«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақ, орыс және ағылшын тілінде 21 кітап шықты

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақ, орыс және ағылшын тілінде 21 кітап шықты. Олардың қатарында оқу орнының ғалым-ұстаздарының монография, оқулықтары мен оқу құралдары бар.

Егемен Қазақстан
05.09.2018 2739
2

Атап айтқанда, филология ғылымдары­ның докторы, профессор Тынысбек Қоңырат­байдың «Қазақ эпосының этника­лық сипаты» атты монографиясында эпос жанрының ұлт табиғаты, психологиясы, әдет-ғұрпы, салт-санасымен байланысы жан-жақты қарастырылған. Сонымен қатар еңбекте қазақ әдебиетіндегі мол эпос­тық мұраның танымдық сипаты ұлт тарихы­мен байланысты кеңінен сипатталған.

Әлеуметтік-гуманитарлық факуль­тетінің оқытушылары Рахия Дәрменова, Марат Тұрғымбай және Бибігүл Өтегенова­ның авторлығымен жарық көрген «Сәндік қолданбалы өнер» атты оқу құралы сәндік қолданбалы өнердің тарихи және теория­лық даму үрдісі жөнінде тереңірек білім алып, көркем шығарманы талдауға, ол туралы өз пікірін сауатты жеткізе білуге үйретеді. Кітап рухани мәдениетіміздегі асыл мұрамызды зерделеуге, көркемдік тәрбиені насихаттауға жол ашады.

Түркі халықтарының мақал-мәтелдері мен шешендік сөз өрнектері және оның қазіргі заманмен рухани сабақтастығы Қазақ филологиясы және әлем тілдері факуль­тетінің профессоры Болатхан Сар­басовтың «Ежелгі дәуір және түркі халық­тары әдебиеті» атты оқу құралында зерде­ленген. Сондай-ақ кітапта түркі ескерт­кіштеріндегі фольклорлық образдар мен мотивтер де анықталған.

Бабаларымыз математика, астрономия, физика, жаратылыстану салаларын жетік білген, байырғы заманда қазақ халқының оқу-білімге құштар болып қана қоймай, өзіндік өлшемдер мен мате­­ма­ти­калық әдіс-тәсілдерді ойлап тапқа­н. Бұл туралы Физика-мате­ма­тика факуль­теті­нің оқытушысы Советбай Елу­баев­тың «Қазақтың байырғы қара есептері» атты оқу құралында кеңінен қамтылған.

«Жаһандық заманауи қазақстандық мәдениет» атты монографияда Қазақ фи­ло­логиясы және әлем тілдері факуль­тетінің оқы­тушысы Сағира Оданова мем­ле­­кет­­тік тіл­дің коммуникативтік құры­лы­­мын­­­дағы өз­геріс­тердің концептуалды мә­се­­ле­леріне мән берген. Сондай-ақ кітап­та қазақ тілі де әлем­дегі басқа тілдер сия­қты дами­тын, қоғамм­ен бірге тыныстай­тын, жаң­ғыруға бейім тірі ағза ретінде қарастырылған.

Педагогика-психология факультетінің оқытушылары Шолпан Таубаева, Гүлнар Мұратбаева және Сайра Жиенбаеваның авторлығымен шыққан «Педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістемесі» оқулығында қазіргі заман білімгері үшін қажетті педагогикалық зерттеулерді жүр­гізу мен ұйымдастырудың әдістері, заманауи зерттеу құралдарын тиімді қолдану, педагогикалық зерттеудің сапасын зерттеу өлшемдері және әдіс-тәсілдері кеңінен сөз болады.

Сондай-ақ «Туған жер» бағдарла­ма­сы ая­сында университет оқытушысы М.Қана­бекованың қосалқы авторлығымен «Қасиетті Қазақстан» энциклопедиясының 1 томы, Жаратылыстану факультетінің профессоры К.Мамырова мен Е.Төлегеновтің «Қолданбалы география», Әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің доценттері Жамал Әшірбекова мен Ердәулет Берлібаев­тың «Отан тарихының тарихнамасы мен деректемесі», оқытушылар Л. Әділбекованың «ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы (1900 – 1940 жж.)», А. Жұбандықованың «Бастауыш сынып оқушыларының өлкетану іс-әрекетіне құндылық бағдарын қалыптастырудың ғылыми негіздері», С. Оданованың «The law of conservatіon іn the Kazakh language», «Философия и методология педагогики» және Г. Даниярованың «Let’s develop readіng and speakіng skіlls» атты оқу құралдары шықты.

 

Жандар АСАН,

Қыздар университетінің баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.11.2018

Елбасы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевті қабылдады

20.11.2018

Қайырымды қала тұрғындары тегін дүкен ашты

20.11.2018

Гүлшара Әбдіқалықова Албания Республикасының Еуропа істері және сыртқы істер министрімен кездесті

20.11.2018

Қ.Тоқаев Албанияның Еуропа және сыртқы істер министрі Д.Бушатиді қабылдады

20.11.2018

Павлодардағы электр қуаты 4 процентке төмендеді

20.11.2018

Түркі киносын әлемге таныту тақырыбына арналған дөңгелек үстел өтті

20.11.2018

Атырауда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде көшелерді жарықтандыру жобасы іске асырылады

20.11.2018

Павлодарда Елбасының өмірі туралы көрініске әртістер таңдалуда

20.11.2018

Түркістанда «Agrofest – 2018» фестивалі өтті

20.11.2018

Албанияның Сыртқы істер министрі Қазақстанға алғашқы ресми сапармен келді

20.11.2018

«Құлагер» ұлттық жүлдесі табысталды

20.11.2018

Жетпіс мың адамның жалақысы өседі

20.11.2018

Алматыда жаңа комедиялық фильмнің тұсауы кесілді

20.11.2018

Түркістан аймағының Берлинде басылған көне картасы

20.11.2018

Алматыда «Құлагер» ұлттық жүлдесі табысталды

20.11.2018

Талғат Ешенұлы. Жүрегі бар жалғыз үй

20.11.2018

Нұрсұлтан Назарбаев «Отырар сазы» оркестрінің жетекшісі Дінзухра Тілендиеваны қабылдады

20.11.2018

Қазақ ғалымы Швецияда су тазартудың экологиялық таза әдісін ойлап тапты

20.11.2018

«Қазақстан темір жолы» және «ҚазМұнайГаз» басқармаларының жаңа төрағалары тағайындалды

20.11.2018

Қайрат Әбдірахманов ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблея басшылығымен кездесті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Stokgolm sındromy

Jumyr jerdiń betinde sany jaǵynan bizden áldeqaıda kóp, alaıda táýelsiz el atanýdy mańdaılaryna jazbaǵan, ol oryndalmas armandaı kórinetin halyqtar az emes jeterlik. Jaratqannyń qalaýymen qolǵa tıgen táýelsizdik qazaq balasynyń eń bir asyl muraty edi.

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

«Baı bolsań halqyńa paıdań tısin»

«Batyr bolsań jaýyńa naızań tısin, Baı bolsań halqyńa paıdań tısin». Kezinde aıyr tildi Áıteke bı aıtqan aqyldy sóz. Keler ǵasyrlarǵa da keter ǵaqlıa.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу