Қарағандыда Тамыз конференциясы өтті

Білім беру саласы қызметкерлерінің тамыз айында өтетін кеңесі алдын ала хабарландыруды қажет етпейтін дәстүрлі жиынға айналғалы қашан. Жалпыға ортақ саланың мәселелері талқыланатын алқалы басқосуды педагогтар ғана емес, алдағы күнін ойлаған үлкен-кіші асыға күтеді.

Егемен Қазақстан
23.08.2018 2051
2

«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капитал» тақырыбына арналған биылғы конференцияға Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов, облыстың Білім басқармасының басшысы Есенғазы Иманғалиев, Білім және ғылым министрінің орынбасары Бибігүл Асылова, «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның басқарма басшысы Күләш Шәмшидинова, Қазақ ақпараттық коммуникациялар академиясының президенті Шахмардан Сейілов, «Келісім» медиация және құқық орталығының директоры Гүлмира Нарбаева, Экономикалық және құқықтық зерттеулер институтының жетекші ғылыми қызметкері Есет Есенғараев, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының өкілдері, әр деңгейдегі білім бөлімдері мен оқу-әдістеме орталықтарының басшылары, білім беру саласының құрметті ардагерлері мен қызметкерлері, ата-аналар, онлайн режімде облыстың барлық түкпірлерінен 20 мыңнан астам адам қатысты.

Қарағандыдағы Кеншілер мәдениет сарайында өткен конференция басталмас бұрын, жиылған көпшілік ғимарат дәлізінде ұйымдастырылған тақырыптық көрмені тамашалады. Бұл жерде біздегі білім саласының қол жеткізген жетістіктері, заманауи білім беру құралдарының үлгілері көрініс тапқан. Биылғы оқу жылынан бастап мектептерде халықаралық «Мықты ғылым» жобасы жүзеге асырыла бастайды. Көрмеде осы жобаның мән-маңызы да айқын түсіндірілген. Қысқаша айтқанда, бастауыш сынып шәкірттеріне химия, физика, астрономия сияқты күрделі ғылымдардың негіздері жеңілдетілген, балаға ұғынықты әдістермен түсіндіріле бастайды. Бұл олардың нақты ғылымдарға ерте жастан қызығуына ықпал етуі тиіс. Бір айтары, бұл жобаны ауылдық мектептерде іске асыру үшін интернет желісінің жетімсіздігі кедергі келтіреді. Облыс әкімі Ерлан Қошанов бұл мәселені шешуді аудан-қала әкімдеріне жүктеді. Облыстың барлық білім беру мекемелерін интернет желісіне қосу барысын облыстың білім басқармасы қадағалайтын болады.

– Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев білім беру саласы экономиканың жеке секторы ретінде қарастырылуы керек екенін атап өткен болатын. Білімді адамдарсыз мемлекеттің ең құнды активі – адами капиталы болмайды. Демек, бүгінгі білім беру шығындарын әлеуметтік шығындар деп емес, аса маңызды және болашағы зор инвестициялар деп есептеу керек. Қаржыландыру жыл сайын артып келеді. Биыл білім беру бюджеті 93 млрд. теңгеден 100 млрд. теңгеге дейін артты, – деді тамыз кеңесінде баяндама жасаған облыс басшысы Е. Қошанов. – Мектептерді жөндеуге былтырғыдан бір жарым есе көп қаржы бөлінді. Соның арқасында 230 білім беру мекемесі жөндеуден өткізілді. Педагогтардың материалдық жағдайы да ескерусіз қалып отырған жоқ. Жаңа бағдарламалар бойынша және ағылшын тілінде оқытатын мұғалімдерге кейінгі екі жылда қосымша ақы төленіп келеді. Ал аттестаттаудың жаңа моделі бойынша еңбекақыға айтарлықтай үстемелер қосылады. Былтырғы оқу жылы жаман өткен жоқ. Атқарылған жұмыстарды биыл жалғастырып, әр істі соңына дейін жеткізу керек. Маңызды бастамаларды мен әрдайым өз бақылауымда ұстаймын.

Ерлан Жақанұлы атап өткендей, «бәрін айт та, бірін айт», бірінші кезекте әрдайым білім беру сапасы болуы шарт. Елімізде екі жыл бұрын білім берудің жаңа мазмұнына көшу ісі қолға алынды. Оның жемісті болуы педагогтар қауымына, олардың кәсіби жауапкершілігі мен ізденгіштігіне байланысты.

– 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту көрсеткіші биыл еліміз бойынша 93 процентті қамтып отыр, – деді өз сөзінде білім және ғылым министрінің орынбасары Бибігүл Асылова. Ал Қарағанды облысының бұл орайдағы жеке көрсеткіші – 98 процент. Бұған былтырғы жылы қабылданған санитарлық нормалар мен ережелер, мектепке дейінгі мекемелерге бизнес саласының ден қоюы оң ықпалын тигізген. Республика бойынша кейінгі үш жылда іске қосылған 1283 жекеменшік балабақшаның қомақты бөлігі Қарағанды облысында.

Бибігүл Амангелдіқызы мәлімдегендей, жаңартылған мазмұндағы білім беруге көшу ісі сәтімен жалғасуда: еліміздегі 1, 2, 5, 7 сынып оқушылары былтырғы оқу жылынан бастап жаңа бағдарламалар мен оқулықтар бойынша білім ала бастаса, биыл олардың қатарын 3, 6 және 8 сынып оқушылары толықтырмақ. Екі жыл ішінде жаңартылған бағдарламалар бойынша 150 мыңдай мұғалім оқытылса, тағы 73 мыңдайы оқытылып жатыр.

Вице-министрдің айтуынша, қазір елімізде білім беру саласында жан басына кететін шығын көлемі есептелуде. Яғни, әрбір шәкіртті оқытуға жұмсалатын қаржы айқындалады. Бұл шара республиканың жеті өңіріндегі 73 мектепте жүзеге асырылуда. Қаржыландыруды жан басына есептеу жаңа оқу жылынан бастап Астана қаласында, соның ішінде жеке мектептерде де қолға алынбақ. Айта кету керек, жан басына кететін шығындарды есептеу арқылы жеке мектептер салып, үш ауысымдағы және авариялық жағдайдағы мектептер проблемасын шешуге болады екен. Қарағанды облысында осындай көмекті қажетсініп отырған алты мектеп бар.

Ал кәсіптік-техникалық білім сапасын арттыру үшін, Бибігүл Амангелдіқызы атап өткендей, «Worldskills» халықаралық стандарттары бойынша тың бағдарламалар мен жаңа модульдік бағдарламалар енгізілуде. «Тегін техникалық және кәсіби білім баршаға» жобасы сәтті жүзеге асырылуда, «Жол картасының» осы бағыттағы жаңа жобалары жасалды. Кәсіптік-техникалық білім беру жүйесі үшін бүгінге дейін негізгі деген 500-ден астам шетелдік оқулықтар аударылған. Арнайы пәндер солардың негізінде жүргізіледі. Сонымен қатар, 10 мыңдай оқытушылар мен шеберлер жаңа мазмұндағы оқыту курстарынан өтті. 

Колледждерді белгілі бір салаларға бейімдеу – заман талабы. Қазіргі уақытта кәсіпкерлердің «Атамекен» ұлттық палатасы колледждер рейтингін жүргізуде. Оның нәтижелері мемлекеттік тапсырысты қалыптастыруға, білім беру бағдарламаларын нарық талаптарын ескере отырып жасауға негіз болмақ. Айтқандай, жан басына шаққандағы қаржыны есептеу биылдан бастап колледждерде де қолға алынады. Сынама жобаны жүзеге асырушылар қатарында Қарағанды колледждері де бар.

Биыл қосарлы (дуальдық) оқыту жүйесі кеңейтіле түспек. «Атамекен» ҰКП колледж студенттерін кәсіби тәжірибеден өтуге тартып, жастарға өндіріс орындарынан жетекшілер тағайындалады.

Соңғы үш жылда облыстың мектептеріне 1814 жас маман келсе, соның 884-і ауылдық мектептерде қызмет атқарады екен. «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы бойынша тұрғын үй сатып алуға 203 жас маман несие алған. Солай дегенмен, мектептерде кейбір пәндерден мамандар жетіспеушілігі әлі де бар. Былтыр білім ошақтарына 568 мұғалім жетіспесе, қазір де мектептер 90 мұғалімді қажет етіп отыр. Мәселені шешудің жолы – мұғалімдерге жағдай жасау, әсіресе баспана мәселесін шешіп беру қажет. Кеңесте облыс әкімі аудан-қала әкімдеріне жас оқытушыларды тартуға және олардың жағдайын реттеуге бағытталған жоспар әзірлеп, шаралар қолдануды тапсырды. Өңірде бос ғимараттарды қалпына келтіру жолымен жас мамандардың баспана проблемасын шешу ісі қазірдің өзінде қолға алынған.

Елбасының өзі бас болып көтерген студенттерге арналған жатақханалар мәселесі Қарағандыда да бар. Жоғары оқу орындарының студенттерінің өзі қазіргі уақытта мың жарымдай орынға мұқтаж. Бұл жерде мемлекет пен жекеменшік әріптестігін іске қосу көзделіп отыр.  Жатақханалар салуға бес жер телімі бөлініп, оның екеуінің жобалық-сметалық құжаттамасы дайын болған. Яғни, көп ұзамай құрылыс жұмыстары да басталады. Өңір басшысы Қарағандыда министрлік осы орайда алға қойған міндеттер сөзсіз орындалады деп сендірді.

Тамыз кеңесі әдеттегідей салтанатты шарамен қорытындыланды. Облыстың үздік педагогтары білім беру ісіне қосқан ерекше үлесі үшін арнайы төсбелгілермен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамоталарымен марапатталды. Облыс әкімі Ерлан Қошанов Ақтоғай ауданындағы екі мекемеге – «Факел» сауықтыру лагері мен Шашубай кентіндегі мектепке автобус сатып алуға сертификаттар табыс етті. Сонымен қатар, өңір басшысы 9 жас маманға ноутбуктар сыйлады.  

 

Қайрат ӘБІЛДА,

«Егемен Қазақстан»

ҚАРАҒАНДЫ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

16.11.2018

Экономикалық әріптестік жандана түспек

16.11.2018

Науқаншылдыққа бой алдырмасақ екен - Тимур Бектұр

16.11.2018

Оралмандар үміті – «Отандастар» қоры

16.11.2018

Ғылым саласында қолдау да, қиянат та бар - Әлімхан Жүнісбек

16.11.2018

Атадан туған аруақты ер

16.11.2018

Жастар жылынан не күтесіз?

16.11.2018

Тариф көтерілді, сервис деңгейі ше?

15.11.2018

Асхат Маемиров Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры болып тағайындалды

15.11.2018

Бекзат жаттыққан спортзал

15.11.2018

А. Майтиев тариф қалыптастырудың ашықтығын арттыру шаралары туралы айтып берді

15.11.2018

Тегеранда Қазақстан-Иран консулдық консультациялары өтті

15.11.2018

Бас прокуратурада бизнес саласындағы проблемалық сұрақтар талқыланды

15.11.2018

Қазақстан мен Швеция ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын анықтады

15.11.2018

Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясы өтті

15.11.2018

Алматыда композитор Әсет Бейсеуовты еске алу кеші өтті

15.11.2018

Президент Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Такир Балықбаевты қабылдады

15.11.2018

Жезқазған мен Сәтбаевтың арасында ірі супермаркет салынады

15.11.2018

Елбасы Словакия Республикасының Премьер-Министрі П. Пеллегринимен кездесті

15.11.2018

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Нұтфолла Шәкеновты еске алу кеші өтті

15.11.2018

Алматыда Құрманғазының 200 жылдығына арналған дәстүрлі музыка фестивалі аяқталды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

Дидар Амантай,

Sóz shyǵyny

Qazir sóz aldyǵa shyqty. Rolan Bart kótergen konnotasıa men denotasıa qaıshylyǵy, demek, sózdiń nársege emes, sózge nemese belginiń zatqa emes, belgige silteıtindigi jalǵan sana qalyptastyratyny jaǵdaıdy kúrdelendire tústi. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу