Үшкір бұрыштарға ұрынбай өмір сүру философиясы

Халқымыздың тұрмысында пайдаланылатын заттарды зерделей отырып, қазақтың тіршілік етуінің басты қағидалары әу бастан-ақ текетірестерді айналып өтіп, пәтуаға келуге, теңдікке, ортақ іске бірдей жұмылушылыққа, бейбіт қарым-қатынас құрып, оқыс жайларды шиеленістірмеуге негізделгенін танып-білуімізге болады. Ғылым тілінде оны «үшкір бұрыштары жоқ» философия деуге болады. Ғасырлардан өтіп, бүгінге жеткен «Біз – қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз... Досымызды сақтай білген елміз, дәмі-тұзын ақтай білген елміз...» деген сөздер – қазақтың сол философияны ұстанған ел екенін көрсететін белгілердің бірі.  

Егемен Қазақстан
06.08.2018 3812
2

Жиырмасыншы ғасырда айтылған: «Қазақ деген халық бөлек, ел бөлек. Қазақ жүрген соқпақ бөлек, жол бөлек. Киіз үйі Жер сияқты жұп-жұмыр, Ша­ңырағы Күн сияқты дөңгелек» (Күләш Ахметова) деген сөздер де сол қағидаттан хабар береді.

Киiз үй – біз үшін өз үйіміз, өлең төсегіміз болғанымен, ақын оны Жер планетасына әдемі те­ңеген. Шындығында да солай, қазақтың киіз үйі – ғаламның моделi, бүкiл ғалам мен адам арасын байланыстырушы киелi орын. Киiз үйдегi кеңiстiк – қазақ дүниетанымының тоғысқан жерi. Ғасырлар бойы адам өмірі осында өтті: дүниеге келдi, үйлендi және соңғы сапарға аттанды. Яғни адамның түздегi тiршiлiгiн қоспағандағы өмiрi өтетін тұрақты мекен-тұрағы. Оның киесi туралы толғансақ, сөз шаңырақтан бастау алады.

Ал қазақ үшін шаңырақ – қасиетті әрі сан қатпарлы ұғым. Ол – бір жағынан Күннiң символы, ал уықтар Күннен шашыраған сәулелерді бейнелейді. Екінші жағынан шаңырақ – әулеттің символы. Шаңырақ көтеру – азамат болу, ел қатарына қосылу дегендi білдiреді. Үй тіккенде шаңырақ көтеруді сол әулеттің абыройлы, беделді ер-азаматына тапсырған. Ша­ңырақтың шайқалтпай, нық ұс­талуын, уықтардың дұрыс әрі тез шаншылуын жақсы ырым­ға балаған. Оның астында тұратындар ұйымшыл, ауыз­біршілігі мол болады, ол ша­ңы­рақтан шыққандарға бауыр­малдық, мейірімділік қасиеттер сіңеді деп сенген.

Бұл сенім де ұлт бойында сақталып, қазіргі қоғамды топтастыруға, бір мақсатқа шоғырландыруға қызмет етуде. Соның кейбіреулері Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVІ сессиясында мысалға келтіріліп, бірегей жобалардың бастау алуы­на негіз қалады. Таяуда Ас­самблея бастаған «Қазақтану» жо­басы да қазақ ұлтының бей­бітшіл, кеңпейіл, жанашыр, қамқоршыл қасиеттерін ұлан-ғайыр дала – Қазақстан ша­ңы­рағын мекен еткен барша ха­лық­тың бойына сіңіруді мақсат етеді.

Жобаны көпке таныстырып, тұсауын кескен іс-шарада Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Л.А.Прокопенконың: «Қазақ­тану» ғылыми-ағартушылық жобасының үш жүздің басын қосқан Абылай хан алаңында басталуының мәні тереңде жатыр. Біз де күш-жігерімізді ортақ құндылықтарымызды «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында нығайту үшін біріктіретін боламыз» деп сөз бастауы көп­шіліктің көкейіне қонды. Әрі қарай ол қазақ халқының тұрағы – киіз үй сияқты – үшкір бұрыштарсыз, яғни, жанжалсыз, қақтығыссыз өмір сүру фи­лософиясын қабылдап, бойға сіңірудің еліміз үшін, жалпы жер бетіндегі бейбітшілік үшін маңыздылығын атап көрсетті.

Сол күнгі іс-шараға қатысу­шы­лар кезінде қудалауға ұшы­раған сан халықтың өкілдерін бауырына басқан қазақтың бойындағы кеңқолтық мінез бен мейірімнің бұл халықтың бойында ежелден қалыптасқан қасиет екеніне көз жеткізгендей болды. Тайға таңба басқандай ап-анық нәрсеге бұрын көңіл бөлмегендеріне таң қалып жат­қандар бар. Жастарға осы тұр­ғыда түсіндіру керек деп ұсы­ныс айтқандар да болды.

Ол рас, қазақ тұрмысына тән киіз үй, шаңырақ, ошақ, қазан, таба нан тағы басқа заттардың ежелден келе жатқан терең мәні бар. Бұл заттарды кинодан немесе музейлерден көретін қазіргі ұрпаққа олардың халқымыз үшін қандай киелі екенін айтып түсіндіру де «Қазақтану» жоба­сының шеңберінде жүзеге асы­рылмақ.

... Әкемнің қызметіне байланысты бала кезімізде көп көшіп-қондық. Әрине, қазір еске алғанда үй жығып, үй тігу, көшу, жаңа қонысқа орналасу, әкемнің жерошақ қазып, анамның қазан орнатуы кинодағыдай болып көрінгенімен, ол кезде романтикасынан гөрі қиындықтары көп болғанын түсінемін. Үй тігу, кереге керу, шаңырақ көтеру, уық шаншу, туырлық жабу, белдеу тарту сияқты жұмыстарды көзбен көріп, шамамыз келгенше қолғабыс жасайтынбыз. Сонда әжем, біз біліп жүрсін деді ме екен, шаңырақты көтергенде бақанның екiншi ұшы тиген жерге, яғни үйдiң дәл ортасына ошақ орналасуы керектігін айтатын.

Ошақтың бос тұрмауы ке­рек­­тігін де сол кезде естіген едім. Анам да ошақты қойған соң, бірден қазанды орнатып, сүт құйып, пісіретін. Кейде су құя­тын. Жалпы ырымшыл халық болғандықтан, қазанның бос тұруы жаман ырымға саналатынын мен кейіннен білдім.

Қазан – «құт» деген түсiнiктi беретін символ. Көшпенділер өмірінде қазанның орны бөлек. Қазансыз отбасы жоқ, ошақ та жоқ, үй де жоқ. Қазақтың қа­занды қатын-баламен бiрге атайтыны, Махамбеттің «қара қазан, сары бала қамы» үшін «егеулі найза қолға» алғаны соны көр­сетеді. Қазан қыз жасауының міндетті бұйымы болғаны да көп жайды аңғартады. Қайда көшсе де қазанын тастамайтын ғұрып та бүгiнге дейiн жалғасып келедi.

Қазақ халқы үшін қазан – бірлік пен қонақжайлықтың ны­­шаны іспетті. Қазанды тату­лықтың белгiсi ретiнде танытатын аңыздардың бiрi: «жауласқан мың батырдың найзасының ұшы ерiтiлiп, қазан құйылған екен» деп басталады. Бұл – қазанның татулықтың, береке-бiрлiктiң символы ретiнде танылуының негізділігін орнықтыра түседі.

Қазанның бiзге жеткен керемет үлгiсi – Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде тұрған қасиетті Тайқазан. Әмір Темір заманынан қалған құнды жәдігер ұзақ жылдар бойы Эрмитажда тұрып, жұртшылықтың талабы бойынша елге қайтарылғаны бел­гілі.

Бұл күнде Тайқазан өзі­нің құтты орнында, қазақ халқы­ның, Қазақстан атты үлкен ша­ңы­­­рақ­­­тың, қала берді күллі түр­кі жұртының берекесінің, тыныш­тығы мен бірлігінің нышаны қыз­метін атқарып тұр.

Қазақстан халқы Ассам­блея­сының 20 жылдығы аталып өткен 2015 жылы «Бейбітшілік пен келісім жол картасы» мега-жобасы аясында өткізілген «ҚХА-20 игі іс» республикалық акциясының нышаны ретінде Тайқазан алынды. Тайқазанның көшірмесі мамыр айында ресми түрде Ұлттық музейге тапсырыл­ғанға дейін «ҚХА-20 игі іс» рес­публикалық акциясының ая­сында елімізді мекен еткен барлық этнос өкілдерін қамти отырып, 2500-ге жуық іс-шара өткізілгені белгілі. Халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын, соғыс ардагерлерін, көп балалы отбасыларды, жетім балаларды қоса алғанда, 35 мыңнан астам адамға көмек көрсетіліп, Тайқазан тағы да қайырымдылықтың, береке мен бірліктің символы ретінде танылды.

Астананың 20 жылдығы қарсаңында өңірлердің елордаға тарту жасауы мерекенің мерейін арттырды. Есілдің екі жағасын аты­раулықтар салған әдемі кө­пір жалғап, жетісулықтар тар­ту еткен бақ қала көркін аша түсті. Қарағандылықтар сый­ға тартқан «Қазақ еліне мың алғыс!» монументі тарихқа тағ­зым еткізіп, павлодарлықтар салған велосипед жолдары Аста­наның экологиясының тазаруына қосылған үлес болды.

Тартулардың ішінде Маң­ғыстау облысы сыйға тарт­қан қалалық Достық үйінің орны бөлек. Өйткені ол ең қым­батымыз – ауызбіршілік пен келісімнің шаңырағы. Қоныс тойын тойлап жатқандарға осы мемлекеттік саясатты жүргізіп отырған Қазақстан халқы Ас­сам­блеясының атынан терең мағы­налы сыйлық – қазақтың қазаны тарту етілді. «Астананың асы көп болсын. Береке мен тату­лықтың символы халықтың ауыз­біршілігін арттыра түссін» деген тілекпен жасалған сый еді бұл.

Осы жерде сәл шегініс жасап, қазанның тарихына тоқтала ке­телік. Бұған дейін Ассамблея өткізген іс-шараларда бірде наурыз көжемен, бірде бауырсақпен толтырылып тұратын қазанды талай көргенбіз. Иесі – қостанайлық Жұмағали Арыстан есімді азамат екенінен де хабардар едік. Ал оның Достық үйіне дейінгі жолы әрі қызық, әрі сабақ боларлық.

Жұмағали оны алғаш рет осы­дан 30 жылдай бұрын Федо­ровкада көрші тұратын Мария әжейдің бақшасынан көрген. Әжей сыйымдылығы 200 литр­дей қазанды суға толтырып, күн түсіп, жылыған соң гүлдерін суаратын. Бір күні Жұмағалидың басына ой сап ете қалады: қазан­ның әу бастағы мақсаты – ас пісіру емес пе? Мұндай үлкен қазанда ауқымды жиындарда ас пісірілгені анық... Бұл қазан талай тарихи оқиғаның үнсіз куәсі болды ғой... Бәлкім, сонау қуғын-сүргінді жылдары Қа­зақстанға жер аударылған қанша жан қазақтың осы қара қазанға қайнатқан асын талғажау етіп, аман қалған шығар. Қазақтар өздерінің ауыздарынан жырып берген қатқан нан мен қара сор­паның әл беріп, өмірін сақтағаны туралы әңгімені өзі де талай рет естімеп пе еді! Мұндай құнды зат неге әжейдің бақшасында тұр?

Ол әжейді қазанды сатуға көн­діріп, ең әуелі оны сараптамадан өткізеді: ресейлік ғалым-метал­лургтердің зерттеуі, Қара­ғанды мемлекеттік индус­триал­дық университетінде өткі­зілген зертханалық зерттеу­лер қазанның шынында да өткен ғасырлар жәді­гері екенін көрсетті. Астана қа­лалық Достық үйіне сыйға тар­ту үшін, міне, осы қазанның көшір­месі жасалды.

Мерекеге қатысушылар оның қазанын басқа да іс-шаралардан: қалалық алаңдардан, ЭКСПО аумағынан, әр облыстарда өткі­зілген мерекелер төрінен көр­гендері анық. Көріп қана қой­май, наурыз көжеден ауыз тиіп, ыстық бауырсақ жеген де болар. Тіпті, «Шындығында да, қазанда пісірілген тамақтың дәмі өзгеше болады екен-ау» деген сөздер де талай рет айтылған шығар. Әрине, солай. Өйткені қазанның сөзбен айтып жеткізе алмайтын, тек сонда піскен ас арқылы бо­йымызды нәрлендіретін ерекше қуаты болатынын қай-қайсымыз да бала жастан естіп, сезіп өстік қой.

Бала кезде оның не екеніне мән бермегеніміз анық. Ал азамат болып қалыптасқан әрқай­сымыздың оны білуіміз керек-ақ, өйткені ол – береке мен бірліктің, ауызбіршілік пен елдіктің қуаты.

Камал Әлпейісова,

жазушы, филология ғылымдарының кандидаты

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.09.2018

Оралда бокстан халықаралық турнирдің жеңімпаздары анықталды

24.09.2018

Қазақстанда ұшақ билеттері арзандауы мүмкін

24.09.2018

Қазақстанда 14 миллион тоннаға жуық астық жиналды

24.09.2018

«Түн құдайы» фильмі Парижде өткен ретроспектива барысында көрсетілді

24.09.2018

Универсиада алауы Алматы арқылы өтті

24.09.2018

Бүгін Бакуде үш дзюдошымыз белдесуде

24.09.2018

Бизнес салымдар үшін қай қаржы ұйымы тиімді?

24.09.2018

Юлия Путинцева WTA жаңартылған рейтингінде 46-орынға көтерілді

24.09.2018

БҰҰ Бас Ассамблеясының 73-ші сессиясы өз жұмысын бастады

24.09.2018

Виктория көліндегі апатта қаза тапқандар саны 225 адамға жетті

24.09.2018

Солтүстік Қазақстанда Жансүгір батырға еңселі кесене тұрғызылды

24.09.2018

Музей қызметкерлеріне үстемеақы төленгені жөн

24.09.2018

Жергілікті ерекшеліктер ескерілсе игі

24.09.2018

Қайрат «қаһарына» мінді

24.09.2018

Илон Масктың SpaceX компаниясы алғашқы жолаушының есімін жариялады

24.09.2018

Өзен арнасын бекіту – кезек күттірмейтін мәселе

24.09.2018

Медициналық көмек сапасы артады

24.09.2018

Атты әскер дивизиясының тағдыры

24.09.2018

Ұлттық рухтың ұстыны

24.09.2018

ШҚМТУ – ғылыми зерттеулер мен заманауи технологиялар орталығы

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Асан Мирас,

Ulaǵat pen muraǵat

Qaıǵyly ólimi qalyń jurttyń qabyrǵasyn qaıystyryp, qyrshyn ǵumyry qıylǵan óner, mádenıet, sport sańlaqtary qaı ultta bolsyn az emes. Ondaı has talanttardy halyq eshqashan umytpaıdy. Talanttardyń fánıdegi taǵdyry kelte bolǵanymen, halyqtyń júregi men jadyndaǵy ǵumyryn myńjyldyqtarmen ólsheýge bolady. Aıtalyq, áıgili grek ańyzyndaǵy aıbyndy batyrlar Ahılles pen Gektordyń esimderi dáýirlerden dáýirlerge kóshe júrip, ult sanasynda jarqyrap ǵumyr keshýde. Ańyzdyń epıloginde aıtylǵandaı, keıingi urpaq tıtandardy máńgi eske tutatyn bolady. Tipti, grektiń búkil tarıhy áli kúnge deıin ataqty Gektor men Ahıll shaıqasyna baılanysty óriledi. Biz muny nege aıtyp otyrmyz? Qaı ult bolmasyn, esimi elge eleýli tulǵalaryn este qaldyrýdyń esti joldaryn ustanady. Qazaq tarıhyn aqtarsaq ta, ádebıet betterin paraqtasaq ta túrli klassıkalyq joqtaý úlgilerine jolyǵatynymyz sózsiz. Joǵarydaǵy dańqty grek batyry Ahıllestiń de atyn aqıqatqa bergisiz asqaqtatqan áıgili Gomer abyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу