Президент • 27 Тамыз, 2018

Елбасы «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің директоры Ғабит Байжановты қабылдады

232 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кездесу барысында Мемлекет басшысына сыртқы барлау қызметінің биылғы 6 айда атқарған жұмысының негізгі нәтижелері және бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалуы жөнінде мәлімделді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Елбасы «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің директоры Ғабит Байжановты қабылдады

Нұрсұлтан Назарбаев көрші мемлекеттермен достық қатынастарды сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

– Шет елдердің арнаулы органдарындағы әріптестермен тығыз ынтымақтастықта болу қажет. Террористік идеяларды ұстанатындарды, соның ішінде Сириядан оралатындарды ұдайы бақылауда ұстау керек. Бұл сіздер атқаратын жұмыстың негізгі бағыты саналады, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы кездесу соңында бірқатар нақты тапсырма берді.