Ертеңгі ұрпақтың да еншісі бар

Қойнауы құт қазақ жері тәуел­сіз­дігі­міздің ширек ғасырдан асқан шежіресінде ел экономикасын тұралап қалу қасіретінен сақтап келеді. 

Егемен Қазақстан
16.08.2018 51
3

Соңғы жылдары еліміздің беделін өсіріп, дамушы экономикалар шоғырынан берік орын алуына тұғыр болған Қазақстанда ашылған жаңа технологиялар емес екендігі де ақиқат. Қазақстан экономикасының бүгінде ауыз толтырып айтар жетістігі негізінен қазба байлықтардың арқасы. Ендеше барша қазақтың атадан қалған ұлы мұрасы − қазақ жерінің минералды-шикізаттық базасының бүгінгі жай-күйі қалай?

2003 жылдың 1 қаңтарындағы дерекке сәй­кес дүние жүзіндегі анықталған табиғи қаз­ба байлықтардың қоры бойынша Қазақстан қор­ғасын, мырыш, хром, барит кендері бойынша − бірінші орынды, уран, күміс, жез, марганец бо­йынша – екінші, темір, кобальт, фосфорит бойынша – бесінші, көмір, мұнай және ал­тын қоры бойынша тиісінше алтыншы, жетінші және сегізінші орындарды иеленген. Қазақстанның мол минералды-шикізаттық базасы қай кезеңде болсын мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының сенімді іргетасы болды. Ұлы даланың қыртысын қопарып, пайдалы кен орындарын игеру сонау ХІХ ғасырдың екінші жартысында белең алды.

Ал 1920-1930 жылдардағы индустриаландыру науқаны Қазақстанның табиғи байлығын барынша игеріп, пайдалы кен қазбаларын шетке шығару ұранына ұласты. Тарих сахнасында жетпіс жылдан астам үстемдік құрған КСРО шежіресінде ұлан-ғайыр жердің қопарылмаған қыртысы қалмады десе де болғандай. Жетпіс жыл бойы қазба байлықтар тиелген жүк пойыздары шекара асып, жүйткіп жатты. Қазақстан қызыл империя үшін шикізат қорының сарқылмас қоймасына айналды. «Жаны ашымастың қасында басың ауырмасын» демекші, осылай жалғаса беретін болса, ұлы даланың қазба байлықтардан жұрдай болуы да мүмкін еді. 

Өз қолымыз өз аузымызға жеткеннен кейін Қазақстанның қазба байлығын шикізат күйінде шетелге шексіз шығара беруге тосқауыл қойылатын шығар деген үкілі үмітіміз де ақталатын емес. Ширек ғасырдан астам уақыт ішін­де талай-талай қарқынды құрылыс, қам­пиған қаржы «көбіктері» пайда болып, ізсіз жо­ғалып жатыр. Бірін-бірі алмастырып, индустриялық-инновациялық бағдарламалар қабылданып, миллиардтаған доллар инвестициялар құйылып жатыр. Бірақ «баяғы жартас, сол жартас» дегендей, экономиканың негізгі базасы табиғи қазба байлықтарына иек артып, әлемдік рыноктағы бәсекеге қабілетті қазақстандық өнім сол баяғысынша жомарт жердің қыртысынан қопарылған табиғи шикізат ресурстары болып қалуда.

Ол ол ма, жаңа кен орындарын ашып минералды-шикізаттық базаны игеру көлемі тәуелсіздік алған жылдары бұрынғыдан еселеп артпаса, бір кеміген жоқ. Мәселен, 1991-2015 жылдары мұнай өндіру үш есе артып, 26,6 млн тоннадан 79,3 млн тоннаға жетті. Осы жылдар ішінде жез өндіру 1,4 есе, алюминий тотығы 1,6 есе, мырыш өндіру 1,4 есе артты. Сондай-ақ алтын, қорғасын, темір, хром, көмір және уран кендерін өндіру кеңестік кезеңдегі межеден асып түсті.

Соңғы жылдары әлемдік нарықта алтын бағасы көтерілді. Қазақстанда алтын өн­діру көлемі бірнеше есе артып, жаңа кен орын­дары игеріле бастады. Алтын қорының мөлше­рі­не қарамастан, жеңіл игерілетін кен орындары көптеп ашылып, жылдам пайда табуға құ­нық­қан инвесторлар да белсенділік танытуда.

Кешегі кеңес дәуірі кезеңінде Қазақстанның геологиялық зерттеу саласы қатты дамыды. Еліміздің барлық өңірінде дерлік геологтар шықпаған тау-тас, геологиялық зерттеу жүргізілмеген жер қойнауы қалмады десе де болғандай. Осындай жан-жақты зерттеулер нәтижесінде қазба байлықтар анықталған өңірлердің арнайы геологиялық картасы жасалды. Пайдалы табиғи элементтер табылған өңірлерге белгі қойылып, қандай кен орындарын ашып, игеру тиімді, қандай кен орындарын игеру тиімсіз екендігі «тайға таңба басқандай» нақты көрсетілді. Оңай игерілетін қазба байлықтары бар таулы өңірлердің қыртысы қопарылып, тұмса табиғат шұрық-шұрық тесілді. Жеңіл қазылатын көмірі мен те­мірі таусыла бастаған кен орындары жабылып, келесі кен орнының қыртысы қопарылды. Сөй­тіп тұмса табиғатқа орны толмас зиян келуде.

Сарапшылардың айтуынша, қазір Қазақ­стан­ның минералды-шикізаттық базасы сар­қылуға жақын көрінеді. Еліміздегі кейбір пай­далы қазба байлықтарының қоры таяудағы 10 жыл көлемінде таусылатын түрі бар. Бұл қор­ды толықтыратын жаңа кен орындары жоқ не­ме­се әлі зерттелмеген. Тығырықтан шығар жол қайсы?

Бірінші кезекте кенжелеп қалған қазақ­стандық геологияны жандандыру қажет. Жедел түрде Қазақ ғылыми-зерттеу геоло­гия­лық барлау орталығын қалпына келтіру керек. Осы орталықтың күшімен барлық өңірде жан-жақты геологиялық зерттеу жұмыс­тары жүргізіліп, пайдалы табиғи қазба байлық­тар­дың жаңа геологиялық картасы жасалуы керек. «Судың да сұрауы бар» демекші еліміздің минералды-шикізаттық базасы мемлекеттік бақылауға алынуы қажет. Жер қойнауындағы қазба байлықтарын игеру, оны шикізат күйінде импорттау заңды түрде халық тарапынан өкілеттілік берілген қоғамдық ұйымдардың басты назарында болуға тиіс. Ұлы даланың қойнауындағы минералдық-шикізаттық ресурс­тарда ертеңгі ұрпақтың да еншісі бар.

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.09.2018

Оралда бокстан халықаралық турнирдің жеңімпаздары анықталды

24.09.2018

Қазақстанда ұшақ билеттері арзандауы мүмкін

24.09.2018

Қазақстанда 14 миллион тоннаға жуық астық жиналды

24.09.2018

«Түн құдайы» фильмі Парижде өткен ретроспектива барысында көрсетілді

24.09.2018

Универсиада алауы Алматы арқылы өтті

24.09.2018

Бүгін Бакуде үш дзюдошымыз белдесуде

24.09.2018

Бизнес салымдар үшін қай қаржы ұйымы тиімді?

24.09.2018

Юлия Путинцева WTA жаңартылған рейтингінде 46-орынға көтерілді

24.09.2018

БҰҰ Бас Ассамблеясының 73-ші сессиясы өз жұмысын бастады

24.09.2018

Виктория көліндегі апатта қаза тапқандар саны 225 адамға жетті

24.09.2018

Солтүстік Қазақстанда Жансүгір батырға еңселі кесене тұрғызылды

24.09.2018

Музей қызметкерлеріне үстемеақы төленгені жөн

24.09.2018

Жергілікті ерекшеліктер ескерілсе игі

24.09.2018

Қайрат «қаһарына» мінді

24.09.2018

Илон Масктың SpaceX компаниясы алғашқы жолаушының есімін жариялады

24.09.2018

Өзен арнасын бекіту – кезек күттірмейтін мәселе

24.09.2018

Медициналық көмек сапасы артады

24.09.2018

Атты әскер дивизиясының тағдыры

24.09.2018

Ұлттық рухтың ұстыны

24.09.2018

ШҚМТУ – ғылыми зерттеулер мен заманауи технологиялар орталығы

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Асан Мирас,

Ulaǵat pen muraǵat

Qaıǵyly ólimi qalyń jurttyń qabyrǵasyn qaıystyryp, qyrshyn ǵumyry qıylǵan óner, mádenıet, sport sańlaqtary qaı ultta bolsyn az emes. Ondaı has talanttardy halyq eshqashan umytpaıdy. Talanttardyń fánıdegi taǵdyry kelte bolǵanymen, halyqtyń júregi men jadyndaǵy ǵumyryn myńjyldyqtarmen ólsheýge bolady. Aıtalyq, áıgili grek ańyzyndaǵy aıbyndy batyrlar Ahılles pen Gektordyń esimderi dáýirlerden dáýirlerge kóshe júrip, ult sanasynda jarqyrap ǵumyr keshýde. Ańyzdyń epıloginde aıtylǵandaı, keıingi urpaq tıtandardy máńgi eske tutatyn bolady. Tipti, grektiń búkil tarıhy áli kúnge deıin ataqty Gektor men Ahıll shaıqasyna baılanysty óriledi. Biz muny nege aıtyp otyrmyz? Qaı ult bolmasyn, esimi elge eleýli tulǵalaryn este qaldyrýdyń esti joldaryn ustanady. Qazaq tarıhyn aqtarsaq ta, ádebıet betterin paraqtasaq ta túrli klassıkalyq joqtaý úlgilerine jolyǵatynymyz sózsiz. Joǵarydaǵy dańqty grek batyry Ahıllestiń de atyn aqıqatqa bergisiz asqaqtatqan áıgili Gomer abyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу