Таиланд Қазақстанның ядролық қаруды таратпаудағы бастамасын атап өтті

Бангкок қаласында БҰҰ-ның Азия мен Тынық мұхитқа арналған экономикалық және әлеуметтік комиссияның (АзТМЭӘК) штаб-пәтерінде Қазақстан Республикасының Таиландтағы Елшілігінің бастамасы бойынша Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күнге арналған «дөңгелек үстел» өтті. Форумға дипломатиялық корпустың, халықаралық ұйымдардың, академиялық топтардың және қоғам өкілдері қатысты.

Егемен Қазақстан
25.08.2018 11567
2

Қатысушылар ядролық қаруды қолдану мен сынақтан өткізу құрбандарын еске алу үшін бір минут үнсіздігік жариялады. Өз сөзінде, Қазақстанның Таиландтағы Елшісі Раушан Есбулатова Қазақстанның ядролық қарусыздану және жаһандық ядролық қауіпсіздіктің принципті және дәйекті жақтаушысы ретінде дамуындағы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың айрықша рөлін атап өтті.

Тәуелсіздігінің елең-алаңында әлемдегі төртінші ядролық арсеналынан бас тартып, Қазақстан еліміздің халықаралық қызметінің болашағын айқындайтын тарихи қадам жасады. Республика Ядролық қаруды таратпау туралы және Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарттына ТМД-ға мүше мемлекеттердің арасында бірінші болып қосылды. Семей келісіміне қол қою арқылы Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймағы құрылды. Қазақстанның бастамасы бойынша БҰҰ Бас Ассамблеясы Ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізу жалпыға бірдей декларациясын қабылдады. Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартына 2018 жылғы 2 наурызда қол қоюы Қазақстанның Ядролық қарусыздану жолын ұстануын растайды.

Р.Есбулатова қатысушыларды Мемлекет басшысы БҰҰ трибунасында мәлімдеген - 2045 жылға қарай ядролық қарудан азат әлемді құру өршіл мақсатына қол жеткізу үшін күш-жігерді біріктіруге шақырды.

АзТМЭӘК Атқарушы хатшысының орынбасары Каве Захеди «дөңгелек үстел» қатысушыларына арналған сөз барысында «Қауіпсіздік-Даму» байламы тұрғысында Қазақстанның ядролық қарусыздануға қатысты жүргізіп жатқан саясатының өзектіліген атап өтті. Таиланд СІМ Халықаралық ұйымдар департаменті Бас директорының орынбасары М.Срисвасди өз сөзінде ресми Бангкоктың ядролық қаруды таратпау ісі жолын ұстанатынын және Қазақстанның аталған бағыттағы бастамаларын қолдайтынын мәлімдеді.

Сонымен бірге Ресей, Моңғолия, Куба, Мысыр, Нигерия елшілері және Жапония, Мексика және Өзбекстан елшіліктері қазақстандық дипломаттарға елшілігіне іс-шараны өткізу бастамасына алғыс білдіріп, ядролық қарусыз әлемге қол жеткізуде күш-жігерді біріктірудің маңыздылығын атап өтті. Іс-шара шеңберінде Семей полигоны және ядролық сынақтардың салдары туралы фильм көрсетілді.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.09.2018

Головкин мен Альварестің үшінші жекпе-жегі болуы мүмкін бе? (ВИДЕО)

18.09.2018

11 жылдан кейін қайталанған тарихи кездесу

18.09.2018

Мемлекет басшысы қосарланған салықты болдырмайтын Өзбекстанмен арадағы келісімге өзгерістер енгізді

18.09.2018

Елбасы Байқоңыр тұрғындарына медициналық көмек көрсету заңына енгізілген өзгерістерге қол қойды

18.09.2018

Студент жастардың жатақхана мәселесі шешілуде

18.09.2018

Батыс Қазақстан облысында Мемлекеттік қызмет мектебі ашылды

18.09.2018

Жеңімпаздар әлем чемпионатына барады

18.09.2018

«Астана» 4 қазан күні өз алаңында Францияның «Ренн» клубымен ойнайды

18.09.2018

Атырауға алғаш рет Елбасының көшпелі көрмесі келді

18.09.2018

Қостанай облысының оңтүстік өңірі егін орағын аяқтап келеді

18.09.2018

Бауыржан Қарағызұлы Мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі болып тағайындалды

18.09.2018

Ақмола облысында 61 ІТ сыныбы ашылды

18.09.2018

Әлихан Смайылов Қаржы министрі болып тағайындалды

18.09.2018

«Адырна» республикалық әдеби-көркем ұлттық журналы аламан бәйге жариялады

18.09.2018

Статусты сәйкестендіру керек

18.09.2018

Қостанай облысында адасқан тырна аңшылық шаруашылығына тапсырылды

18.09.2018

Ақмола облысында 2870 орынды қамтитын 11 жатақхана салу жоспарлануда

18.09.2018

Әулиеата аймағында туризмді дамытудың нақты жоспары жасалды

18.09.2018

Құрылыс компаниялары қызығушылық танытуда

18.09.2018

Елімізде жұмыспен қамтылған жастардың саны - 2,1 млн адамды құрайды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Tо́relik qyzmetke tо́r qashan beriledi?

Abaı atamyz: «Burynǵy qazaq jaıyn jaqsy bilgen adamdar: «bı ekeý bolsa, daý tórteý bolady» dep aıtypty», deıdi. Rasynda, bul sózdiń ómir tájirıbesinen alynǵanyna esh kúmán joq. О́ıtkeni bul arada hakim bıdiń sany emes, sapasy daýdy azaıtatynyna mán bergeni anyq. Al endi bul búgingi kúni de elimiz aýmaǵyndaǵy tórelik qyzmet prosesinde týyndaıtyn qoǵamdyq qatynastardy sheshýde eń basty eskerer jaıt bolyp tur. Sebebi azamattyq daýlardy qaraýda qara qyldy qaq jaratyn ádil sheshimge qol jetkizý áli de arman.

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

О́mir súrý salty

BUU aqparatyna saı, áıelder arasynda eń joǵary ortasha ómir súrý uzaqtyǵy boıynsha 86,8 jaspen Japonıa aldyńǵy qatarda tursa, er adamdar arasynda 81,3 jaspen Shveısarıa birinshi orynda. Al keıbir elderde ortasha ómir súrý uzaqtyǵy tipti 60 jasqa da jetpeıdi. «Nege?» degen suraqqa túrli faktorlardy keltire otyryp jaýap berýge bolady.

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Búgingi qazaq áıeli

Qazaq áıeli qaı zamanda da qatparly taqyryp bolǵan. Epostyq jyrlar men ertegilerde, jyraýlar poezııasynda qazaq áıeliniń, qazaq qyzynyń asqaq beınesi áspetteldi, sulýlyǵy jyrlandy, jan dúnıesiniń izgilikti qasıetteri pash etildi. Baǵzydaǵy Tumar hanym men Umaı anadan bastap qazaq tarıhy da Domalaq ana, Aıpara ana, Qyzaı ana, beridegi Bopaı hansha men uly Abaıdyń ájesi Zere syndy ardaqty esimderge kenen bolyp kelgeni belgili. Qashannan-aq halyq qasıetiniń qormaly, ulttyń uıaty áıel bolǵan.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу