Қазақстан • 30 Тамыз, 2018

Астанадағы «Қазақстан» спорт кешені өртенді

445 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанадағы «Қазақстан» спорт кешенінде өрт болды, деп хабарлайды ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

Астанадағы «Қазақстан» спорт кешені өртенді

ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің хабарлауынша, бүгін таңғы сағат 7:15-де «Қазақстан» спорт кешенінде өрт тұтанды.

«Үш қабатты ғимараттың бірінше қабатында жиһаздар жанды. Өрттің жалпы ауданы 50 шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер және құрбан болғандар жоқ. Алдын ала мәліметке сәйкес, өрт электр сымдардың тұйықталуынан шыққан. 27 минуттың ішінде жалынды толығымен сөндірдік», - деді комитеттің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Сондай-ақ 2 қыркүйекте «Ертіс» хоккей клубына қарсы ойнайтын «Бейбарыс» хоккей клубының барлық формасы өртеніп кетті. Бұл туралы комментатор Александр Олейник Твиттер парақшасында  жазды.