Бақытжан Сағынтаев меморгандарды қайта орналастыру жөнінде кеңес өткізді

Бүгін Түркістан облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жергілікті атқарушы және орталық мемлекеттік органдарды көшіру мәселелері туралы кеңес өткізді, деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Егемен Қазақстан
20.08.2018 2902
2

Кеңес барысында мемлекеттік органдарды көшіру процесі талқыланды, сондай-ақ Түркістанның және жалпы облыстың әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму преспективалары қаралды.

Кеңесті ашқан Бақытжан Сағынтаев 19 маусым күні Мемлекет басшысы Түркістан облысын құру туралы Жарлыққа қол қойғанын еске салды, осылайша, Түркістан облыс орталығы атанды. Жарлықты іске асыру үшін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А. Маминнің төрағалығымен Түркістан облысын дамыту преспективалары жөніндегі Комиссия құрылды.

Маусым айында Түркістанға барған комиссия мемлекеттік органдарды көшіру, түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде Түркістанның дамуының Бас жоспарын әзірлеуге конкурсты ұйымдастыру мен өткізу мәселелерін, облыстың әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларын қарастырды.  

Облыста мемлекеттік органдар мен ұйымдардың үздіксіз әрі тиімді жұмысын қамтамасыз ету бойынша негізгі іс-қимылдарды қамтитын тиісті Жол картасы бекітілді.

Б. Сағынтаев сонымен қатар ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес, қаланы дамытудың бас жоспарының тұжырымдамасын дамыту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Мемлекет басшысы қойып отырған басты мақсат — қысқа мерзім ішінде жаңа ғимараттар құрылысын бастау. Премьер-Министр облыста құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуі тиіс екенін баса айтты.

Бұдан өзге, Түркістанның дамуына бизнес өкілдерін тарту қажеттігі айтылды. Бүгінгі таңда бизнестен әлеуметтік нысандарды, қонақүйлер мен басқа да маңызды ғимараттарды салу бойынша ұсыныстар түсіп жатыр.  Сондай-ақ облыстың дамуына «Самұрық Қазына» ҰӘҚ өз үлесін қосуды көздеп отыр.

Өңірді дамыту бойынша Президент қойған міндеттерді іске асыру үшін қажетті қаражат толыққанды бөлінетін болады.

Көшіру барысы туралы облыс әкімі Жансейіт Түймебаев баяндады. Баяндалған ақпаратқа сәйкес, барлық жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік тіркеуден өткен. Оларды орналастыру үшін Түркістанда жалпы аумағы 11 680 м2  болатын 12 ғимарат бөлінген. Бірінші кезеңде қызметкерлердің 70% көшірілді. 27 аумақтық орган үшін 16 ғимарат бөлінді. Қазір 14 ведомствоның өкілдері қалаға орналастырылып, өз жұмыстарын бастаған.

Облыс әкімі көшіп жатқан мемлекеттік қызметкерлерді баспанамен қамтамасыз ету мәселесіне жан-жақты тоқталды. Қазір қызметкерлерге 67 жекеменшік пәтер жалдауға ұсынылған. Орта есеппен, мұндай баспана айына 50–80 000 теңге болады. Сонымен қатар, Түркістанда уақытша орналастыру үшін жатақханаларда 305 орын, 14 қонақ үй; Кентауда — 275 орындық жатақхана мен 7 тұрғын үй әзірленген. Түркістанда 1200 пәтерлік 20 көпқабатты үйдің, Кентауда 420 пәтерлік 7 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Нысандар құрылысын аяқтау және пайдалануға беру 2019 ж. жоспарланған.

Ал Президенттің бес әлеуметтік бастамасын іске асыру аясында «7–20–25» бағдарламасын жүзеге асыру үшін Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация 360 пәтер болатын 6 көпқабатты үйдің құрылысын бастады.

Бюджетке келер болсақ, 2018–2019 жылдарға арналған облыстық бюджеттің жоспарланған көлемі қайта қаралып, бекітілді. Осы жылдағы облыстық бюджет 621,6 млрд теңгені құрады, ал Шымкенттің бюджетін бөлгеннен кейін облыстық бюджет 552,5 млрд теңгеге бағаланды. Ұлттық экономика және қаржы министрліктеріне Шымкент қаласының алдағы екі жылдың шығындарын жабуға өтінім берілді. Шымкентте орналасқан облыстық нысандарды (167 өңірлік мекеме) қалалық меншікке беру жұмыстары жүргізілуде. Қала теңгеріміне 29,5 млрд тг активімен 55 кәсіпорын берілді.

Ж. Түймебаев облысты және Түркістанды дамыту туралы баяндай отырып, бірінші кезекті шаралар анықталғанын, Түркістан облысын 2024 жылға дейін әлеуметтік-экономикалық дамытудың бас жоспарының жобасы әзірленгенін айтты. Кешенді жоспар 188 шарадан тұрады. Бес жыл ішіндегі қажетті қаражат көлемі — 1,3 трлн тг.   

«Туристерді тартатын басты орталық – Х. А. Яссауи кесенесі Мәдениет және спорт министрлігіне тиесілі. Біз министрлікпен бірлесіп Түркия тәжірибесі бойынша кесене маңынан туристік орын құру мақсатында кәсіпорын құруды жоспарлар отырмыз», — деп әкім, Түркістанның жоғары туристік әлеуетін атап өтті. Тек өткен жылдың өзінде қалаға миллионнан астам турист келді.

Аумақтық атқарушы органдарды көшіру, өңірдегі қазіргі жағдай және өңірді дамытудың қолда бар перспективалары туралы бейінді министрліктердің өкілдері баяндады.

Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Министрліктің аумақтық бөлімшелері әділет органдарында мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеуден өткенін айтты. 25 шілдеде ҚР Қаржы министрлігі құрылымдарының өкілдері Түркістанға көшірілді. Қазіргі таңда Түркістанда облыстық департаменттердің өкілдері жұмыс істейді: 8 — мемлекеттік кірістер комитеті, 4 — ішкі мемлекеттік аудит комитеті, 5 — қазынашылық комитеті, 2 —  мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті. Олар уақытша Түркістан МКБ ғимаратында орналасқан.

Ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов, білім және ғылым министрі Е. Сағадиев, денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов, ауыл шаруашылығы вице-министрі Е. Нысанбаев, инвестициялар және даму вице-министрі Қ. Өскенбаев, энергетика вице-министрі М. Мырзағалиев, мәдениет және спорт вице-министрі Е. Қожағапанов, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С. Жақыпова, ішкі істер вице-министрі Б. Бисенқұлов, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары А. Айдарбаев орын ауыстыру барысы туралы пікір білдірді.

Өз кезегінде Премьер-Министрдің бірінші орынбасары А. Мамин бүгінде сәулетшілер қаланы инфрақұрылымдық және инновациялық дамытудың 22 жобасын әзірлегеннін атап өтті. Қыркүйек айының соңына дейін Бас жоспардың тұжырымдамасын бекіту туралы шешім қабылданады. Бекітуден кейін, Бас жоспарды дайындауға байқау жарияланады, ол екі кезеңнен тұрады: 2035 жылға дейін және 2050 жылға дейін.

Кеңес барысында өңірді дамытудың бас жоспарының тұжырымдамасын әзірлеу жөнінде «Қазқалақұрылыс» жобалық институтының бас сәулетшісі Т. Ерәлиев айтып берді. Айлық мерзімде сарапшылар тобы барлық байқау жұмыстарын жинап, қарауға қабылдады.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.11.2018

Мемлекеттік басқару академиясы қазақстандық тәжірибені тарату орталығына айналды

19.11.2018

Алматыда ХІV Халықаралық Шәкен Айманов кинофестивалі ашылды

19.11.2018

Алматыда көлік апатынан 10 айда 114 адам ажал құшқан

19.11.2018

Жыр алыбы Жамбылдың өмірі сахналанды

19.11.2018

Павлодарда биыл 349 жол-көлік оқиғасы орын алған

19.11.2018

Абылайхан ЖҮСІПОВ: Токио туралы айтуға әлі ерте...

19.11.2018

Елбасы Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

19.11.2018

Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін

19.11.2018

Түркістанда халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті

19.11.2018

Маңғыстауда «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының облыстық слеті өтті

19.11.2018

Маңғыстауда өткен тарихи турнир өз мәресіне жетті

19.11.2018

Энергия үнемдеу бойынша Қазақстан 32-ші орында

19.11.2018

Көкшетауда жылу ақысы арзандайды

19.11.2018

Теміртауда Президенттік пән олимпиадасы өтті

19.11.2018

Бітіруші түлектер мансап орталықтары арқылы жұмысқа орналасады

19.11.2018

Павлодар облысында кәсіпкер әйелдер 113 жоба жүзеге асырған

19.11.2018

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі күнгейліктерді теріскейге шақырды

19.11.2018

Петропавлда жаңа шіркеу ашылды

19.11.2018

Қостанайда жол қозғалысы ережесінің бір күнде 375 рет бұзылғаны анықталды

19.11.2018

Солтүстік Қазақстанда 1 миллион тоннаға жуық майлы дақыл жиналды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

«Baı bolsań halqyńa paıdań tısin»

«Batyr bolsań jaýyńa naızań tısin, Baı bolsań halqyńa paıdań tısin». Kezinde aıyr tildi Áıteke bı aıtqan aqyldy sóz. Keler ǵasyrlarǵa da keter ǵaqlıa.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу