Қызылордада мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлер арасында көрме-байқау өтті

Бүгін Қызылордада өткен «Өзіңе сене баста» көрме-байқауында Жаңақорған ауданының тұрғыны Орал Қасиет Қалдыбайқызы  жеңімпаз атанды.  Бұл шара мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлер үшін Қызылорда облысында жаппай кәсіпкерлікті дамытудың үш жылдығы (2018 - 2020 жж.) аясында ұйымдастырылып отыр.

Егемен Қазақстан
23.08.2018 3472
2

Кәсіпкерлер үйінде облыстық «Өзіңе сене баста» атты мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлердің өнімдерінен облыстық көрме-байқауы өтті. Шараға әртүрлі салада кәсіпкерлікпен айналысып жүрген барлығы 50 адам қатысты.

Байқау барысында қатысушылардың ағаш, тоқыма, сурет, тағам мен көптеген басқа да өнімдерінен көрме ұйымдастырылды. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев шараға қатысып, байқау жеңімпаздары мен қатысушыларын марапаттады.

«Жұмыспен қамту кез келген мемлекет үшін қашанда өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Ал азаматтарды жұмыспен қамтудың баламасы ол - кәсіпкерлік. Бүгін мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерді қолдау әрі олардың дамуына жол ашу мақсатында «Өзіңе сене баста» көрме-байқауын өткізіп отырмыз.Қатысушылар - тағдыр тауқыметіне қарамастан, қоғамда өз орнын тауып, өзін жұмыспен қамтып, тіпті өзгелерге жұмыс тауып берген азаматтар. Олар көпке үлгі болуға лайықты және қоғамды масылдық көзқарастан арылтуға септігін тигізеді»,- деді аймақ басшысы.

Байқау жеңімпаздарын облыстық мәслихат депутаттары, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының өкілдері, кәсіпкерлер палатасының мүшелері, «Даму» қоры мен әлеуметтік қорғау ұйымы қызметкерлерінен құрылған комиссия анықтады.

Сонымен, байқаудың жеңімпазы  «Кәдесый жасау жобасымен Жаңақорған ауданынан қатысқан Қасиет Орал облыс әкімінің алғыс хаты мен   1 миллион теңгеге ие болды. Екінші орын иегері, «Аяқкиім жасау» жобасымен Қармақшы ауданынан қатысқан Ерлібек Жармаханов 700 мың теңгемен, үшінші орын иегері «Кәріз жүйелері өнімі, темір және сурет бұйымдары» жобасымен Қызылорда қаласынан қатысқан Аслан Ертохаев 500 мың теңге сыйақымен марапатталды. Сонымен қатар, байқаудың барлық 50 қатысушысы да грамота мен тұрмыстық техникалық тауарлар сертификатына ие болды.

«Бірнеше жыл бұрын  жақындарымның көмегімен кәдесый жасаумен айналыса бастадым және кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған түрлі мемлекеттік бағдарламаларда үздік нәтижелерге қол жеткіздім. Байқауда жеңімпаз атанғаныма өте қуаныштымын, ұйымдастырушыларға осындай байқау өткізгені үшін және қолдау көрсеткен жандарға алғыс білдіремін. Мұндай шаралар өз кәсіптерін дамыту үшін өте қажет деп есептеймін», - дейді миллионның иегері Қасиет Орал.

Атап өтейік, қазіргі таңда облыста мүмкіндігі шектеулі 29353 адам тіркелген. Оның ішінде I топтағы мүгедектердің саны – 2827, II топтағы – 11145, III топтағы – 10526 болса, ал 18 жасқа дейінгі балалардың саны – 4855-ті құрайды.

2018 жылдың бірінші жартыжылдығында жұмыспен қамту орталығы арқылы 376 мүмкіндігі шектеулі адамды жалпы жұмыс орындарымен, оның ішінде 148 мүгедек жанды тұрақты жұмыс орындарымен қамтып отыр. 2012 жылдан бастап өңірімізде «Инватакси» қызметі ұйымдастырылған. Бастапқыда инватакси тек 2  болса, бүгінгі күні олардың саны 18-ге жетті. Арбадағы азаматтарды тасымалдауға арналған аппарелі бар арнайы баспалдақпен жабдықталған 112 автобус қызмет көрсетуде. Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарламалар аясында кәсіпкерлікпен айналысуды қалаған мүмкіндігі шектеулі қызылордалықтар әр салада өз істерін кедергісіз бастау үшін жан-жақты көмек ала алады.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.02.2019

Қазақстандық футболшы голландиялық клубқа 6:0 есебімен жеңіске жетуге көмектесті

17.02.2019

Болгариядағы "Странджа" турнирінде алты боксшымыз ширек финалға өтті

17.02.2019

Қазақстанның көрікті жерлері туралы бағдарлама халықаралық сыйлыққа ие болды

17.02.2019

Димаш пен Данэлияның The World's Best шоуындағы қарсыластары анықталды 

17.02.2019

Қ.Тоқаев Мюнхен конференциясына қатысты

17.02.2019

Көркем гимнастикадан Мәскеудегі Гран-при: Әділханова 19-шы орында

17.02.2019

Қарағанды облыстық соты республикалық байқауда жүлдегер атанды

17.02.2019

Қанат ТІЛЕУХАН. Қайтқан қыз (Әңгіме)

17.02.2019

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында ауқымды шара өтті

17.02.2019

Берни Сандерс АҚШ президенті лауазымы үшін қайта күресуге шешім қабылдады

17.02.2019

Дәрігерлер балаларды көңілді бимен оятты

17.02.2019

Алакөл ауданында көпбалалы отбасыларға пәтер берілді

17.02.2019

Қазақстан дзюдошылары Еуропа кубогінен екі медаль жеңіп алды

17.02.2019

Жансель Дениз Turkish Open турнирінде жеңімпаз атанды

17.02.2019

Елена Круглыхина могулшылар алдындағы басты міндетті атады

17.02.2019

17 ақпанға арналған ауа райы болжамы

16.02.2019

ҚХЛ: «Барыс» биыл «Авангардтан» төртінші мәрте жеңілді

16.02.2019

Сапарбаев: Бірде бір бала назарсыз әрі қамқорсыз қалмауы керек

16.02.2019

Головкин былғары қолғабын шегеге іле ме?

16.02.2019

Астана қаласы мен үш облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Keleli istiń paidasy

Búginde ár kólikke tirkelip beriletin memlekettik nómirlerdiń deni jappaı satylymǵa shyǵaryldy. Olar birkelki sandar men úılesimdi áripter tizbeginen quralǵandyqtan birden kóz tartady. Ony halyq arasynda «ádemi nómirler» deıdi. Atalǵan nómirlerdi alýǵa júrgizýshiler de yntyq. Ásirese qymbat kólik ıeleri úshin sándi nómirdi taǵý, ózine bir artyqshylyqty beretindeı kóredi. Endeshe bul nómirlerdi satylymǵa shyǵarǵannan kim utyp jatyr dep oılaımyz?

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Qumar oıynnyń quryǵy uzyn

«Aıdalada altyn bar» dese, soǵan birinshi qandastarymyz baratyn shyǵar dep oılaıtyn halge jettik. Bulaı deýimizge qoǵamda qordalanyp qalǵan, ordalanyp alǵan máseleler mysal bola alady. Sonyń biri – báske aqsha tigý, ıaǵnı býkmekerlik keńselerdiń keleńsiz kásibi bolyp tur. Jalpy, ózi jarymaı otyrǵan jannyń «úıde otyryp ońaı aqsha tabý jolyn úıretemin» degenine erip kete beretin ańqaý bolatynyna ekenine búginde kózimiz ábden jetti. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу