Болат Баймұхамбетов баптаған батырлар

«Бабыңда бол, бақ Алладан» дейтін сөз дәп спортшылар қауымына арналып айтылған ба дерсің.  Білек пен жүректің үндестігін қатар қажет ететін бұл саладағы қандай да бір жетістік табанды еңбек пен тынымсыз төккен тердің өтеуі.  Әр спортшының артында бапкер дейтін үлкен мектептің тұратыны анық.

Егемен Қазақстан
20.08.2018 2284
2

Алматы іргесіндегі Іргелі ауылының мәдениет үйінің спорт залына бас сұққанымда есіктері ашық тұрған екі залда күрес және бокс үйірмесінде жаттығып жүрген жас жеткіншектерге көзім түсті. Жапон киноларындағы шалт қимылды қарт бапкерлер сияқты жасөспірімдерге бокстың әдіс-тәсілдерін үйретіп жүрген ақ басты ел ағасының әбжіл қимыл-қозғалысы назарымды еріксіз аударды. Жаттығу аяқталған соң бапкер ағамызға амандасып, аз-кем әңгімелесудің сәті түсті.

Бапкер Болат Баймұхамбетов 1948 жылы 23-ші тамызда Алматы облысына қарасты Сарқан ауданының Қарауылтөбе ауылында дүниеге келді. Жасынан спортты жанына серік етіп, еңбекпен шыңдалып шымыр болып өскен жас жігіт орта мектепті бітірген соң 1967-1970 жылдары Владивосток қаласындағы Тынық мұхит әскери-теңіз флотында теңізші болып қызмет атқарады. Әскерде жүргенде бокспен шұғылдана бастайды. Отан алдындағы азаматтық борышын абыроймен атқарып келген соң 1970-1974 жылдары Алматы қаласындағы Қазақ дене шынықтыру институтында оқи жүріп, бокстан спорттық бірінші дәрежесін қорғайды. Жоғары оқу орнын жақсы бітірген білімді жас маман жолдамамен Талдықорған қаласына жіберіледі.

1974-1977 жылдары Талдықорған облыстық оқу бөліміне қарасты балалар мен жастар спорт мектебінде бокстан жаттықтырушы болып қызмет атқарады. Осы жылдар ішінде жүздеген жас боксшыларды тәрбиелеп шығарды. Бапкердің талантты шәкірті Берік Оқбаев бокстан 1976, 1977 жылдардағы Қазақ ССР-нің екі мәрте жеңімпазы, 1977 жылғы КСРО біріншілігінің күміс жүлдегері атанып, КСРО спорт шебері дәрежесін қорғайды және бокстан КСРО жастар құрама командасына үміткер ретінде тіркеледі.

Өз ісіне тиянақты, білімді бапкерді облыс басшылары 1979 жылы бокстан Талықорған облысының аға жаттықтырушысы қызметіне тағайындайды. 1979-1983 жылдар аралығында қажымай-талмай еңбек ете білген Болат Рахымжанұлы бапкерлік тәжірибесін де, спорт саласындағы жетітіктерін де еселеп арттыра түседі. Шәкірті Андрей Сауткин 1982 жылғы Қазақ ССР-і біріншілігінің күміс медалін ұтып, бокстан КСРО спорт шебері атанды.   1983 жылы Пенза қаласында өткен «Еңбек резервтері» ерікті спорт қоғамының жарысында шәкірті Рамиль Мұратов– алтын, Қияз Тілеукенов – күміс медальдармен марапатталып, КСРО спорт шебері дәрежесін қорғайды. Тағы бір шәкірті Камиль Мұратов 1996 жылғы Қазақстан біріншілігінің күміс медалін ұтып, спорт шебері атанады. Болат Рахымжанұлы бапкерлік жеке жетістіктері бойынша бокстан 5 КСРО спорт шебері мен 3 Қазақстан Республикасының спорт шеберін және ондаған спорт шеберлігіне үміткерлерді даярлап шығарады.

Спорт саласындағы жетістіктері ескеріліп, 1983 жылы Болат Рахымжанұлы Баймұхамбетов Талдықорғандағы олимпиадалық резервтер балалар мен жастар спорт мектебіне директор болып тағайындалады. Осы саланы жетік меңгерген маманның мектептегі әртүрлі спорт саласына білімді де білікті мамандар мен бапкерлерді тарта отырып, мектептің материалдық базасын нығайтуы, мектеп түлектерінің әртүрлі ірі жарыстарда топ жаруына жол ашады. Болат Рахымжанұлы басшылық қызметте болған жылдары мектептен 4 халықаралық дәрежедеі спорт шебері, 50 КСРО спорт шеберлері, 1 Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері тәрбиеленіп шығады.

1984 жылы осы спорт мектебінің түлегі КСРО спорт шебері Алексей Логинов (Анатолий Сальков - ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы) ауыр атлетикадан КСРО біріншілігінің қола жүлдесін ұтып, алғашқы халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанғаны спорт жанкүйерлерінің есінде болар. Болат Рахымжанұлы бірде өзі туып өскен Қарауылтөбе ауылына барғанда ауыл ақсақалдары мен жерлестері ауылдағы спортқа бейім балалар үшін спорт жабдықтарының жетіспейтіндігін, аудан орталығына қатынап жатттығудың қиын екенін тілге тиек етіп, ауыл жастары үшін көмек жасасаңыз деген тілектерін білдіреді. Спорт мектебінің басшысы ретінде мамандармен кеңесе отырып, ауыл балаларының күреске бейімділігін ескеріп, 1990 жылы Қарауылтөбе орталау мектебі базасында Талдықорған облыстық спорт мектебінің еркін күрес бөлімшесін ашып, күрес кілемі мен күрес жабдықтарын, кір тасы, гантель тағы басқа да спорт жабдықтарын бөледі.

Осы ауылдың түлегі Асқар Әбдірәшевті жаттықтырушы етіп тағайындайды. Кейіннен шағын ғана  ауылдағы спорт мектебінен Қазақстан, Азия чемпиондары шықты. Қазіргі Сарқан аудандық спорт мектебінің директоры Ғазиз Серікбаев пен еркін күрестен  Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Әсет Серікбаев та осы мектептің түлектері екені әмбеге аян.  Жастар арасындағы КСРО жеңімпазы Игорь Дупиков спорттың классикалық күрес түрінен 1994 жылы Жапонияның Хирасимо қаласында өткен Азия ойындарының күміс жүлдесін ұтып, халықаралық дәрежедегі спорт шебері дәрежесін қорғайды. 1996 жылғы Атланта қаласында өткен 26 – шы Олимпия ойындарына бұл мектептен екі спортшы қатысады. Оның бірі 1994 жылы Жапонияның Хирасимо қаласында өткен Азия ойындарының жеңімпазы, еркін күрестен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген халықаралық дәрежедегі спорт шебері Мәулен Мамыров (Аманжол Бұғыбаев – ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы) Атланта Олимпиадасының қола медалін иеленсе, екіншісі 1992 жылғы ТМД елдірінің жеңімпазы, бокстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері және әскерилер арасындағы әлем чемпионы Михаил Юрченко (Өмірзақов Жұмабек - ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы) болатын. 2000 жылы Сидней қаласында өткен 27-Олимпиада ойындарына Мәулен Мамыров төртінші  орын алады. Шәкірттерінің жеткен жетістіктері бапкерлердің төккен тері мен әр баланың бойындағы табиғи талантын  тамыршыдай дәл басып, дұрыс бағыт – бағдар беріп, баптай білуінде болса керек.

Аға буынның ізін басқан өрендер грек-рим күресінен жастар арасындағы әлем чемпионы (Словения 1997), Москва қаласында 1998 жылы өткен 1-ші жастар ойындарының күміс жүлдегері Айдын Сәрсекеев, дзюдо және самбо күресінен 1997 жылы Ұлан-Батор қаласында өткен Азия біріншілігінің қола жүлдегерлері Ержан Аязбаев пен Қайрат Жармұхаметов, еркін күрестен Ғазиз Серікбаев, Медет Өтеғалиев, Жасұлан Жәменов, Аслан Жақсыбеков, грек-рим күресінен Мұхамет Нұғманов, Азамат Қалиев, Қуат Нұрбеков, Даурен Алдоңғаров және ересектер арасындағы 1999, 2000 жылдардағы екі дүркін Азия чемпионы, 2003 жылғы (Франция) әлем кубогының иегері, бүкіләлемдік студенттер ойынының (Түркия) жеңімпазы халықаралық дәрежедегі спорт шебері ­ Марғұлан  Әсембеков  (Азамат  Көкебаев - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы), Қазақстан құрама командасының мүшесі, жастар арасындағы Азия чемпионы (Теһран, 1999) – Әсет Серікбаев (Асқар Әбдрашов - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы). Дзюдо күресінен Асхат Житкеев, Қайрат Анарбеков, Мәулен Нұрқасынов тағы басқа спортшыларды айрықша атауға болады.

Спорт саласына сіңірген еңбегі жоғары бағаланып 1991 жылы Болат Рахымжанұлы «КСРО дене шынықтыру және спортының үздігі» төсбелгісімен марапатталады. 1992 жылы «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы» құрметті атағы беріледі. Кейіннен Алматы облыстық Олимпиадалық резервтер даярлау спорт мектебінде бокстан аға жаттықтырушы болып жастар арасындағы Қазақстан Республикасының бірнеше жеңімпаздары мен жүлдегерлерін даярлап шығарады. Олар: Бек Збасов (Атбасар - 2001), Юслан Марасилов (Атбасар-2001), Нұрлан Сұлтанғазиев (Астана - 2003), Серікбол Назарбек (Талдықорған - 2005), Асхат  Садықов (Қызылорда-2007), Ілияс Жортулов (Тараз - 2011), Ерасыл Серіков (Екібастұз-2013, Өскемен - 2014), Айдын Әбдірахманов – 2015 жылғы Кигбокстан ауыр салмақтағы Азия чемпионы, Ерасыл Серіков 2016 жылғы бокстан халықаралық «Жетісу» кубогы турнирінің жеңімпазы болып Қазақстан Республикасының спорт шебері дәрежесін қорғайды. Осындай жетістіктері үшін өз ісін жетік меңгерген спорт маманы Болат Рахымжанұлына 2013 жылы «Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортын дамытқаны үшін» құрметті атағы беріледі.

Болат Рахымжанұлының боксқа сіңірген еңбегі туралы «Спортивный Казахстан» энциклопедиялық анықтамалығынан, «Кто есть кто в Республике Казахстан» атты элиталық библиографиялық анықтамалығынан және «Энциклопедия Казахстанского бокса» атты кітаптарынан оқып, спортты жанына серік етіп, өз мамандығын шексіз сүйе білген азамат екенін аңғардық.  Болат Рахымжанұлы 2011 жылы зейнет демалысына шыққан соң да 2015 жылға дейін сол мектепте жаттықтырушы болып жас жеткіншектерді боксқа баулиды. 2015 жылы отбасы жағдайымен Алматы қаласына қоныс аударады. Спорттың әр саласында жүрген Бөкеңнің шәкірттері: «Денсаулығыңыз жақсы, үйде босқа отырасыз ба, тәжірибеңізді жастарға үйретіңіз, шәкірттер тәрбиелеңіз»,- деп бапкерлікке шақырады. Болат Баймұхамбетов қазір Қарасай аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде бокстан жаттықтырушы. Аз уақыт ішіндегі нәтижесі де жаман емес. Шәкірті Ахметов Бауыржан Қарасай ауданының бокстан 2003-2004 жылы туылған жасөспірімдер арасында өткен аудан біріншілігінің жеңімпазы, Алматы облыстық жасөспірімдер құрама командасының мүшесі. Шынықсаң шымыр боласың  дегендей ұлағатты ұстаз, білікті бапкер, үлгілі әке  Болат Рахымжанұлы жұбайы Мағауия Есбаева екеуі екі ұлын жас кезінен спортқа баулып өсіреді. «Әке көрген оқ жонар» дегендей Астана қаласында тұратын үлкен ұлы Алмас самбо күресінен спорт шебері, әскери әділет полковнигі болса, кіші ұлы Айдын бокстан спорт  шебері әрі шекара әскерінің подполковнигі шенінде шекара шебінде қызмет етуде. Ата мен әженің аялы алақанында алты немересі ержетіп өсіп келеді.

Бос уақытында тарихи кітаптар мен газет-журналдарды қолынан тастамайтын, салқын сумен жуынып, таза ауада көбірек серуендеуді жаны қалайтын, төрт-бес сағат уақытын жасөспірімдер арасында жаттығу залында өткізетін, қариялыққа қарай қадам басып, жетпіс жасқа толып отырған, өзі де сөзі де ширақ Болат ағаны алпыс жасқа да толмаған шығар деп қаласың. Қазақта әдемі қартаю деген сөз бар. Өзінің де өзгенің де денсаулығын ойлап, ақыл-кеңесін аямайтын спорт ардагері Болат ағамызға мәнді де сәнді ғұмыр кешіп әдемі қартайыңыз демекпіз! Болат баптаған саңлақтардың бәсі биіктей берсін.

Елеусіз АХМЕТКЕРІМҰЛЫ,

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

АЛМАТЫ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.02.2019

UFC: Дамир Исмағұлов жеңіске жетті

24.02.2019

Михаил Кукушкин финалға шықты

24.02.2019

Дюсельдорфта әзірге жүлде жоқ

23.02.2019

Гагарин кубогындағы қарсыластар анықталды

23.02.2019

«Алматы марафонының» жүгіру маусымы ашылды

23.02.2019

Түркістанда «Балдәурен-2019» байқауы өтті

23.02.2019

Түркістан: Түлкібас ауданында 6 әлеуметтік дүкен жұмыс істейді

23.02.2019

Атырауда көпбалалы үйлерге улы газды анықтайтын детекторлар тегін орнатылып жатыр

23.02.2019

Бейбіт Атамқұлов Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілімен кездесті

23.02.2019

Бектас Бекназаров Молдовадағы сайлауды бақылауға қатысты

23.02.2019

Елшілер институты Қазақстанға отандық жұлдыздардың жанкүйерлерін тартуға жол ашады

23.02.2019

Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады

23.02.2019

Бадминтоннан әлем кубогі: қазақстандықтар жұптық сында келесі кезеңге өтті

23.02.2019

Юлия Галышева Жапониядағы әлем кубогі кезеңінде қола жүлдегер атанды

23.02.2019

Елордада ашық құдықтар мәселесі қалай шешілуде?

23.02.2019

Астанада әскерге шақырылушыларды медициналық куәландыру мәселелері талқыланды

23.02.2019

Қоғамдық қабылдауда ақтөбеліктердің мыңнан астам мәселесі шешілді

23.02.2019

ТМД құрылысшылары баға белгілеу саласында тәжірибе алмасты

23.02.2019

Жас теміржолшылар республикалық «Jas qanattar»  форумына қатысты

23.02.2019

Қостанай облысында өткен жылы өңдеу өнеркәсібінің өсімі 5,8 процентке артты

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Jol erejesinen buryn, saqtyq kerek

Jasyratyny joq, ózimizdiń bir áriptesimiz, Qaraǵandy tas jolynan Astanaǵa kirer tusta keshqurym, ıaǵnı alageýim shaqta kóligimen bir adamdy basyp ketti. Ol jaıaý júrginshi jolaǵymen júgire basqan jandy kórmeı qalǵan. Qansha jerden kinásin moıyndasa da, ol – jaýapker. Sebebi jaıaý júrginshige arnalǵan jolaqta ereje buzdy. Toqtamady. Al toqtar edi, biraq adamdy kórgen joq. Mine, endi mundaı jaǵdaıda kimge kiná artasyz? Jaıaý júrginshi de opat boldy, júrgizýshi de qamalady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tyıym men tıyn

Toı-toımalaqta tún jamylyp óner kórsetetin kámelettik jasqa tolmaǵan, ómirleri aq paraqtaı taza, kóńilderi aq bulaqtaı móldir kishkentaılarymyzdy jasyna laıyqsyz kıindirip, boıandyryp kópshiliktiń aldynda shyǵarý, án saldyrý – qý aqshaǵa qunyqtyryp qoıǵan ata-analarynyń kinásinen. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу