«7-20-25» бағдарламасы бойынша ақтөбеліктердің 76 өтініші мақұлданды

Ақтөбе облысында Мемлекет басшысының бес әлеуметтік бастамаларын іске асыру іс-шаралары жоспарының орындалуы облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиында талқыланды.

Егемен Қазақстан
05.09.2018 5671
2

Халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған бес әлеуметтік бастаманы Мемлекет басшысы биылғы жылдың наурыз айында жариялады. Осыдан кейін, «Әрбір отбасы үшін тұрғын үй сатып алудың жаңа мүмкіндіктері» бастамасы аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі «7-20-25» жаңа ипотекалық бағдарламасын бекіткен болатын. Қазіргі уақытта осы бағдарлама бойынша несие алуға қабылданған өтініштердің санына қарай Ақтөбе облысы республикада 4-ші орында тұр. 1 қыркүйектегі жағдай бойынша екінші деңгейлі банктер 1 млрд. теңгеге  жуық заем алуға 115 өтінім қабылдады. 76 өтінім мақұлданды, олардың 26-ы қазірдің өзінде берілді, - деп хабарлады облыс әкімінің орынбасары Серік Төленбергенов.

Аймақ басшысы «7-20-25» бағдарламасын іске асыру қарқынын, сондай-ақ тұрғындарға жаңа ипотекалық бағдарлама бойынша ақпараттық-насихат жұмыстарын арттыру қажеттігін атап өтті. Облыс әкімі жиында екінші деңгейлі банктердің өкілдеріне «7-20-25» бағдарламасына қатысушыларға заем алу бойынша барынша көмек көрсетуге ұсыныс жасады.

- Мемлекет басшысының барлық бес бастамасы халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған, біз оларды сапалы және уақытылы орындауымыз керек. Мен барлық адамдарға өз жұмыстарын қатаң бақылауда ұстауды сұраймын, - деді облыс әкімі жиналыс қатысушыларына. Өз ісін бастауды қалайтын азаматтарды микронесиелеу бойынша жұмысты белсендендіру тапсырылды. Мемлекет басшысы халықты шағын несиелендіруді екі есе арттыруды тапсырды. 28 тамыздағы жағдай бойынша, тек өнімді жұмыспен қамту бағдарламалары мен жаппай кәсіпкерлік бойынша  364 азамат шамамен 1,5 млрд теңгеге жуық  шағын несие алды. Осы бағытта жұмыстар жалғасуда.

Жиын барысында Президенттің салықтық жүктемені төмендету жөніндегі бастамасы 32,5 мыңнан астам ақтөбелік тұрғындардың жалақысын көтеруіне ықпал еткендігі атап өтілді.

Бұдан басқа, қосымша білім беру гранттарын бөлу, 8 студенттік жатақхана құрылысы, сондай-ақ елді мекендерді газдандыру мәселелері қаралды. Бүгінде табиғи газбен аймақтың жалпы халқының 88% немесе 752 мыңнан астам адам қамтамасыз етілген.

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметтеріне сәйкес, биылғы жылдың соңына дейін Әйтеке би ауданының Аралтөбе ауылы мен Хромтау ауданының Жазық ауылын газдандыру аяқталады.

Бұдан басқа, жалпы құны 6,4 млрд. теңгеге 19 газбен жабдықтау жобаларын жүзеге асыру жалғасуда. Жобаның аяқталуымен 2019 жылы 11 ауылдық елді мекендердің 7 мыңнан астам тұрғыны табиғи газға қол жеткізеді.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.11.2018

Елбасы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевті қабылдады

20.11.2018

Қайырымды қала тұрғындары тегін дүкен ашты

20.11.2018

Гүлшара Әбдіқалықова Албания Республикасының Еуропа істері және сыртқы істер министрімен кездесті

20.11.2018

Қ.Тоқаев Албанияның Еуропа және сыртқы істер министрі Д.Бушатиді қабылдады

20.11.2018

Павлодардағы электр қуаты 4 процентке төмендеді

20.11.2018

Түркі киносын әлемге таныту тақырыбына арналған дөңгелек үстел өтті

20.11.2018

Атырауда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде көшелерді жарықтандыру жобасы іске асырылады

20.11.2018

Павлодарда Елбасының өмірі туралы көрініске әртістер таңдалуда

20.11.2018

Түркістанда «Agrofest – 2018» фестивалі өтті

20.11.2018

Албанияның Сыртқы істер министрі Қазақстанға алғашқы ресми сапармен келді

20.11.2018

«Құлагер» ұлттық жүлдесі табысталды

20.11.2018

Жетпіс мың адамның жалақысы өседі

20.11.2018

Алматыда жаңа комедиялық фильмнің тұсауы кесілді

20.11.2018

Түркістан аймағының Берлинде басылған көне картасы

20.11.2018

Алматыда «Құлагер» ұлттық жүлдесі табысталды

20.11.2018

Талғат Ешенұлы. Жүрегі бар жалғыз үй

20.11.2018

Нұрсұлтан Назарбаев «Отырар сазы» оркестрінің жетекшісі Дінзухра Тілендиеваны қабылдады

20.11.2018

Қазақ ғалымы Швецияда су тазартудың экологиялық таза әдісін ойлап тапты

20.11.2018

«Қазақстан темір жолы» және «ҚазМұнайГаз» басқармаларының жаңа төрағалары тағайындалды

20.11.2018

Қайрат Әбдірахманов ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблея басшылығымен кездесті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Stokgolm sındromy

Jumyr jerdiń betinde sany jaǵynan bizden áldeqaıda kóp, alaıda táýelsiz el atanýdy mańdaılaryna jazbaǵan, ol oryndalmas armandaı kórinetin halyqtar az emes jeterlik. Jaratqannyń qalaýymen qolǵa tıgen táýelsizdik qazaq balasynyń eń bir asyl muraty edi.

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

«Baı bolsań halqyńa paıdań tısin»

«Batyr bolsań jaýyńa naızań tısin, Baı bolsań halqyńa paıdań tısin». Kezinde aıyr tildi Áıteke bı aıtqan aqyldy sóz. Keler ǵasyrlarǵa da keter ǵaqlıa.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу