Отырарда шағын бизнес дамып келеді

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев елімізде 2050 жылға дейін шағын және орта бизнестің үлесі 50 процентке жетуі керек деп межелеген болатын. Осы міндетке сай Отырар ауданында шағын және орта бизнес ойдағыдай қарқынды дамып келеді. Кәсіпкерлерге аудан әкімдігі тарапынан да кең қолдау көрсетілуде.

Егемен Қазақстан
07.09.2018 3320
2

Осы мақсатта Талапты ауыл округіне қарасты шаруаларын дөңгелетіп отырған бірнеше нысандар бар. Солардың бірі - «Сәлімбай» шаруа қожалығы. Бүгінгі таңда талапқа сай салынып жатқан мал бордақылайтын алаң жыл соңына дейін толық аяқталмақ. Аталған жайдың сыйымдылығы 50 бас малды күтіп-баптауға арналған. Айтарлығы, қожалықтың төрағасы Серік Дәуренбековтің әкесі тоқсанның төріндегі Ұлы Отан соғысының ардагері - Сейдахан ақсақал. Шаруа жайын тиімді жүргізіп, істің оңға дөңгелеуіне ардагер қарияның ақылы мен тәжірибесі зор ықпал етуде. Әлі де тың, шаруаға бейім ақсақал ірі қаралардың жем-шөбінің құнарлылығы мен уақтылы тамақтандыру, күтімін қадағалау сынды тынымсыз тірліктерін де өзі қадағалаудан жалықпайды. Біз жолыққанда Елбасының бүгінгі саясатына, ауыл кәсіпкерлеріне қолдау көрсетіп жатқанына дән ризалығын білдірді. 
Сондай-ақ, аудандағы «Бек» шаруа қожалығы жылыжай өндірісін қолға алып, халықты көкөніспен қамтамасыз етуде. Бұл шаруашылық негізінен қияр және қызанақ өсірумен айналысады. Алдағы уақытта өз өндірісін ұлғайтпақ ниетте. 

«Нұрдаулет -2004» ЖШС-нің басшысы маяқұмдық кәсіпкер Бақтыбай Байымбетов те қыс маусымында аудан тұрғындарының дастарханына қияр, қызанақ жеткізіп халықтың алғысын иеленіп келеді. 

"Тер төкпей, еңбектің жемісін жеу мүмкін емес. Әр өнімнің өзіне сай еңбегі жетіп артылады. Қазір қияр мен қызанақ өсірудің қыр-сырына әбден төселдік. Егіс аумағын ұлғайту жоспарымызда бар",-дейді Б.Байымбетов.

Бауыржан Мырзахметов басқаратын «Серік» шаруа қожалығының 6 гектар қарқынды бауы бар. Дәл осындай көлемде Көксарай ауыл округіндегі «Жұлдыз» шаруа қожалығы алма бағын отырғызған. Шахматтың шаршы алаңы секілді түзу тартылған алма ағашының аралықтарына егілген бақша өнімдері ерекше көз тартады. Алдағы уақытта алма өнімдері де өз тұтынушыларына жол тартпақ.

Сырдарияның қос жағалауы малға жайлы, суы балыққа толы. Балық шаруашылығын өркендетуді көксарайлық кәсіпкер Әбдуахит Есмұрзаев Көксарай көлінде қолға алыпты. Әбдуахит Есмұрзаевтың ата – бабалары да балық аулауды кәсіп еткен екен. Қазіргі таңда «Жұлдыз» шаруа қожалығы балық шаруашылығын дамыту жобасын жүзеге асыру жолында тынбай еңбек етіп жатқаны байқалады. Сондай-ақ, аталған көлде 10 млн куб су сақтауға, су тапшылығын жоюға мүмкіндік бар. Мұнда су мөлшерін реттеп тұратын тоспа салынған. Мұндағы су көксарайлық диқандардың мыңдаған гектар алқапқа егін егуіне жағдай жасайды. 

Отырар ауданы ежелден тары дақылы да көптеп өсірілетін аймақ саналады. Ертедегі кәсіпті балтакөлдік диқандар жалғастыруда. Бүгінде «Досжанов.С», «Кәусар» цехтары заман талабына сай тары өңдеуді бастаған. Еліміздің түкпір – түкпіріне тары – талқан өнімдерін жөнелтіп жатқан кәсіпкерлер Сабыржан Досжанов, Сәкен Әбжаппаров цех жұмысын жаңғыртып, жаңа технологиялар арқылы тары өнімдеріне атау беріп, саудаға әр түрлі заманауи қорапшалармен шығарып, өзіндік брендке айналдыруды мақсат тұтып отыр.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.11.2018

Шымкентте дәрігерлер тұрғындарға арнайы медициналық көмек көрсетті

21.11.2018

Израильдегі халықаралық турнирде Маңғыстаулық гимнасшылар 8 медаль иеленді

21.11.2018

Мәскеудегі Шереметьево әуежайында ұшақ ер адамды қағып кетті

21.11.2018

«Туған жерге тағзым» жобасы Түркістаннан басталды

21.11.2018

Елбасы: «Ұлы дала» атты ежелгі өнер және технологиялар музейін ашуға мүмкіндігіміз бар

21.11.2018

Алмасбек Әбсадық: Мазмұны терең ой-толғам

21.11.2018

Ертең бокстан шешуші сайыстар басталады

21.11.2018

Маңғыстауда 171 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды

21.11.2018

Б.Көшімбаев: Рухани жаңғырудың қайта түлеген жалғасы көңілімізді демдеп отыр

21.11.2018

Кәсіпкер мен әкімдік арасындағы дау «Атамекеннің» араласуымен шешілді

21.11.2018

Қарағандыда алты көшенің атауы өзгереді

21.11.2018

Ауылдарға көгілдір отын келіп жатыр

21.11.2018

Қызылордада полицейлер қан тапсырды

21.11.2018

Қазақстан құрамасы бесінші себетте

21.11.2018

Жаңақорған ауданында 63 пәтерлік 2 көпқабатты қызметтік тұрғын үй пайдалануға берілді

21.11.2018

Павлодарда Тұңғыш Президент күні  27 жаңа нысан пайдалануға беріледі

21.11.2018

Н.Назарбаев: «Ұлы даланың ұлы есімдері» энциклопедиялық саябағын ашуымыз керек

21.11.2018

Таэквондошылар Әбу-Дабиге аттанды

21.11.2018

Елбасы: Деректі-қойылымдық фильмдердің, көркем картиналардың арнайы циклін өндіріске енгізу қажет

21.11.2018

Польшалық заңгерлер Алматыға келді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tánti bolar tusy kóp

Jylda, Táýelsizdik kúni jaqyndaǵan saıyn osy ýaqyt ishinde elimiz qandaı jetistikterge jetti degen saýaldy ózimizge qoıyp, ony saralaýǵa tyrysamyz. Biraq mundaıda jappaı aıtylyp júrgen jetistikterdi emes, ózimiz baıqaǵan jeke kózqarastaǵy tabystardy taldaýǵa tyrysamyz. Sonyń ishinde kózge túsetin bir ǵanıbetti jańalyq – halqymyzdyń burynǵydaı eshkimnen qysylmaı, kimmen bolsa da ómirdiń barlyq salasynda ıyq teńestire túskeni.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Stokgolm sındromy

Jumyr jerdiń betinde sany jaǵynan bizden áldeqaıda kóp, alaıda táýelsiz el atanýdy mańdaılaryna jazbaǵan, ol oryndalmas armandaı kórinetin halyqtar az emes jeterlik. Jaratqannyń qalaýymen qolǵa tıgen táýelsizdik qazaq balasynyń eń bir asyl muraty edi.

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

«Baı bolsań halqyńa paıdań tısin»

«Batyr bolsań jaýyńa naızań tısin, Baı bolsań halqyńa paıdań tısin». Kezinde aıyr tildi Áıteke bı aıtqan aqyldy sóz. Keler ǵasyrlarǵa da keter ǵaqlıa.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу