Әлем • 29 Тамыз, 2018

Иракта жарылыстан 20 шақты адам қаза тапты

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Иракта жарылыстан 20 шақты адам қаза тапты

Ирактың Эль-Каим қаласындағы бақылау-өткізу пунктінде жарылыс болды. Алдын ала дерек бойынша, оқиға салдарынан 20 шақты адам қаза тапқан. Жарақат алғандар да бар.

Жанкешті ішінде жарылғыш заты бар көлікпен бақылау-өткізу пунктіне соқтығысқан. Әзірге шабуылды ешбір топ мойнына алған жоқ.