Маңдай өрлік Мұқали

Ал­маты облысы әкім­дігі бас­шылығының қол­дауымен құрылған халық­аралық «Мұ­қали» тарихи-таным­дық экспедициясы таяуда Елбасымыз Н. Назарбаев­тың «Болашаққа бағдар:  рухани жаңғыру»  мақа­ласынан арна тартқан бағдар­лама аясында Қытай еліне сапарлап, Шыңғысханның ең мықты тоғыз қолбасшысының бірі болған даңқты бабаларымыздың бірі Мұқали ноянның мазарына барып қайтты.

 
Егемен Қазақстан
08.08.2018 1696
2

ҚХР-дағы Төтенше және өкілетті елшіміз Шахрат Нұрышев мырза Мұқали бабамыздың қазақ халқының ғана емес, барша түркі жұртының мақ­танышы екендігін, қытай халқының да  баһадүрімізді ерекше қастерлейтінін, со­ның белгісіндей кесене тұр­­­ғызы­лып, көңілдегідей кү­тімделіп отыр­ғандығын тілге тиек ете келе, баба­лар ізі­мен жалғасқан бұл сапар­дың­ да Қазақстан мен Қытай ара­сын­дағы татукөр­шілік және достық бай­­ланыстар­ы тереңдетудің бір тегер­шігіне  айналары сөзсіз деді. 

Сонымен қатар Қазақстан Прези­денті Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің тұрақ­ты түр­де өтіп келе жатқан кез­­де­су­лерінде де мәдени-гумани­тар­лық байланыстарға жете мән бері­летіндігін атап өтті. Кездесу үстінде он жеті адамнан құралған экспедиция мүшелері де өз ой-пікірлерін ке­ңінен ортаға салды.

Осы арада Мұқали баба­мыздың жерленген жерін әлденеше жылдар мұғдарында аяғынан тоза жүріп іздеп тапқан, ханзулық деректерді арқау ете «Мұқали» атты тарихи роман жазған бауырымыз Ақбар Мәжитұлына айрықша алғыс білдіргіміз келеді. Ол апта бойына өзімізбен бірге жүріп, сапарымыздың сәнін де, мәнін де кіргізді.

Асқан ақыл, айдын­ды­ айбынымен түп ата­­сы­ Бо­даншардан тара­ған  туыс­та­рының  бірсыпы­расының басын біріктіріп үлгерген Шыңғысхан керейдің Тұғы­рыл ханымен бірлесе ежелгі жауы – татарларға қалың қолмен бет бұрушы еді ғой. Бұл шақы­руға шатқаяқтай көнбеген қандас жүркіндіктерді қылықтарына сай қырып салып, қалғандарын алдыға сала айдап қайтқанында, арасында Мұқали да жүр еді. «Құпия шежіреде»: «...олардың ішінде Жалайырдың Төлегет байының ұлдары: Гүң сері (Күнқуар), Шұлуын қайшы, Зелме үшеуі бар болатын. Гүң-сері Мұқали мен Бұқа деген екі ұлын Шыңғысханға ертіп әкеп, бүй дейді:

Болсын құл –

Босағаңа ес.

Безсе бұл

Борбайын кес.

Еткей құл – 

Есігіңе ес.

Екі етсе бұл,

Езуін тіл! (70 б.)

Көп ұзамай-ақ ол тепсе те­мір үзіп, шаншыса жау­дың­ желкесін тесетін Шыңғыс­ханның ең сенімді тоғыз өрлі­гінің маңдай өрлігі атанады. 

Содан былай ол Темір­шінің үзең­гілес серігіне айналды. Өзінің інісі Бұ­қамен бірге Шыңғысхан Еке Моғол ұлысын біріктіре бастаған ал­ғашқы жылдардан-ақ оған адал қызмет етті. Он төрт жа­сында табысқан досына өмірден өткенінше қы­рық жыл ғұмырын арнады. Шыңғысханның бүкіл шы­ғыс­тағы әскерінің иесі және оның Қытайдағы ұлық әмірі болды. Арда туған ақберен перзент антта тұрып, сөз жұтып, Шыңғыс ханның та­рихта таңбаланған төрт кү­лі­гінің бірегейіне айналады. Теп­сіне төртеуі атқа қон­ғанда жау үрпиіп, жер қуы­рылып сала беретін-ді. Түр­кілердің түбегейлі жұрты   Моғол үстір­тіндегі киіз туырлықтыларды түгел біріктіру жорықтарында жой­қын бейне көзге түскен ол 1206 жылғы үш тарап шекаралық әскер бөлісінде Шығыс беттегі сол қанат тү­мен нояны атанады. 

Шыңғыс қаған және оның айналасын індете зерттеген Мұхтар Мағауин ағамыздың пікіріне ден қоялық: «Мұ­қалы – жалайырдың беделді батыры және Шыңғысханның әй­гілі қолбасшыларының бі­рі. 1170 жылы дүниеге келіп, 1223 жылы қайтыс болған. 1206 жылы құрылтайда Шың­ғысхан өз мемлекетінің шаңы­рағын көтеріп, қолас­тын­дағы елін тоқсан бес мың­дыққа бөледі. Сонда Мұ­қа­лы бірінші мыңдықтың басқарушысы болып таға­йындалады. Сондай-ақ Шың­ғысханның ең мықты тоғыз қол­басшысының ішіндегі төресі де осы Мұқалы болды. 1215 жылғы, Пекинді ал­­ған шешуші жеңістен соң Шың­ғысхан Мұқалы-ноянды бас қолбасы әрі ұлық әмір ре­тінде Шүржен шегінде қал­дырады».

Мұқали патшаның Шың­ғысхан аманатын қалай орын­дағаны кешегі кеңестік кезең­де де мойындалған-ды. Қазақ Совет энциклопедиясында: «Мұқалы Куянг (Мұқали-Куняк, Мұқыли,  Мұхали (туып-өскен жері белгісіз) – XIII  ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген әмір, Шыңғысхан әскерінің үш ірі қолбасшысының, моңғол им­периясындағы тоғыз сайд, орлуктерінің (орлук – құр­метті атақ) бірі. Мұқалы Гауин Жалайыр тайпасынан шық­қан. Әкесі Гао (шын аты Күнқуар) Жалайыр оны басқа балаларымен (Құлыққор, Шіреген, Бұқа, Тайсұн)  бірге Шыңғысханға қызметке берген» деген анықтама бедерленген.

Расын айтсақ, экспедиция­мыздың темірқазық мақсаты – Мұқали баһа­дүрдің басына баруға аспан асты еліне кел­геннен асықтық. Алты жүз­ мыңнан астам тұрғыны бар ауқымды қала құшақ жая қарсы алды. Жайлы қо­нақ үйге орналаса салысы­мен жол бастаушыларымыз­бен қалалық би­лік үйіне бағыт алдық. Юлинь қаласының басшысы Ли Шинлин мырза нөкерлерімен қуана қабыл­дады. Ли Шинлин мыр­за былайша толғанды:

– Мұқали – қазақтардың ата-бабасы. Біздің еліміздің біртұтас, іргелі мемлекет бо­луына атсалысқан айтулы тұлға. Құрмет тұтамыз.  Қа­зақ­станнан арнайы делегация келгендігін құптаймыз. Бұл екі ел арасындағы ежелден келе жатқан достығымызды нығайтады. Қазақстан Прези­денті Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзинь­пин­нің бірлесе өмірге әкелген көптеген бастамаларының үде­сінен де шығады бұл са­парларыңыз, деп сөз қозғаған Ли Шинлин Юлинь және Талдықорған  қалаларын бауырлас қалалар жасауды ұсынды.

Өз кезегінде Алматы облысының ішкі саясат басқармасының басшысы Рустам Әли­­­ұлы да Қытай тарапы­на жылы қарсы алғаны үшін ризалық білдірді. Ел­­ба­сы­мыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен ҚХР Төр­­­ағасы Си Цзиньпиннің екі ел арасындағы достық, сау­да-экономикалық бай­ла­ныс­­тарын халқымыз қолдап отырғанына тоқталды. Халық­аралық «Мұқали» тарихи-танымдық экспедициясының жұмыс сапары да өзара бай­­­ланы­сы­мыздың беки түсуіне ықпал етеді деп есеп­тейтін­дігін жеткізді. 

Мұқали дүние есігін аш­қанында үйдің ішін ақ тұ­ман торлап, біразға дейін сейіл­мей қойған екен. Сонда бақ­сылар мұны шарана аман бол­са, дәуір дөңгелегінде  жұл­дыздай жарқырап шығарына жорыпты. Айтары не, жолбарыс жон, бидай өң, қияқ мұрт­ты, батыл да парасатты, шешен де мерген болып ер­жетіпті.

Ұлы қағанның ес білгелі жүрегінің түбіне беріштей қат­қан дүние – арғы атасы Әм­бағайды шүржендердің азаптап өлтіргендігі еді. Өзі­нің үшінші атасы Қабыл хан­ның алты ұлы болған екен. Тұңғышы Өкім Тархан­ды татарлар қытайдың Алтан ханына ұстап беріп, ағаш есекке байлап, азаптап өлтіртеді. Әмбағайды да тура осындай жолмен жазалайды. Оның: «Түбінде менің ұрпағым сендерден кек алмай қоймайды» деген аманаты Теміршіні қар­­ша­дай күйінен қатты тол­ғандыратын, есіне оралса, жегені желім, ішкені іріңге айна­лар еді. Кіндігінен өр­ген өз ұрпақтары қайтара ал­маған осынау қанды кек­ті Мұқалидың қайтаруы Шың­ғысханды айтып жеткізгісіз риза күйге бөлейді.

1221 жылы Бейжіңде Мұ­қа­лимен жүздескен оңтүстік­сундік елші Чжао Хунның бы­лай деп жазғаны бар: «Ол – қара татар. Соңғы он жыл­ көле­мінде шығыс пен батыс­қа жазалау жорықтарын жа­сап, варварлар мен қытай­лықтарды қорқытып, есінен тандыруда. Жорықтар мен әске­рилерге тән барлық ма­ңыз­ды мәселелерді жеке-да­ра шешеді. Сондықтан да оны императордың міндетін уақыт­ша атқарушы деп есеп­тейді. ...Сымбаты көз тартады, төбесіндегі айдарды (текті әулеттерге тән – авт.) өзге татарлар секілді қырып тастауды қаламайды, тек басына орамалды  шарт байлап алады, тар жейде киеді және түрлі елдердің тілінде сөйлей алады». («Мэн-да бэй-лу»).

Ұлы қаған Мұқалиды жанындай жақсы көрген. 

1217 жылы тамыз айында  Қытайға қа­тыс­ты билік лауазымына жар­лық түсіріп,  ант беру бу­ма­сына алтын әріппен: «Гоуан­­дық мәртебесі үрім-бұ­та­ғына дейін жалғассын, замандар бойы өзгермесін», деп жаздырғаны, бұған қоса  хан күймесіне арналған тоғыз өрлік туын тарту етіп, шербасыларына: «Мұқали бұл туды көтеріп жарлық шашқанда, құд­ды мен жарлық шашып­ тұрғандай болыңдар», деп нұрлана кесіп-пішуі адамзат атаулыға тән сенім құдіреті­нің биік шыңы еді.

Рулық, тайпалық құрылы­мында күн кешкен бабаларымыз әу бастан ағайындықты ту ете көтере білген. Айта­лық, Иесуге  батыр Есукей хан­ның елдің төбе биі дәре­жесіне көтеріле білген қи­мас досы. Ал ұстаздық би­лік Шыңғысхан тұсында Са­ба ноянға (Қадырғали Жалайыр­дың арғы атасы) өткен. Меркіт қолына түс­кен Бөртені замандасы Тұ­ғы­рыл ханның қолынан аман-­есен алып қайтқан да­ осы Саба еді. Қысқасы, Шың­ғысханның батыл да шешен, көсем де көреген тоғыз өрлі­гінің бәрі дерлік өзінің ет жа­қын­дарынан құралған!

Өзіне төтенше жүктелген Қаған бұйрығының қалтқысыз орындаларына көзі жете тұра Мұқылай әу бастағы  туабітті табиғатына тартып, жаудың қарасынан жақтасты көре білуге ұмтылды. Қарамағына бекітілген бар-жоғы он үш мың сарбазбен қарсы беттің бір миллион күшіне айбаттана қарсы шапқан ол цзиньдіктер (шүржендер) ортасындағы ежелден оты өшпей келе жат­қан сеператизмді (жікшілдік) оңтайлы пайдалана білді.  Жүрек­теріне жол тапты. Жа­рық дүниені қымбат санаған жау қолбасшылары қалың қолы­мен аяғына жығылды. Цзиньдегі қытай, қидан-шүр­шіт­тер  арасындағы ірі әскери күш осылайша Мұқалидың қатарын толқындай толтырып жатты. Қытайланған түрік­тер болып саналатын оңғыт­тардың өзі он мың қолымен бе­рі өтті. Міне, Тәңірдің өзі­­нің алқауы арқасында  дәл­ осылай миллиондаған жау­ күшін  аз қолмен-ақ сындыру­дың сәті оңынан келе берген еді. 

Әдетте, генералиссимус – әскерді басқару қабілеті, сіңір­ген еңбегімен қатар Отан­ға деген шексіз махаббаты мен көзсіз батырлығы ерек­ше ескерілер әскерилер алатын жо­­ға­ры атақ.  Осынау атақты көк Тә­­ңірі алқауымен жер-жаһанды ға­сырлар бойына жұдырығында ұстап келген түркілерге шекеден қарар еуропалықтардың көп­ке дейін қимай келгендігі рас. Әйтсе де, ақиқаттан ас­қан төреші жоқтығына енді көзі­міз жетіп отыр. Бұған да мың шүкір... Француздық тарих­шы К. Д’ Оссон өзінің «Шыңғысханнан Темірланға дейін» (1935 ж.) деп аталар беделді кітабында Қытайдағы соғыс турасында былайша­ қалам тербейді: «1220 жы­лы моғолдық генералисси­мус Мұқали Шаньсиді ба­ғын­дырып жатқан шақта сон­дағы қолбасшы Шитян-ни жау­ланған елдердегі әс­кердің аса қатал әрекеттерін баты­лы жете айтып қалады. Тумы­сынан ме­йірімді Мұқали бұл ақиқатқа ден қойып, дереу тонаушылықты тоқ­татып, тұтқындарды босатуға жар­лық береді». Жалпы бұл шы­ғар­маның өне бойында автор жүрек жұтқан батырымызды әлденеше рет генералиссимус деп атап өтеді.

Асылы, көшпенділердің әс­кери тактикасы мен күш-жігері ежелден ешкімге дес бермеген. Шыңғыс қа­ған­ның сарбаздары бұл ретте асып түспесе, кем соққан жоқ. Темірдей тәр­тіптің арқасында жеңіліс таппаған олар жа­һан тарихында айрықша дәріп­телді. Кезінде олардың осындай ерекшеліктерін біліп келуге  әдейі жіберілген Рим папа­сының оқымысты монахы Плано Карпини: «...Олар реті келсе, шайқасқа бірден кіріспейді, әдепкіде садақтарымен ат пен адамдарды жаралап, өлтіруге тырысады, осылайша әбден әлсіретіп барып шешуші ұрысты бас­тайды», деп жағасын ұст­ай­ ескерту жасаған. 

Мұқалидың мергендігі мен өл­шеусіз күші замандас­тарын қа­шанда тәнті етер еді. Үш жасынан атқа ша­уып,­ садақ көздеген ол қою қа­ра түннің өзінде отты қару­дан оқ жау­дырғандай дә­­ре­жеге жеткен. Оның сада­ғының серпіні 150-200 ке­ліге тең келген. Ал жалпы моғолдық сарбаздардікі орташа есеппен 75 келі деп та­был­са, шүржендердікі 46, евро­палықтардікі 34-тен аспаған.  

Телегет байдың баласы­ Күнқуар­дың  талантымен адам­затты тамсантар асып та, тасып та туған асыл перзен­ті Мұқалидың әдепкіде  жан­ досы Шыңғысханның бі­рін­ші түменінің тізгінін ұс­тап, әскерінің сол қанатын (түркілерде ең негізгі) бас­қарып, тоғыз өрліктің сөз ұс­тарына айналғаны аян! Кейінгі жерде  Бейжіңнің төрінде Шыңғыс қағанның өзі сыйлаған тоғыз шашақты Туды желбіретуі ерліктің өлшемін айғақтаса керек. Ко­рея­ны тізе бүктірген ерлігі де тасқа қашал­ған!

Жүрегіміз аттай тулайды. Юлинь шаһарынан қырық шақы­рымдай жердегі Мұқали бабамыздың зиратына беттеп келеміз. «Бабамыздың мәңгілік мекенінен бір уыс топырақ алып қайтайық»,  деп қояды алдыға жіті көз­ тігіп отырған Наурыз Қылыш­баев ағамыз. «Шекарадан сол то­пырағы-мызды өткізе қояр ма екен?» – деп  Нұрғали Нүсіп­жанов пен Ырым Кенен-баев ағаларымыз үркітіп те қойды бәрімізді әзіл-шыны аралас. Алдын ала айтып қояйын, сол бір уыс топырақты құтыға салып, елге жеткіздік.

Оң қапталымыздағы кө­мір шахта­сының үстіндегі жо­таға орналасыпты кесене. Әрі биік, әрі аумақты ме­кен. Қонақтарды күткен жергілікті халықта есеп жоқ. Кеше өзіміз жүздескен қала мен осындағы аудан басшылары қолымызды алып мәз-мейрам амандасып жатыр. Әдеттері көрінеді, моғол­дардың (түріктердің авт.) байыр­ғы дәстүріне сай алдымен дастарқанға шақырып, дәм татқызды. 

Ендігі кезекте ақ мәрмәр тас төселген көлемді алаң­қай­­ға көтеріл­дік. Осы арада табалдырықтың қос қана­тындағы үш метрдей биіктікке созылар бағаналардың  ұшар басындағы күміс жалатылған жалайыр тайпасының ежелгі қос тарақ таңбасы көзімізге оттай басылды. 

Тас басқыштармен жоғары өр­леп, төбеге шықсаңыз, оң қанат­та аралары 2-2,5 метр жерде орна­ласқан, тас­пен өрілген адам бо­йындай шағын қорымдарды көрер едіңіз. Бұлар Мұқалидың жо­лын қуып ерлік көрсеткен және ұлық билікке араласқан ұрпақтарына арналыпты. Қорымның үстінен шоқ-шоқ тал шыбықтарды байқайсыз көкке ұмтылып тұрған. Бұл аталмыш әулеттің одан әрі өсіп-өніп жатқандығының белгісі екен. Осыдан-ақ ханзулардың көңіл қоя қолға алған дүниесін барынша мәнді де сәнді күйге жеткізетіндіктеріне  қанығар едіңіз. Жиынның ресми бөлігінде  ұлық әмір Мұқалиға бір топ бауырларымыз бұған дейін әзірлеп орнатқан еңселі тас-белгінің ашылу салтанаты өтті де жергілікті басшылармен бірге Еуразиялық академияның ректоры Өмірәлі Жалайыри, белгілі жазушымыз Бек­сұлтан Нұржекеұлы, бауырымыз Ақбар Мәжитұлы тебірене лебіз білдірді. Қалай толқымассыз, Ұлы Даланың шайқаста маңдайы тасқа тиіп көрмеген арда перзенті  сегіз жүз жылдан кейін туған халқын тауып, жаһанға жария жайылған есімі елдігімізді әуелетіп жатса!

Мұқалидың батырлы­ғымен қоса білім-білігі, ше­шен­дігі ұрпағына да­рыған. Шыңғысхан аманатына сай Үгедей, Мөңке, Арық­бұқа, Құбылай хандар да  Мұқали ұрпағынан шыққан уәзірлер мен кеңесшілер пікірімен санасып, олар­дың адалдығын, ақыл-парасатын жоғары бағалап отырған. Ақбар Мә­жит­ұлы бауырымыздың айтуынша, Мұқали  баһадүр­дің ұрпақтары Юан хан­дығы жойылғанға дейін Шың­ғысханнан бастау алған көне дәстүрге сай, ордадағы биік лауазымға тағайындалып келген. Тіпті Миң патшалығының алғашқы кезеңінде де осы үрдіс жалғасыпты.

Құйын ойнаған құба жонда құрыштай құйылған алып тұлғалар – ұлттық мәртебеміздің мәңгілік тұғыры. Өшкенімізді жандырып, өткенімізді ұлықтауға арналған бұл жолғы сапарымыз осылайша біз күткендегіден де шырайлы шықты.

Әміре ӘРІН,

Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.11.2018

Елбасы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевті қабылдады

20.11.2018

Қайырымды қала тұрғындары тегін дүкен ашты

20.11.2018

Гүлшара Әбдіқалықова Албания Республикасының Еуропа істері және сыртқы істер министрімен кездесті

20.11.2018

Қ.Тоқаев Албанияның Еуропа және сыртқы істер министрі Д.Бушатиді қабылдады

20.11.2018

Павлодардағы электр қуаты 4 процентке төмендеді

20.11.2018

Түркі киносын әлемге таныту тақырыбына арналған дөңгелек үстел өтті

20.11.2018

Атырауда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде көшелерді жарықтандыру жобасы іске асырылады

20.11.2018

Павлодарда Елбасының өмірі туралы көрініске әртістер таңдалуда

20.11.2018

Түркістанда «Agrofest – 2018» фестивалі өтті

20.11.2018

Албанияның Сыртқы істер министрі Қазақстанға алғашқы ресми сапармен келді

20.11.2018

«Құлагер» ұлттық жүлдесі табысталды

20.11.2018

Жетпіс мың адамның жалақысы өседі

20.11.2018

Алматыда жаңа комедиялық фильмнің тұсауы кесілді

20.11.2018

Түркістан аймағының Берлинде басылған көне картасы

20.11.2018

Алматыда «Құлагер» ұлттық жүлдесі табысталды

20.11.2018

Талғат Ешенұлы. Жүрегі бар жалғыз үй

20.11.2018

Нұрсұлтан Назарбаев «Отырар сазы» оркестрінің жетекшісі Дінзухра Тілендиеваны қабылдады

20.11.2018

Қазақ ғалымы Швецияда су тазартудың экологиялық таза әдісін ойлап тапты

20.11.2018

«Қазақстан темір жолы» және «ҚазМұнайГаз» басқармаларының жаңа төрағалары тағайындалды

20.11.2018

Қайрат Әбдірахманов ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблея басшылығымен кездесті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Stokgolm sındromy

Jumyr jerdiń betinde sany jaǵynan bizden áldeqaıda kóp, alaıda táýelsiz el atanýdy mańdaılaryna jazbaǵan, ol oryndalmas armandaı kórinetin halyqtar az emes jeterlik. Jaratqannyń qalaýymen qolǵa tıgen táýelsizdik qazaq balasynyń eń bir asyl muraty edi.

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

«Baı bolsań halqyńa paıdań tısin»

«Batyr bolsań jaýyńa naızań tısin, Baı bolsań halqyńa paıdań tısin». Kezinde aıyr tildi Áıteke bı aıtqan aqyldy sóz. Keler ǵasyrlarǵa da keter ǵaqlıa.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу