БҚО-да шалғай елді мекендерді өрттен қорғау мақсатында 12 өрт сөндіру бекеті құрылды

Батыс Қазақстан облысында шалғай елді мекендерді өрттен қорғау мақсатында 12 өрт сөндіру бекеті құрылды. Олар радиусы 20 шақырым аумақтағы 40-тан астам елдімекеннің қауіпсіздігін қамтамасыз етпек. Бұл жөнінде Батыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғау майоры Нұрлан Таубеков мәлімдеді.

Егемен Қазақстан
25.08.2018 1223
2

Былтыр Батыс Қазақстан облысында дала өрті жиі шығып, 10 мың гектардай жер күлге оранған еді. Биыл жаз басталғалы 3224 га дала, 80,7 га орман өртенді дейді төтеншеліктер. Биылғы қуаңшылық, мал азығының тапшылығы жағдайында аз өрттің де зардабы мол болғалы тұр.

- 2018 жылы орман және дала өрттерінің алдын алу және жою үшін бірқатар іс-шара атқардық. Болуы мүмкін қатерді алдын ала жоспарлап, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысы өткізілді. Облыс аумағында ғарыштық мониторинг жүргізу үшін «Ғарыш сапары» ҰҚ АҚ-мен келісім-шарт жасадық, оған6,5 млн. теңге бөлінді. Трансшекаралық аумақтарда табиғи өрттерді жою Ресей Федерациясы Төтенше жағдайлар министрлігі шекаралық губернияларымен келісіп, бірлескен командалық-штабтық жаттығу өткізілді. Осының бәрі өзінің оң нәтижесін беріп жатыр, - дейді Нұрлан Таубеков.

Шалғай елдімекендерді өрттен қорғау бекеттері бүгінде Бөрлі ауданынының Өспен, Ақсу, Киров ауылдарында, Зеленов ауданының Үлкен шаған, Егіндібұлақ ауылдарында, сонымен қатар Теректі ауданының Аңқаты ауылында, Қазталов ауданының Болашақ ауылында, Сырым ауданының Тоғанас ауылында, Ақжайық ауданының Алғабас ауылында, Шыңғырлау ауданының Лубен ауылында, Тасқала ауданының 2-Шежін ауылында және Бөкейорда ауданының Ұялы ауылында құрылған.

Өңірде табиғи өрттің алдын-алу және сөндіру үшін қазіргі уақытта 150 ерікті өртке қарсы құралым құрылған. Ерікті құралымдар құрамында 2966 адам қызмет етеді. Оларға 9 автоцистерна, 448 басқа техника, 1701 аспалы өрт сөндіру құралы және 105 мотопомпа берілген.

Батыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті БҚО ІІД Жергілікті полиция қызметі, Батыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы қызметкерлерімен бірге орман алқаптарында, табиғи демалыс орындарында рейд жүргізіп, орманда от жаққан тәртіпбұзушыларға жалпы көлемі 265 100 теңгелік 22 хаттама толтырған екен.

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

Батыс Қазақстан

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.09.2018

Оралда бокстан халықаралық турнирдің жеңімпаздары анықталды

24.09.2018

Қазақстанда ұшақ билеттері арзандауы мүмкін

24.09.2018

Қазақстанда 14 миллион тоннаға жуық астық жиналды

24.09.2018

«Түн құдайы» фильмі Парижде өткен ретроспектива барысында көрсетілді

24.09.2018

Универсиада алауы Алматы арқылы өтті

24.09.2018

Бүгін Бакуде үш дзюдошымыз белдесуде

24.09.2018

Бизнес салымдар үшін қай қаржы ұйымы тиімді?

24.09.2018

Юлия Путинцева WTA жаңартылған рейтингінде 46-орынға көтерілді

24.09.2018

БҰҰ Бас Ассамблеясының 73-ші сессиясы өз жұмысын бастады

24.09.2018

Виктория көліндегі апатта қаза тапқандар саны 225 адамға жетті

24.09.2018

Солтүстік Қазақстанда Жансүгір батырға еңселі кесене тұрғызылды

24.09.2018

Музей қызметкерлеріне үстемеақы төленгені жөн

24.09.2018

Жергілікті ерекшеліктер ескерілсе игі

24.09.2018

Қайрат «қаһарына» мінді

24.09.2018

Илон Масктың SpaceX компаниясы алғашқы жолаушының есімін жариялады

24.09.2018

Өзен арнасын бекіту – кезек күттірмейтін мәселе

24.09.2018

Медициналық көмек сапасы артады

24.09.2018

Атты әскер дивизиясының тағдыры

24.09.2018

Ұлттық рухтың ұстыны

24.09.2018

ШҚМТУ – ғылыми зерттеулер мен заманауи технологиялар орталығы

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Асан Мирас,

Ulaǵat pen muraǵat

Qaıǵyly ólimi qalyń jurttyń qabyrǵasyn qaıystyryp, qyrshyn ǵumyry qıylǵan óner, mádenıet, sport sańlaqtary qaı ultta bolsyn az emes. Ondaı has talanttardy halyq eshqashan umytpaıdy. Talanttardyń fánıdegi taǵdyry kelte bolǵanymen, halyqtyń júregi men jadyndaǵy ǵumyryn myńjyldyqtarmen ólsheýge bolady. Aıtalyq, áıgili grek ańyzyndaǵy aıbyndy batyrlar Ahılles pen Gektordyń esimderi dáýirlerden dáýirlerge kóshe júrip, ult sanasynda jarqyrap ǵumyr keshýde. Ańyzdyń epıloginde aıtylǵandaı, keıingi urpaq tıtandardy máńgi eske tutatyn bolady. Tipti, grektiń búkil tarıhy áli kúnge deıin ataqty Gektor men Ahıll shaıqasyna baılanysty óriledi. Biz muny nege aıtyp otyrmyz? Qaı ult bolmasyn, esimi elge eleýli tulǵalaryn este qaldyrýdyń esti joldaryn ustanady. Qazaq tarıhyn aqtarsaq ta, ádebıet betterin paraqtasaq ta túrli klassıkalyq joqtaý úlgilerine jolyǵatynymyz sózsiz. Joǵarydaǵy dańqty grek batyry Ahıllestiń de atyn aqıqatqa bergisiz asqaqtatqan áıgili Gomer abyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу