Алматыда Азия ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне құрмет көрсетілді

Бүгін Алматыда Индонезиядағы жазғы Азия ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне құрмет көрсетілді. Салтанатты шараға Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің бас хатшысы Данияр Абулгазин қатысты.

Егемен Қазақстан
06.09.2018 7408
2

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес, Азия ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне арнайы сыйақы бекітілді. Алтын жүлде иегерлеріне 10 000, күміс жүлдегерлерге 5000, қола медаль иегерлеріне 3000 АҚШ доллары көлемінде сыйақы тарту етілді. Сонымен қатар, ерекше көзге түскен спортшылардың бапкерлеріне де сыйақы тағайындалды.

«Қазақстан спортшылары Джакартадағы жазғы Азия ойындарына қатысып, жалпы есебі 76 медаль жеңіп алды. Құрлық додасында спортшыларымыз ел намысын абыроймен қорғап, олимпиадалық спорт түрлерінен жақсы нәтиже көрсетті. Кейбір үміт еткен спортшыларымыздың үдеден шықпаған сәттері де кездесті. Бірақ бұл - спорт, ең бастысы, Токиодағы жазғы Олимпиада ойындарында сәттілік пен жеңіс тілейміз. Келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап ұлттық құрама команда бас бапкерлерінің айлығы екі есеге көбейтіледі. Сонымен қатар, ҰОК спортшылардың Токио Олимпиадасына дайындығын мойнына алып, атлеттер алаңсыз дайындалуы үшін бар жағдайды жасайды», - деді Қазақстан ҰОК бас хатшысы Данияр Абулгазин.

Спортшылар атынан каратеден Азиада чемпионы атанған Гузалия Ғафурова мен шпагашы Дмитрий Алексанин сөз алды.

«Азия ойындарына қарқынды жаттығу жүргізіп, үлкен дайындықпен аттандық. Сол аралықта бізді қолдаған бапкерлерге, жанкүйерлерге және Ұлттық Олимпиада комитетіне көп рахмет! Азиадада Қазақстанның алғашқы алтынын иеленіп, қалған спортшыларымызға жол ашқаныма қуаныштымын», - деді Алексанин.

Ойын қорытындысы бойынша Қазақстан спортшылары 24 олимпиадалық және  Олимпиада бағдарламасына енбеген 3 спорт түрінен (джиу джитсу, самбо, кураш) 15 алтын,  17 күміс және  44 медаль иеленіп,  жалпы есепте 9-шы орыннан көрінді.  Атлеттеріміз  24 олимпиадалық спорт түрінен жүлде алды. Азиада тарихында тұңғыш рет шпагада семсерлесуден жекелей сында медальға ие болдық (Д. Алексанин, алтын медаль). Сонымен қатар, есу слаломы (А. Куликов, қола), батутта секіру (П. Әлиев, қола) және маунтинбайктан (К. Казанцев, қола) алғаш рет Азия ойындарынан жүлдеге қол жеткіздік. Ойын бағдарламасына алғаш рет енген дзюдодан командалық аралас сында біздің команда күміс жүлдегер атанды. Сегіз жылдық үзілістен соң жүзуден командалық эстафетада қола медаль иеленіп, көркем гимнастикадан құрлық үздігі атағын қайтарып алдық. Небары 16 жастағы гимнастарымыз Азиаданы бағындырған болатын.

Жалпы алғанда, Азия ойындарында 30 спортшымыз жеңімпаз атанды. 46 спортшы күміс,  66 спортшы қола жүлдегер. Командалық спорт түрлерін қоса есептегенде (142) әрбір үшінші қазақстандық спортшы Азиада медалін жеңіп алды.  17 команда Азиадаға толықтай жаңартылған құраммен қатысты. Айта кету керек, Қазақстан командасындағы спортшылардың басым бөлігі Азия ойындарына алғаш рет қатысып отыр.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.11.2018

«Қасиетті Қазақстан: Туған жерге тағзым» атты тарихи-танымдық экскурсиялар сериясы басталды

21.11.2018

ҰБТ-ға өзгерістер енгізіліп жатыр

21.11.2018

Мемлекет басшысы бірқатар заңдарға қол қойды

21.11.2018

Елбасы білім беру жүйесін одан әрі жаңғырту мәселесі жөнінде кеңес өткізді

21.11.2018

Түркістанның ежелгі беделін қайта көтеру – бүкіл түркі әлемі үшін үлкен жетістік болады

21.11.2018

Мархабат Байғұт: Әлемдік әдемі әңгіме

21.11.2018

Түркі киносын әлемге танымал етудің жайы талқыланды

21.11.2018

Бердібек Сапарбаев Ақтөбе қаласындағы өндіріс нысандарын аралады

21.11.2018

«Егемен Қазақстан» газетінің журналистері болашақ тілшілермен кездесті

21.11.2018

Голландиялық бизнесмен Ақтөбе облысының инвесторларға тартымды екенін айтты

21.11.2018

Нұрболат Ахметжанов: Көне тарих көмескі тартпасын

21.11.2018

Әбдіманап Бектұрғанов: Тарихқа тағзым

21.11.2018

Қ.Әбдірахманов: «Ұлы даланың жеті қыры» әлем мәдениетін жақындастырады

21.11.2018

Павлодарда археологтар б.з.д. 5-ші мыңжылдықта жерленген жылқылар сүйектерін тапқан

21.11.2018

«Ақтөбе» футбол клубы сенімді басқармаға берілді

21.11.2018

Ұлттар Лигасының қорытындысы шығарылды

21.11.2018

Такир Балықбаев: Жаңа еңбек жаңаша ой салды

21.11.2018

Ақтөбеде кәсіп бастағысы келетін жандарға кеңес берілді

21.11.2018

Мәулен Әшімбаев: Ұлт тарихын танудың жаңа кезеңі

21.11.2018

Chartbeat жобасы аясындағы байқау жеңімпаздары ашық деректер панелін құрады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tánti bolar tusy kóp

Jylda, Táýelsizdik kúni jaqyndaǵan saıyn osy ýaqyt ishinde elimiz qandaı jetistikterge jetti degen saýaldy ózimizge qoıyp, ony saralaýǵa tyrysamyz. Biraq mundaıda jappaı aıtylyp júrgen jetistikterdi emes, ózimiz baıqaǵan jeke kózqarastaǵy tabystardy taldaýǵa tyrysamyz. Sonyń ishinde kózge túsetin bir ǵanıbetti jańalyq – halqymyzdyń burynǵydaı eshkimnen qysylmaı, kimmen bolsa da ómirdiń barlyq salasynda ıyq teńestire túskeni.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Stokgolm sındromy

Jumyr jerdiń betinde sany jaǵynan bizden áldeqaıda kóp, alaıda táýelsiz el atanýdy mańdaılaryna jazbaǵan, ol oryndalmas armandaı kórinetin halyqtar az emes jeterlik. Jaratqannyń qalaýymen qolǵa tıgen táýelsizdik qazaq balasynyń eń bir asyl muraty edi.

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

«Baı bolsań halqyńa paıdań tısin»

«Batyr bolsań jaýyńa naızań tısin, Baı bolsań halqyńa paıdań tısin». Kezinde aıyr tildi Áıteke bı aıtqan aqyldy sóz. Keler ǵasyrlarǵa da keter ǵaqlıa.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу