Жүргізуші куәлігін ауыстыру мен көлік құралын тіркеу қызметтері онлайн форматқа ауысты

Енді жүргізуші куәлігін ауыстыру мен көлік құралын тіркеу мемлекеттік қызметтерін Egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы онлайн форматта алуға болады.

Егемен Қазақстан
09.09.2018 7766
2

Бүгін «Азаматтарға арналған үкіметтің» Қызылорда облысы бойынша филиал қызметкерлері осы қызметтерді автокөлік иелері арасында кеңінен ақпараттандыру және танымал ету мақсатында кең көлемді акция өткізді.

Іс-шара бір мезетте облыс орталығы мен аудан орталықтарындағы мақсатты аудитория көп жиналатын мамандандырылған ХҚКО-да, көлік сататын базарларда, автосалондарда өтті.

«Аталмыш қызметтерді онлайн-режимде алу механизмі өте қарапайым. Ол үшін egov.kz порталына кіріп, тиісті өтінімді толтырып және өзінің жеке электронды цифрлық қолтаңбасымен (ЭЦҚ) қол қойса болғаны.

Бұрын көлік құралын сатушы және сатып алушы осы қызметті көрсетуге өтінім беру үшін «Азаматтарға арналған үкіметтің» фронт-офисіне (ХҚКО, мамандандырылған ХҚКО) бір уақытта барлық қажетті құжаттарымен баруы қажет болатын. Енді азаматтар үйден шықпай-ақ, онлайн режимінде өтініш беру мүмкіндігіне ие болды», - дейді мемлекеттік корпорацияның облыстық филиал директорының орынбасары Айнұр Тобаева.

Мысалы, көлік құралын сатушы порталда авторизацияланады, «Көлік және коммуникация» бөліміне ауысады және «Көлік құралының тіркеу үшін электрондық өтініш беру» деген қызметті таңдайды. Содан кейін қажетті көлік құралының тізімін анықтайды, алаңды толтырады және өзінің электрондық қолтаңбасын пайдалана отырып, қол қояды. Онлайн қызметі сатушының барлық айыппұлдары мен салықтарын толық төлеуді, өзекті техникалық қарап тексеру болуын талап етеді. Осыдан кейін, көлік сатып алушы порталының жеке кабинетіне ол өтініммен таныса алады және қызметалушыға «танысты, сұрау салуға өтуіне болады» деген хабарлама келеді.

Егер сатып алушы мәмілеге келісім берген жағдайда, ол төленбеген айыппұлдар мен салық берешегін болуына тексерілетін келесі қадамға барады.

Сондай-ақ, осы кезеңде, сатып алушының жай немесе жоғары сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірін таңдауға мүмкіндігі бар.

Ал жүргізуші куәлігін ауыстыру тіпті оңай. Электронды порталда өтінімге фотосурет және қолтаңбаның сканерленген суреті қоса жүктейсіз. Жеке кабинетте құжаттың дайын екендігі туралы хабарлама алғаннан кейін мамандандырылған ХҚКО-ға барып тек дайын жүргізуші куәлігін алып кететесіз.

Мамандандырылған ХҚКО-ның құжат беру бөлімінде ауыстыратын ескі жүргізуші куәлігін, жеке басын куәландыратын құжат, мемлекеттік баж төлегені туралы электрондық чек пен өтінішті ұсынады.

Жүргізуші куәлігінің мемлекеттік баж құны бұрынғысынша өзгертусіз қалды – 1,25 АЕК көлемінде, яғни 3 006, 25 теңге.

Егер сіз жүргізуші куәлігін мерзімі өтіп кеткеннен кейін ауыстыратын болсаңыз, онда Сізге псих - және нарко - диспансерден анықтама, сондай-ақ 083-формадағы медициналық анықтама қажет болады.

Айта кетейік, қызмет іске қосылғаннан бері 150-ге жуық қызылордалық жаңашылдықтың игілігін көріп, аталмыш қызметтерді онлайн түрде алған.

Облыс көлемінде өтіп жатқан бүгінгі акция барысында 1000-ға жуық ақпараттық брошюралар таратылып, кеңес берілді. Шара алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.02.2019

Қарағанды облысында көпбалалы отбасыларды қолдаудың 10 қадамы жасалды

22.02.2019

Қостанайда әкім есебі жаңа ғимаратта өтті

22.02.2019

Қарағанды облысының тумасы Қазбек Нұржановтың құрметіне арналған 41-ші жеңіл атлетика жарысы өтті

22.02.2019

Қарағанды облысында 479 жоба іске асады

22.02.2019

Ұлттық валютадағы мәтін тек қазақ тілінде болады

22.02.2019

Sanofi - күдіктен ада компания

22.02.2019

Сенатор С.Айтпаева Германиядан келген делегациямен кездесті

22.02.2019

Қарағанды облысында көпбалалы отбасыларға тұрғын үй сертификаттары беріледі

22.02.2019

Ақтөбе облысында су тасқынына дайындық шаралары қабылданып жатыр

22.02.2019

Құралай Ахмет: Шет елде оқуға ынтасы бар кез келген адам «болашақтық» бола алады

22.02.2019

Жастар кәсіпкерлігіне арналған «Jas Business» семинары өтті

22.02.2019

Халықтың әл-ауқатын жақсарту – басты мақсат

22.02.2019

Жоғарғы сот жемқор судьяларды анықтауды күшейтеді

22.02.2019

Шаңғымен тұғырдан секіруден Қазақстан командасы әлем чемпионатында бақ сынайды

22.02.2019

Ерлан Қошанов көпбалалы отбасылар тұрғын үймен қалай қамтамасыз етілетінін айтты

22.02.2019

Мамандар: Денсаулық туралы жаңа Кодексті қабылдау бизнес үшін кедергілер туғызуы мүмкін

22.02.2019

Семейде «Нәджип Әмір» атындағы аудитория ашылды

22.02.2019

«Әбу-Даби Плаза» елордада жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді

22.02.2019

Милад Карими мен Аким Мусаев Мельбурндегі Әлем кубогінің финалына өтті

22.02.2019

Юлия Галышева бастаған Қазақстан командасы Жапониядағы әлем кубогіне қатысады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Jol erejesinen buryn, saqtyq kerek

Jasyratyny joq, ózimizdiń bir áriptesimiz, Qaraǵandy tas jolynan Astanaǵa kirer tusta keshqurym, ıaǵnı alageýim shaqta kóligimen bir adamdy basyp ketti. Ol jaıaý júrginshi jolaǵymen júgire basqan jandy kórmeı qalǵan. Qansha jerden kinásin moıyndasa da, ol – jaýapker. Sebebi jaıaý júrginshige arnalǵan jolaqta ereje buzdy. Toqtamady. Al toqtar edi, biraq adamdy kórgen joq. Mine, endi mundaı jaǵdaıda kimge kiná artasyz? Jaıaý júrginshi de opat boldy, júrgizýshi de qamalady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tyıym men tıyn

Toı-toımalaqta tún jamylyp óner kórsetetin kámelettik jasqa tolmaǵan, ómirleri aq paraqtaı taza, kóńilderi aq bulaqtaı móldir kishkentaılarymyzdy jasyna laıyqsyz kıindirip, boıandyryp kópshiliktiń aldynda shyǵarý, án saldyrý – qý aqshaǵa qunyqtyryp qoıǵan ata-analarynyń kinásinen. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу