Мүгедектердің мұңын кім тыңдар?!.

Дәтінің мұншалықты мықтылығына таң қалдым. Тағдырдың тәлкегіне талай рет түссе де жасымаған рухына разы болдым. Ал ақеділ ниеті ше?.. Тыңдаған жанның ет жүрегі езіліп кетеді. 

Егемен Қазақстан
21.08.2018 2823
2

Бәрін басынан бастайықшы. Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Уәлиханов ауданының Мортық ауылының тумасы Рамазан Хасенов орта мектепті бітіргеннен кейін Щучье қа­ласындағы индустриалды-техникалық училищеде білім алды. Елде еңбек жолын бастады. Тоқсаныншы жылдардың бел ортасында, өтпелі кезеңнің өкпек желі ел ішін ұйқы-тұйқы етіп, көп жұрттың ты­ғырықтан шығар жол таппай, қаңтарылып, абыржығаны белгілі. Рамазан Қазбекұлы дүниені дүр сілкіндірген соны жаңалықтың соңынан еріп, шаруа қожалығын құрды. 150 гектар егістік жері бар. Оған қоса екі дүкен ашып, сауданы судай сапырған. Мүмкіндігі бар еді. Құстың сүтінен басқаның бәрі дүкен сөрелерінде иін тіресіп тұрған Омбы қаласы иек астында. Саудасы да жүріп берді. Егіні де еткен еңбегіне орай берекенің басын құрады. Бірақ адам тағдыры тақтайдай тегіс соқпақтан тұрмайды екен. Қайғының қара бұлты қарақан басына әлденеше рет үйірілген. Алдымен бойжетіп, өсіп қалған қызын Омбының көшесінде ­машина қағып кетіп, опат болады. Көзінің нұры, көкірегінің гүліне санаған перзентінің он екіде бір гүлі ашылмай қыршынынан қиылуы әке үшін қаншалықты қиын екендігін басынан өткергендер ғана білуі мүмкін. 

Қайғы меңдеген қаралы күндерді басынан өткерді. Денесі делсал, ақыл-ойды сары уайым меңдеген. Әйтсе де, ес жиып, тіршілік үшін тырбану қажет болды. Жалғыз ұлы Әсетті Омбы қаласында оқытпаққа ниеттенеді. Алғашқы бетте апайының үйінде тұрды. Қанша жерден апайы болғанымен, біртүрлі ыңғайсыз көрінген. Тиынның басы құралған соң ұлына Омбыдан үй сатып әпермек болған. Сол күні қырсық шалғаны-ай... Үй аламын деген қаражатты қойын қалтасына салып, үміт алға жетектеп, әдемі арман көкірегіне қонақтап сапар шеккен. Қара жолдың бойында көлденең түсіп қырсық жатыр екен. Жарым жолда көнетоз көлігі сынып, амалсыз қаңтарылып қалады. Сынған машинаны тастап жолшыбай кезіккен көліктерге ауысып мініп, түн жарымын еңсеріп барып Омбыға табан іліктірген. Кенезесі кеуіп қалыпты, қала шетіндегі шағын дүкеннен таңдайын жібітпек болып су сатып алған. Сол сәтте өкпек жолаушының қалтасындағы қомақты қаржыны көрген сатушы әлдекімдерге хабарлады ма, әлде жол тосқан қарақшылардың жымысқы жанарына ілікті ме, әйтеуір табан жолын тап басып таба алмайтын, көзге түртсе көрінбейтін қараңғыда темір жолдан өте бергенінде қарақұсын қақ айыра зілдей соққы тиеді. Есін ауруханада жиғанмен, екі аяғын қара санынан жоғары кесіп тастапты. Ал қалтасында көк тиын жоқ. Талықсып кеткен, тағы бір есін жиғанда елге хабар беруге ғана шамасы келеді. 

Жалғыз ұл болса оқуға төлеуге ақшасы жетпеген соң отбасына қайтып оралған. Дәл осы жерде боркемік адам болса боздай тозып кетер еді. Ал бұл қайратына мінді, жігерін жаныды. Тағдыр тәлкегімен жекпе-жек шығуға іштей бекініп ширықты. Анасынан жасық болып тумаған еді ғой, жеңілудің жөні жоқ. Шаруа қожалығындағы жұмысын қайтадан жолға қойды. Саудасы да мысықтабандап жылжып жатыр. Қайткен күнде де жалғыз қарасына білім алғызу керек. Сөйтіп жалғыз ұлды Шоқан Уәлиханов атындағы Көк­ше­тау мемлекеттік универ­си­тетіне оқуға түсірген. Дәл осы кезде тағдырдың аяуды білмес шоқпары тағы бір рет оңдырмай ойсырата тиген. Жалғыз ұлды оқу орнынан кешеуілдеп қайтқан бір кеште қарақшылар тонап кетеді. Қалтасындағы бар тиынын сыпырып алыпты. Тиын-тебен ештеңе емес-ау, титімдей ұлды оңдырмай соққыға жыққан. Сол соққының салдарынан ақ қан ауруына ұшырады. Етегі жасқа толып жүріп қаратпаған жері жоқ. Таяу төңіректен таяныш таба алмаған соң Мәскеудегі қан институтына асады. Бір анализі – 3 мың доллар. Тап­қан-таянғанын қап түбінен қағып, түгел жұмсаған. Жалғыз ұлдан мал түгілі, жан садаға! Бірақ болмады ғой, болмады. Құдай жолыңды бір оңғармаған соң қайтып оңалып кету қиын екен. Араға бірер жыл салып үлбіреген үміттің жібі үзілді. Маңдайына біткен жалғыз ұлы – Әсеті, мектепті үздік бітірген озат оқушы, жо­­­ға­ры оқу орнында, білім сайысында өзгеден қара үзген талапты да талантты перзент әке-шешесінің отыз омыртқасын опырып, қырық қабырғасын қаусатып, қайтпас сапарға аттанды. 

Осы баланың оқуы үшін туған жерін тастап Көкшетау қаласының іргесіндегі Зерендіге қоныс аударып еді. «Жалғыз балам­ның жаны ауырып шы­рыл­дамасыншы, кемдік көрме­сінші» деп қарға адым жер мұң болып, мүгедектерге арнал­ған арбада шоқиып әзер отырса да, Көк­шетау қаласынан үй сатып алып беріп еді. Енді бәрі бекер. 

Қазір тағдырымен белдесуден беті қайтпаған Рамазан Қазбекұлы шеберхана салу қамында. Осы шеберханада өзі тәрізді тағдыр тәлкегіне ұшырағандардың арбалары мен балдақтарын жөндеп, қол ұшымды берсем дейді. Тегін. Қажетті бөлшектерін өз қаражатына сатып алады. Ал дәнекерлеу, жамап-жасқау деген екі аяғы болмағанымен, екі қолы бар адамға бұйым болып па?.. Арбасы барболғырлардың кейбірі сапасыз. Өзі де біреуін мініп жүр ғой. Күзгі көктайғақта жазатайым жалп ете түссе, ортасынан опырылады да қалады. Әр тиынын санап отырған міскін үшін бұл да Абылай аспас сары бел тәрізді қиямет-қайым. Міне, сол сәтте Рамазанның шеберханасына келмей ме? Келсе тегін жөндеп бермей ме?.. Алғыс-рахметі еңбегінің өтеуіне жетіп жатыр. Басқа түк те керек емес. Күнін әзер көріп отырған кіріптардың қалтасын қағатындай кісәпір емес қой. Жалғыз қызының дүкенінен түскен болар-болмас кірісті осы иманды іске жұмсап жатыр. Әке жанын, жүрегінің лүпілін жаза баспай танитын қызы да, қаншама қиындық көргенде қасынан табылған жары да мұның не деген емес. Кәріп жандар да тірлігін көріп, қуанып, іске қашан кірісетінін тағатсыздана то­сып жүр. Ше­берхана емес, үміт отын лау­лататын ошақ тәрізді. 

– Олардың жанын ең алдымен, мен түсінемін. Құдай басқа бермесін, көзі бар адам соқырдың, тілі бар адам мылқаудың жайын түсіне ме? – дейді Рамазан Қазбекұлы, – мен жақсылық қана тілеймін. Өзім тәрізді тағдырдың тәлкегін көрген адамдарға жан жылуымды төккім келеді. Әрбір мерекеде жабыққан жандардың көңі­лін көтерейінші деп дас­тарқан жайып, кездесу кеш­терін өткіземін. Біздің арамызда тауы шағылмаған, өмірге құ­мар адамдар қаншама. Өнер­ге бейім, спортқа құмар. Өзім де ауыр атлетикамен ай­налысамын. Тағдырдың жү­гін көтерген бізге темірдің сал­ма­ғы не, тәйірі?!. Талай мәрте жал­пы­командалық есепте аудандық, облыстық жарыстарда топ жардық. Рес­пуб­ли­калық жарыстарда спорт­тың әр түрінен бағы жанып жүр­ген жерлестеріміз де аз емес. Тек, ең қиыны сол жа­рыс­­тар­ға қатысатын қаражат табу. Мен қо­лымнан келгенінше көмек­тесуге тырысамын. Бірақ бәрін бірдей жарылқаймын деп тағы да айта алмаймын, – дейді ол. 

Қайдан жарылқасын, бір ғана Зеренді ауданында 1850 мүгедек бар екен. Сол кәріп жандарға деген қамқорлық көңіл көншітпейді. 

– Жүйке жүйесі бұзылған алты адамға қызмет көрсетемін, – дейді әлеуметтік қызметкер Евгения Хотомко, – жоғары білімді психолог болсам да, айлығым бар болғаны жиырма мың теңге. Қайда жеткізерсіз, қалай жеткізерсіз?.. Әр адамға қызмет көрсеткенім үшін он мың теңге көлемінде ақы аламын. Қарауымдағы адам алтау болса да, екеуі үшін ғана ақы төлейді. Өйткені бюджетте қаражат тапшы. 

– Жарытымсыз жалақыға қалай жұмыс істеп жүрсіз? – дедік Евгения Васильевнаға жанымыз ашып.

– Балаларға бауыр басып қалдым, – дейді жиырма мың теңгеге жұмыс істеп жүрген жанашыр, – ата-аналары да үйренісіп кеткен соң біртүрлі көңілдерін қимайды екенсің. Қазір ауданда мен тәрізді төрт әлеуметтік қызметкер бар. Ал көмек күткен адамдардың саны мыңнан асады. 

Әуелі жағдайын айтқысы келмеген. Шыдай алмапты. Содан соң жан ашуын ақтарып салды. Оның пікірін Рамазан Қазбекұлы да қостаған. Евгения Васильевна табаны күректей жиырма жыл бойы осы салада жұмыс істеп келе жатыр екен. Шеберхана ашуға аудандық әкімдік көмек қолын созыпты. Дәл орталықтан жер телімін берген, жылу құбырына қосқан. Бұл да дәтке қуат.  

– Жер үй салғым келеді, – деген Рамазан Қазбекұлы қоштасар сәтте. Жылыжай салып, кәсіптің көзін ашқысы келетінін де жасырмады. «Қо­лым бірдеңеге жеткен соң тағдырдың тәлкегіне ұшырап, қараусыз қалған жандарға жәрдемдессем деймін. Мына безбүйрек заманда мүгедектің мұңын тыңдайтын құлақ азайып бара жатыр ғой. Сөйтіп өз қотырымызды өзіміз қасысақ, ешкімге алақан жаймас едік», – деді. 

Ештеңе айта алмадым. Тек зеренділік мүгедектердің мұңын жаным егіліп отырып жазғым келді. Рамазан Қазбекұлының қайратын қаламыма тілеп... 

Байқал БАЙӘДІЛ,

«Егемен Қазақстан» 

Ақмола облысы,

Зеренді ауданы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.01.2019

ҰБТ-дан жоғары балл жинаған түлек «Болашақ» арқылы шетелдерде оқи алады

18.01.2019

Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып Ғали Исқалиев тағайындалды

18.01.2019

Ақтөбе облысының шаруалары былтыр 228 млрд теңгенің өнімін өндірді

18.01.2019

Полиция департаменті айыппұлды уақытылы төлеуге шақырды

18.01.2019

Елордалық аурухана тұңғыш рет неврологиялық асқынуды азайтатын құрылғыны қолданды 

18.01.2019

Елордалық құтқарушылар жанып жатқан үйден 6 адамды шығарды

18.01.2019

Колумбиядағы жарылыс салдарынан 21 адам қайтыс болған

18.01.2019

Тимур Қожаоғлы: «Егемен Қазақстан» – Еуропа құрлығындағы маңдайалды басылым

18.01.2019

Алматыдағы тікұшақ апатынан кейін «Sky Service» рейстері тоқтатылды

18.01.2019

Геннадий Головкин ұлды болды

18.01.2019

Солтүстік Қазақстанда «Қайырымдылық керуені» акциясы жалғасты

18.01.2019

Головкиннің қарсыластары бір-бірімен жұдырықтасады

18.01.2019

Петропавлда ресейлік бас киімдер көрмесі ашылды

18.01.2019

Ақтөбеде жұмысшылардың еңбек құқықтарын қамтамасыз ету меморандумына қол қойылды

18.01.2019

Алматыда газбен жүретін жаңа автобустар іске қосылады

18.01.2019

СДУ-да IT технологиялары саласында білім беру жобасы басталды

18.01.2019

Мемлекет басшысы «Smart Aqkol» ахуалдық орталығына барды

18.01.2019

Елбасы кітапханасының Ақтөбеде өткен көшпелі көрмесін 120 мыңнан аса адам тамашалады

18.01.2019

Атырауда қазақтың үш биіне ескерткіш орнатылды

18.01.2019

Әліпби де, еміле-ереже де сараптаудан өте түсуі керек - Әлімхан Жүнісбек

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Durystyq joly

Jaqsy kisi ataný, tirshilik-turmys, ómir qubylystaryna oı júgirtý, saralap zerdeleý, fılosofıalyq mádenıet qalyptastyrý, tájirıbe jınaqtaý, durystyq, adamshylyq, izgilik, ádildik, degdarlyq jolynda meıirlenip, berekeli qyzmet jasaý, ulttyń ádebi men qaǵıdattaryn jan-tánińmen qabyldaý – naǵyz tabıǵı abzal qasıet.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Bas paıda algorıtmi

Bas paıdany oılaý – búkil adam balasyna tán dúnıe. Ár adam balasynyń «ózim degende ógiz qara kúshim bar» degen qaǵıdat boıynsha tirshilik quratyny túsinikti. Biraq adam balasy qoǵam ishinde ómir súretindikten ár adamǵa tán osy qasıetti shektep ustaýǵa, ony qoǵamdyq múddege nemese qoǵamdyq ortada qalyptasqan tártipke baǵyndyrýǵa týra keledi. О́ıtkeni munsyz qoǵam damı almaıdy.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Ońtaılandyrý ońalta ma, omalta ma?

Orta bilim salasyna qatysty taǵy bir ońtaılandyrýdyń qulaǵy qyltıyp, «bul qalaı bastalyp, qalaı aıaqtalady?» degen sansyz suraq kóptiń kókeıin búlkildetip otyr. «Qundylyqtar aýysatyn, shyndyqtar shatysatyn uly ózgerister týysynda ómirdiń ózi karnavalǵa uqsap ketedi», dep Mıhaıl Bahtın aıtpaqshy, bilim salasyndaǵy mundaı reformalardan jurttyń júıkesi juqarý bylaı tursyn, karnavalǵa aınalyp bara ma degen kúdik joq emes. Qabyldanǵan, tolyqtyrylǵan zańdar, ár mınıstrdiń tusynda túzilgen baǵdarlamalar, oǵan bólingen qarjy – «óıtemiz de, búıtemiz» dep keletin jarnamaǵa bergisiz jıyndar, konferensıalar, onda sóılenetin sózder qısapsyz desek, artyq aıtqandyq bolmas.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Úılený men úı bolýdyń arasy

Statıstıka komıtetiniń ótken jylǵy máli­me­tine qaraǵanda, elimizde sońǵy on jylda 1,5 mıllıon jup otaý qursa, osy kezeńde 1 mıl­lıonnan astam jup ajyrasqan. Bul – árbir úshinshi neke buzyldy degen sóz.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу