Медицина • 23 Шілде, 2018

«Астаналық» саябақта балаларға арналған спорт алаңы пайда болды

780 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мұндай сыйлықты Астананың 20 жылдығына орай ҚР Тұңғыш Президентінің Қоры жасады. Бұдан басқа, саябақтағы негізгі арка, екі субұрқақ зонасы, саябақтың кіреберістері қалпына келтірілді.

«Астаналық» саябақта балаларға арналған спорт алаңы пайда болды

Енді сібір шыршасы, таулы қарағай, казак аршасы, дала бадамы және күміс жалпақ қала саябағын безендіреді. Сонымен қатар саябақта түрлі-түсті гүлдер отырғызылды. Қалпына келтірілген аула орындықтарының жанына жаңа қоқыс жәшіктері орнатылды. Өйткені саябақ әдемі ғана емес, сонымен қатар таза болуы керек.

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының атқарушы директорының орынбасары Сұлтан Айтжановтың айтуынша, елордамыз күн сайын өзгеруде. Астана тұрғындары мен қонақтарына арналған жаңа демалыс орындары ашылуда. Тұңғыш Президенті Қоры елордамыздың көгалдандырылуына өз үлесін қосуда. Бүгін Қордың бастамасы бойынша Жәнібек пен Керей Хандар көшелері мен Әлихан Бөкейхан көшелерінің қиылысында орналасқан саябақ қалпынана келтірілді. Саябақтың қасында Назарбаев орталығы орналасқан.

Бұл ғимаратта әрдайым жастарға арналған мәдени іс-шаралар өткізілуде. Ал саябақтың қасында тұратын астаналықтар енді жаңа саябаққа келіп серуендей алады. Сонымен қатар балалар үшін жаңа спорт алаңы ашылды.