Қазақстан • 24 Шілде, 2018

Бұрханбұлақ – табиғаттың тұмса бөлшегі

1240 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазір жазғы демалыстың қызған шағы. Қолы қалт еткен адамдар табиғат аясында қыдырып, жанға сая, дертке дауа болатын тұмса мекен іздеуге әуестенетін кезең. Осы орайда тұмса табиғат пен таңғажайып іздеген жанның қызығушылығын тудыратын бір әсем орын туралы айтсақ па деп отырмыз. Әрі бұл жер Жетісудың көрікті мекендерінің бірі ғана емес, Азия құрлығындағы теңдесіз нүктенің санатында екен...

Бұрханбұлақ – табиғаттың тұмса бөлшегі

baribar.kz

Біз бұған дейінгі «Будда бей­не­ленген тас» атты жазба­мыз­да Те­келі қаласынан оң­түс­тік шы­ғысқа қарай өрлей шы­ға­тын жол бойындағы табиғат ға­жай­ы­бы жайлы жазған едік. Ерін­бе­ген адам «Егеменнің» бұр­на­ғы сан­да­­рынан оны тауып, оқып алар дей­­міз. Бұл жолы сол ізбен іл­ге­­рі­леп, Азия та­ри­хы­на та­би­ғат­тың ғажайып сы­йы болып енген Бұр­ханбұлақ сар­қы­ра­ма­сына бет ала­мыз...

...Кеншілер қаласынан аттап басқан қадамыңыздың елу бесінші ша­қырымы Қора шатқалына ке­ліп тіреледі. Бұл Жоңғар Алатау­ы­на сұғына кіріп, ұлы тау­лар ете­гіне оранғаныңызды біл­ді­ре­тін тас қақпа іспетті. Қора шат­қа­­­лының кіреберісінде тұрған, жұ­­­рт қасиетті тас деп санайтын Буд­­даның суреті туралы ал­дың­ғы жазбамызда айттық. Жал­пы, де­­малыс іздеген адамға жол бой­ын­­дағы қызықтан гөрі сар­қы­ра­ма­­ның салқын суы мен тылсым әсе­рі таңсық деп ойлаймыз.

Сонымен, Бұрханбұлақ несі­мен баурайды? Мұны аз сөз­бен түсіндіруге тырысайық. Бас­тысы – Азиядағы ең биік сарқыраманың бірі. Бастауын Жоңғар Алатауының жотасын­да­ғы мұздықтардан алғанымен, жер асты су көздерінің мол­дығы сарқырама суының мөл­дір­­­лігі мен тазалығына кепілдік бе­­реді. Сарқыраманың өзі те­ңіз деңгейінен 2000 метр би­ік­­­тікте орналасқандықтан, су ағы­сының күші біршама қуат­ты. Тастан құлай аққан алтын кө­­бік­ті ағынның ұзындығы 50 ша­қырымға дейін жетеді дей­ді. Не­гізінен, Бұрқанбұлақ таби­ғат­тың өзі жасаған су қоймасы си­яқ­ты. Сарқырама арнасына 255 ша­қы­рымға жететін су жиналады де­ген дерек бар. Жотаны жағалай ақ­қан су таудың арғы бетіндегі Жар­кент өңіріне дейін жетіп, Үсек өзеніне барып құяды.

Әсілі, сылдырап аққан су­дың дыбысы мен самалдап ес­кен салқын леп әрі айнала мүк бас­қан тастардың тылсым тіл­сіз­­­дігі қала шуынан қашып, жүй­ке тыныштығын аңсаған адамға таптырмайтын демалыс болса ке­рек. Мұнан бөлек, Бұр­хан­бұ­лақ­тың суының құрамы күкірт пен сутегі элементтеріне бай екен. Демек емдік қасиеті де бар екені даусыз.

Жалпы, Бұрханбұлақтың ке­ре­метіне біздің жазуымызша там­санбай, туралап келіп көрген дұ­рыс шығар. Ол үшін Текелі қа­ла­сы­на ат басын бұрыңыз. Айт­пақ­шы, Бұрханбұлаққа жетуде аз­даған қиындық кездесуі мүмкін. Тау жоталарының арасындағы қия жолдарда тек арнаулы техника ғана жүреді. Жақында осы маң­да жол таңдамайтын кө­лік ау­дарылып, жолаушылар құт­қа­рушылардың көмегіне ж­ү­гін­ген болатын. Бірақ бетіңіз қай­т­па­сын, табиғаттың тұмса бөл­ше­гін көзбен көру үшін қандай да болсын тәуекелге баруға болар...

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Алматы облысы