Медицина мен мейірім

Абай хакімнің даналығына жіті үңілсек, әлемді ең әуелі махаббат пен мейірім құт­қаратынын аңғарар едік. «Әлемді сұ­лу­лық құтқарады» дейді Достоевский. Осы сұлулықтың негізі де махаббат пен мей­ірімде жатыр. Мейірбандық болмаса жан сұлулығы жайында айтып та қа­жет емес. Сөйтіп әлемді мейірім құт­қа­рады десек, бұл арадағы әлеміміз – ада­мзат. Ал адамзатты түрлі бәле-ба­тыр­­­лардан, кесір-кесапаттан, әсіресе ау­ру-сырқаудан Алладан кейінгі басты қор­ғау­шы құтқарушылардың бірегейі медицина екені аян.

Егемен Қазақстан
24.07.2018 68
3

Иә, медицина. Әбуғали ибн Синаның медеті. Авиценнаның шарапаты. Осынау медицина ықылым замандардан бері мейірімге, ізгілікке, жанашырлыққа негізделген. Адамға деген алғаусыз қамқоршылдық, риясыз жана­шыр­лық болмаған жерде Гиппократ антымен асқақтатылған, шын мәнісіндегі толыққанды, мерейлі медицина да болады деп айта алмас едік. Сонымен біздің де, жалпы жұрттың да пайымында медицина мен мейірім егіз ұғым саналса, мұның өзі өмірдің өзінен туындап жатқан шынайы ақиқат екені де ешбір шүбәсіз. «Медсестраны» мейірбике деп кеткеніміз де содан-ау.

Сонау бала кезімізден дәрігер бейнесі қиялымызда, көз алдымызда ақ желеңді абзал жан, адам жанының арашашысы болып елестейтін. Қазір де солай. Өз маман­ды­ғы­на ынты-шынтымен берілген, антына адал­дық­пен алғыс арқалаған, халыққа қызмет етіп жүрген, өзіміз танитын немесе сырттай есі­міне қанық тамаша дәрігерлерді ондап, жүздеп келтіруге болады. Жылма-жыл туып жатқан дәрігерлер туралы әндерде осынау жандардан таралатын шуақ, жақсылық шарапаты, өмір нұры асқақтата айтылады, шалқыта шырқалады.

Жалпы, медицина менің тақырыбым емес. Бірақ соңғы жылдары біздің қадірменді медицинамызда ежелден бар мейірімінің жүзіне мұң ұялағанын аңғармай, айтпай тұра ал­мадық. Айтты-айтпады, қазірде меди­ци­на­мыздың қабағы қатқыл. Жүзінен әлдебір кірбің байқалады. Науқастарды бұрынғыдай ашық-жарқын қарсы ала бермейді. Баяғы оптимизм ізі-қайым жоғалған сыңайлы. Отандық медицинаға өкпелі науқастар да жетіп артылады. Тұтас салаға, денсаулық сақтау жүйесінің барлық қызметкерлеріне бірдей топырақ шашуға болмас. Әйткенмен, бір қарын майды бір құмалақ шірітетін келеңсіз жағдайлар әр тұстан қылт етіп жиі­рек көрініп қалатыны өкінішті. Бұған Алматыдағы менингит ауруының бұрқ еткен кезіндегі ырғалып-жырғалушылық, осыған байланысты жоғары деңгейдегі сын пікірлер де айғақ болғандай.

Ал енді тұрмыс-тіршіліктің айнасы дерлік әлеуметтік желідегі кейбір пікірлерге құлақ түрелік. Бір құрметті дәрігер азамат жазады: «Республика бойынша 1500-ден астам дәрігер жетіспейді. Өйткені 8 жыл оқып дипломмен жұмысқа тұрғандағы табатын айлығы – 50000 теңге. Менің дәрігерлік стажым 37 жыл. Бірінші мерзімсіз категориям бар, стажым бар, сондағы айлық ставкам – 102400 теңге. Қолыма таза тиетін 80 мың теңгеге қалай күн көруге болады? Сосын дежурство аласың, подработка аласың – өлместің қамын жасайсың... Осыдан екі жыл бұрын бала өлімі болды. Біздегі жас дәрігерді соттады. Шешесі он миллион теңге сұраған. Ондай ақша қайда? Бала облыстық балалар ауруханасында қайтыс болса да, ондағылардың кінәсі болса да, «бізге уақытында жібермеді» деп жас дәрігер келіншекті айыпты қылды. Ешқайсысымыз араша түсе алмадық. Алда-жалда қызметтік кикілжің туа қалса дәрігерді қорғап алатын сауатты адвокат та жоқ. Мемлекеттік са­ладағы медицина қызметкерлері бітпейтін бір реформалардың астында қалып, бюро­кра­тия­лық қағазбастылықтан бас көтере алмайды. Ауруға – 5 минут, қағазға 45 минут...».

Міне, осы арада тоқтай қалайық. Бұдан ұғатынымыз еңбегі адал дәрігерлерді жаман атқа қалдырып, отандық медицинаны осы медицина саласының өз шенеуніктері құртып, құлдыратып жатыр екен ғой. Осы арада өткен жылғы «Крутите больных!» дейтін алматылық аурухана басшысының әйгілі сөзін тағы күйіне еске аламыз. «Ақша бермесең өлсең өмірім қап дейтін тас жүрек дәрігерлер осындай топырақтан жаралмағанда қайтпек? Осындай жаны ашымас-басы ауырмастардан зардап шеккендер анда бар-мында бармен ит қылып жүгіртетіндердің де, пара берсе мейірленіп, қолын майламаса кежірленетіндердің де неше сан мысалын келтіреді. Жоғарыдағы құрметті һәм адал дәрігеріміз осыларды оқып көзі жеткен соң жағасын ұстап: «Барлық пікірлерді оқып, біздің ауруханаға жетпейді екен ғой деген ой түйдім. Ұят, кісілік деген ұғымдардың архаизмге айналып, ақша үшін әкесін сатып жіберетін кер заманды тудыруға дүниеге ашкөз кей дәрігерлердің де үлес қосатыны өкінішті, әрине» деп қынжылады әрі отандық медицинада осының салдарынан мейірім азайып бара жатқандығын мойындайды.

Еліміздің денсаулық сақтау саласының барлық жақсы жақтарына, толып жатқан жаңашыл жетістіктеріне көзжұмбай жасап босқа қаралап, жазықсыз жалалап, «көрмес түйені де көрместің» кебіне киюден ау­лақ­пыз. Дегенмен де кәсіби біліксіздікке, нау­қасты емдеудегі құлықсыздыққа жол ашатын, медицина мен мейірім деген қасиетті егіз ұғымның ажырауына апарып, медицина ме­кемелері мен дәрігерлерді ел көзіне сүй­кім­­сіз етіп көрсететін кеселдерді түп та­мы­ры­­мен қырқып құртатын мезгіл жетті деп ой­лай­мыз.

Қорғанбек АМАНЖОЛ,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.01.2019

Атырау жылу электр орталығында апатты жағдай болды

20.01.2019

ШҚО-да дін саласындағы құқық бұзушылықтар саны үш есеге азайды

20.01.2019

Солтүстік Қазақстанда көпсалалы аурухана салынады

20.01.2019

Қазақстандық балалар фильмі халықаралық кинофестивальде жүлде алды

20.01.2019

ШҚО емханалары 100 тонна қағаз үнемдеді

20.01.2019

Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылғанына 27 жыл толды

20.01.2019

ШҚО Күршім ауданында 6 жастағы бала суға кетіп қалды

20.01.2019

Қазақстанда бала асырап алуға көмектесетін арнайы агенттік құрылады

20.01.2019

Ресейлік «Арктика-М» спутнигі 2019 жылы маусым айында іске қосылады

20.01.2019

Чили жағалауында магнитудасы 6,8 жер сілкінісі болды

20.01.2019

Астанада Жастар жылының ашылуы өтеді

20.01.2019

Экономиканы роботтандыру: қатер ме, мүмкіндік пе?

19.01.2019

Атырауда «Отбасы орталығы» және «Татуластыру орталығы» ашылды

19.01.2019

Мақтаарал ауданында диқаншылық басталды

19.01.2019

Ақтөбе-Атырау тас жолының бойында орналасқан аумақ күрделі жөндеуден өтіп жатыр

19.01.2019

Астанада көші-қон заңнамасын бұзған 33 шетелдік еліне қайтарылды

19.01.2019

​СІМ басшысы Тәжікстан елшісін қабылдады

19.01.2019

​Қазақстанның Елшісі НАТО Бас хатшысына Сенім грамоталарын тапсырды

19.01.2019

Рейтер: Трамп пен Ким Чен Ын ақпанда кездеседі

19.01.2019

Алматыға Катардан алғашқы жүк рейсі келді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Durystyq joly

Jaqsy kisi ataný, tirshilik-turmys, ómir qubylystaryna oı júgirtý, saralap zerdeleý, fılosofıalyq mádenıet qalyptastyrý, tájirıbe jınaqtaý, durystyq, adamshylyq, izgilik, ádildik, degdarlyq jolynda meıirlenip, berekeli qyzmet jasaý, ulttyń ádebi men qaǵıdattaryn jan-tánińmen qabyldaý – naǵyz tabıǵı abzal qasıet.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Bas paıda algorıtmi

Bas paıdany oılaý – búkil adam balasyna tán dúnıe. Ár adam balasynyń «ózim degende ógiz qara kúshim bar» degen qaǵıdat boıynsha tirshilik quratyny túsinikti. Biraq adam balasy qoǵam ishinde ómir súretindikten ár adamǵa tán osy qasıetti shektep ustaýǵa, ony qoǵamdyq múddege nemese qoǵamdyq ortada qalyptasqan tártipke baǵyndyrýǵa týra keledi. О́ıtkeni munsyz qoǵam damı almaıdy.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Ońtaılandyrý ońalta ma, omalta ma?

Orta bilim salasyna qatysty taǵy bir ońtaılandyrýdyń qulaǵy qyltıyp, «bul qalaı bastalyp, qalaı aıaqtalady?» degen sansyz suraq kóptiń kókeıin búlkildetip otyr. «Qundylyqtar aýysatyn, shyndyqtar shatysatyn uly ózgerister týysynda ómirdiń ózi karnavalǵa uqsap ketedi», dep Mıhaıl Bahtın aıtpaqshy, bilim salasyndaǵy mundaı reformalardan jurttyń júıkesi juqarý bylaı tursyn, karnavalǵa aınalyp bara ma degen kúdik joq emes. Qabyldanǵan, tolyqtyrylǵan zańdar, ár mınıstrdiń tusynda túzilgen baǵdarlamalar, oǵan bólingen qarjy – «óıtemiz de, búıtemiz» dep keletin jarnamaǵa bergisiz jıyndar, konferensıalar, onda sóılenetin sózder qısapsyz desek, artyq aıtqandyq bolmas.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Úılený men úı bolýdyń arasy

Statıstıka komıtetiniń ótken jylǵy máli­me­tine qaraǵanda, elimizde sońǵy on jylda 1,5 mıllıon jup otaý qursa, osy kezeńde 1 mıl­lıonnan astam jup ajyrasqan. Bul – árbir úshinshi neke buzyldy degen sóz.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу