Спорт • 30 Тамыз, 2018

Артем Захаров Азия ойындарында екінші рет қола медаль иеленді

389 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Велотрекші Артем Захаров омниум бағдарламасы бойынша Азия ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Артем Захаров Азия ойындарында екінші рет қола медаль иеленді

Омниумда төрт қашықтық бойынша жарыс өтеді. Захаров бәсеке басталғалы бері үздік үштіктен көрініп отырды.  Тіпті, ұпай беретін соңғы жарыста ол бірнеше рет көш басында болған еді.

Алайда, жалпы ұпайды есепке алғанда, Артем үшінші орынға табан тіреді. Захаровтың еншісінде 112 ұпай бар. Бұл сында 119 ұпай жинаған жапондық Эйя Хашимото жеңімпаз атанды. Гонконгтық Винг Люнг 114 ұпаймен екінші орында. 

Еске сала кетейік, бұл - Захаровтың Азия ойындарындағы екінші қола жүлдесі.