің аузын жабыңдар!». Әншейінде дөйсінгенді ұнататын бәйтерек бастаған топ шыбықты сыбап-сыбап қарға көміп тынды.

Көктем келді. Дүние жайнады. Шуылдаған теректер шыбықтың басынан сипап жатыр. «Тұр, тұра ғой. Жайна, өс, өркенде! Сенің күнің туды, сенің күнің...». Ал шыбық болса бұйығы. Ол теректерге сенбей қалған...

***

Сосын суретші болғым келеді. Сурет салғыштығымнан емес, айқыш та ұйқыш сызықтар арасында адасып жүріп өзімді мүлдем басқа дүниеден, мүлдем басқа кейіпте тауып алуға құмарлығымнан.

 

Тағдырым менің жолыма көлденең жатты,

Көзін алмады көкіректегі нұрдан түн.

Санамды сатып қиялға «сен» деген тәтті,

Пенделігімнің түсінен шашылып барып ұрландым.

 

Кінәламайды мені ешкім,

Түстім, міне, тағымнан.

Мен — мұнартып туған елеспін

Мағынасыздыққа бағынған.      

 

Сен сағымды сындырған — салтанат

Құл еткен менмендігімді.

Итшілеп барам арқалап

Иесіздігімнен қорынып сөнген күнімді.

 

Кел, кел жалғыздығымның жанарынан жыр оқы,

Тұнық түнінде тыныштығыңды тонар сан.

Айтпайтын саған сыр — осы.

Түннің көзіндегі тереңдігіңнен оралсаң,

Мен жоқ болам ол кезде...

***

Өнер атаулының түпкі бастауы махаббат болған соң ба, осы тақырыпқа қайта ораламын. Бірақ бұл сүюдің емес, сүймеудің әлегі секілді.

 

Жапырақ-ау, жапырақ, көшіп келген жат бақтан,

Мен сен үшін бас тартпаймын тақ, бақтан.

Қажет етсем «кереметті» дәл сендей,

Жасап алам батпақтан.

 

Сен ренжіме, мәңгі өлеңнің өрнегі,

Буырқанған алапат күш мендегі.

Тегі бөлек Тәңірекең болмаса,

Менсінбейді пендені.

 

Сыңар күлкі, сыңар бақыт, сыңар мұң,

Мен әу бастан жалғыздыққа құмармын.

Түптің-түбі тірі, өліден безініп,

Жалғыз мола жерленетін шығармын.

 

Ми қатпарын мың бір пері билейтін,

Мұны-дағы қай бір мықты күй дейсің.

Құдайсынып бес күн тірлік кешкен соң,

Боққа батқан құмырсқадай күйрейтін.

 

Бұл — сандырақ. Көңілімнің пырағы,

Шаршағанда сыңси салған бір әні.

Ал шынында қара қуыс кеудеме,

Бір жапырақ жетпейді де тұрады.

Жапырақ-ау, жапырақ...

 

***

Міне, әзірге бар айтпағым — осы. Яғни, түс аяқталды. Кешір, жылама, жаным...

6.ХІІ.1996 жыл.

«Ақмешіт» апталығы».

 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.02.2019

Арыстанбек Мұхамедиұлы Димаш пен Данелияға сәттілік тіледі

17.02.2019

Ауған ардагерлері оқушылармен кездесті

17.02.2019

Өскеменде 37 көшеге жаңа атау берілді

17.02.2019

Геннадий Головкиннің ықтимал қарсыластары белгілі болды

17.02.2019

Талдықорғанда «Тайлақтың тақиясы» фильмінің тұсаукесері өтті

17.02.2019

Биатлоннан әлем кубогі: Роман Еремин із кесушілер сынында 48-ші орын алды

17.02.2019

Ғылыми жобалардың үздіктері анықталды

17.02.2019

Қыздар бесік жырын айтудан жарысқа түсті

17.02.2019

Үндістанда орын алған террористік әрекетке байланысты СІМ мәлімдеме жасады

17.02.2019

​Иранда орын алған террористік әрекеттерге байланысты СІМ мәлімдеме жасады

17.02.2019

Көркем гимнастикадан төрт дүркін әлем чемпионы Гран-приде Димаштың әніне биледі

17.02.2019

Қазақстандық футболшы голландиялық клубқа 6:0 есебімен жеңіске жетуге көмектесті

17.02.2019

Болгариядағы "Странджа" турнирінде алты боксшымыз ширек финалға өтті

17.02.2019

Қазақстанның көрікті жерлері туралы бағдарлама халықаралық сыйлыққа ие болды

17.02.2019

Димаш пен Данэлияның The World's Best шоуындағы қарсыластары анықталды 

17.02.2019

Көркем гимнастикадан Мәскеудегі Гран-при: Әділханова 19-шы орында

17.02.2019

Қарағанды облыстық соты республикалық байқауда жүлдегер атанды

17.02.2019

Қанат ТІЛЕУХАН. Қайтқан қыз (Әңгіме)

17.02.2019

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында ауқымды шара өтті

17.02.2019

Берни Сандерс АҚШ президенті лауазымы үшін қайта күресуге шешім қабылдады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Keleli istiń paidasy

Búginde ár kólikke tirkelip beriletin memlekettik nómirlerdiń deni jappaı satylymǵa shyǵaryldy. Olar birkelki sandar men úılesimdi áripter tizbeginen quralǵandyqtan birden kóz tartady. Ony halyq arasynda «ádemi nómirler» deıdi. Atalǵan nómirlerdi alýǵa júrgizýshiler de yntyq. Ásirese qymbat kólik ıeleri úshin sándi nómirdi taǵý, ózine bir artyqshylyqty beretindeı kóredi. Endeshe bul nómirlerdi satylymǵa shyǵarǵannan kim utyp jatyr dep oılaımyz?

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Qumar oıynnyń quryǵy uzyn

«Aıdalada altyn bar» dese, soǵan birinshi qandastarymyz baratyn shyǵar dep oılaıtyn halge jettik. Bulaı deýimizge qoǵamda qordalanyp qalǵan, ordalanyp alǵan máseleler mysal bola alady. Sonyń biri – báske aqsha tigý, ıaǵnı býkmekerlik keńselerdiń keleńsiz kásibi bolyp tur. Jalpy, ózi jarymaı otyrǵan jannyń «úıde otyryp ońaı aqsha tabý jolyn úıretemin» degenine erip kete beretin ańqaý bolatynyna ekenine búginde kózimiz ábden jetti. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу