Қазақстан • 23 Шілде, 2018

Атырау қаласына кіре берістерге 4 стационарлық полиция бекеті салынады

521 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жаңа шара полицейлерге штаттан тыс жағдайлардың туындауына мейілінше жедел әрекет етуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау қаласына кіре берістерге 4 стационарлық полиция бекеті салынады

Жаңа объектілердің ЖСҚ ағымдағы жылы наурызда мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алып, стационарлық полиция бекеттерінің құрылысы  басталды.

– Атырау қаласына кіре берістерде барлығы 4 бекет салынады. Олар Астрахань, Орал, Құлсары және Индер жақтарынан кіретін жолдарда болмақ. Бұл полицейлерге қандай да бір штаттан тыс жағдайлар туындаған кезде мейілінше жедел әрекет етуге, сондай-ақ қалаға кіретін және шығатын барлық автокөліктер туралы деректерді білуге мүмкіндік береді, - деді Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінде.

Спикердің айтуынша, қылмыстардың негізгі бөлігі көбіне демалыс күндері Атырауға жеңіл табыс табуға басқа облыстардан келетін «гастролерлермен» жасалады. Сондай-ақ автомобиль ағынын мүлтіксіз бақылау үшін балық аулау маусымы кезінде бекеттердің рөлі ерекше маңызды, бұл браконерлікпен күреске айтапрлықтай үлес қосатынын атап көрсетті департамент өкілі.

Бекеттер барлық автокөліктерді есепке алуды автоматты режимде жүргізетін деректер базасы бар бейнекамералармен жабдықталатын болады. Атырау облысы Құрылыс басқармасының  ақпараты бойынша объектілер құрылысын ағымдағы жылғы қыркүйекте аяқтау жоспарлануда. Жаңа бекеттер Атырау-Орал, Атырау-Индер, Атырау-Ақтау және Котяевка-Рубеж автожолдарында орнатылады.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін 2016 жылы өңір басшысы Нұрлан Ноғаев Индер ауданына жұмыс сапары кезінде қаладан шығатын жерлерде полиция бекеттерінің құрылысын салу тұжырымдамасын әзірлеуге тапсырма берген болатын. Облыс әкімі мұндай шараның көлік ағынын бақылауды күшейтуге мүмкіндік беретінін, жүргізушілерді тәртіпке салатынын және жол қозғалысының қауіпсіздігіне қолайлы әсерін тигізетінін баса айтты.