Санкция: мылтықсыз майдан

Сыртқы әлеммен байланыс орнатуда көпвекторлы сая­сатты темірқазық ет­кен Қа­зақстан АҚШ және Ре­сей елдерімен тығыз ынты­мақ­тастықта. Қазіргі таңда аталған шет мемлекет­тердің өзара қарым-қа­ты­настары саласында орын алып отырған саяси-экономикалық кикілжіңдер мен түрлі деңгейдегі дау-дамайлар еліміздің олардың әрқайсысымен орнатқан екіжақты байланыстарына салқынын тигізе қойған жоқ.

Егемен Қазақстан
10.09.2018 4074
2

Бүгінгі Қазақстанның сыртқы саясаттағы жетістіктері еліміздің заман талабына сай өркендеуімен, әлемдегі озық құндылықтар мен игіліктерді тиімді пайдалануымен, барлық елдермен екіжақты және көпжақты тығыз байланыс орната білуімен, беделді халықаралық ұйымдарға толыққанды мүше бола отырып, өз мүддесі үшін нақты қадамдар жасауымен өлшенеді. Осы орайда еліміздің АҚШ, Ресей, әлемнің өзге де мемлекеттерімен стратегиялық әріптестігінің маңызды рөл атқарғаны анық. Сондықтан да біз бұл тиімді әріптестіктің өміршеңдігін, оның іргесі шайқалмауын қалаймыз.

АҚШ-Ресей қарым-қаты­нас­тары шеңберіндегі бүгінгі тартыс­тар мен мүдделер қайшылығынан туындаған жанжалдардың жалпы мазмұны мен сыртқы және ішкі сипатын біржақты көзқараспен бағалау қиын. Өйткені олардың арасындағы қалыптасқан жағ­дай­дың астарында жатқан тарап­тарға тиесілі аса маңызды мемле­кеттік құпиялар мен бір-бірінің жүйкесіне тиюді мақсат еткен жасырын іс-қимылдар, белгісіз ағыстар орын алған түйткілдерге қатысты түрлі жорамалдар жа­сауға мүмкіндік бергенімен, «пәлен» деп нақты тұжырымға келуді қиындатпай қоймайды.

Десек те, ресейлік арнайы органның бұрынғы қызметкері Сергей Скрипальдің және оның қы­зының Солсбери қаласында (Ұлыбритания) химиялық және биологиялық затпен улануы себебінен тұтанған АҚШ-Ресей қатынасындағы жаңа кикілжіңнің бүгінгі барысы жөнінде аз-кем сөз етейік.

АҚШ-тың Ресейді Скрипаль ісіне қатысты жауапкер деп тануы, Кремльдің мұны жала ретінде қабылдауы түрлі саяси мәлімдемелерге өзек болып әрі тараптардың бір-біріне деген өшпенділігін өршітіп тұр. АҚШ ескі әдетіне басып, санкция салу тәсілін қару ретінде қолдануда. Қарсыласын санкция сарсаңына салып тұқыртуда мол тәжірибесі бар Ақ үй осы жылдың тамыз айында Ресейге қарсы қолданатын санкцияның екі пакетін жариялады. Соңғы ақпараттарға қара­ғанда, санкцияның 27 тамызда күшіне енген бірінші пакеті бойынша Ресейге 21 түрлі тауарды экспорттауға ты­йым салынды. Бұл тауарларды негі­зінен химиялық қарулар жасауда қолданылатын технология­лар мен түрлі бұйым­дар, ұлттық қауіпсіздік саласында қолда­нылатын өнімдер, қару-жарақтар, оның ішінде авиацияда қол­данылатын электронды құрыл­ғылар, реактивті двигательдер, ұшқышсыз ұшатын аппараттар құрайды. Сондай-ақ АҚШ-тың қырына бұған дейін іліккен ресейлік компаниялардың қатары­на бұл жолы 14 заңды тұлға және молекулалық электрони­ка саласындағы Ресей Ғылы­ми-зерттеулер институты (НИИМЭ) қосылды. Бұл институт – Ресейдің микро және наноэлек­троника саласындағы ірі ғылы­ми-технологиялық зерттеулер жүргізетін құрылымы. Осы инс­ти­тутпен енді АҚШ-тың Сауда ми­нистрлігі өзара сауда-саттығын үзіп отыр.

Тағы бір айта кетер жайт, егер Ресей үш ай ішінде химиялық қару қолданбайтынына кепілдік бермесе және халықаралық бақы­лаушыларды тексеруге жібермесе, онда АҚШ тарапы санкцияның екінші пакетін алдағы қараша айының соңында іске қосуды көздеуде. Бұл кезеңде Ресейдің құрамында «Сбербанк» және ВТБ бар 7 банкісімен әріп­тестікті мүлде тоқтату, АҚШ-тың ауыл шаруашылығы өнімдерін есеп­ке алмағанда, өзара сауда айна­лымын барынша азайту, дип­ло­матиялық байланыстарға шектеу қою, ресейлік «Аэрофлот» компаниясы әуе кемелерінің АҚШ-қа рейсін үзу сынды мәселелер қа­растырылмақ.

Әрине, АҚШ-тың санкцияларына қатысты Ресейдің де айтар уәжі бар. Кремль жағынан таратылып жатқан мәліметтерге қарағанда, Ресей АҚШ-тың санкцияларынан сескеніп отырған жоқ. Бұл да Ресейдің өз бағытынан ауытқымайтынын білдірсе керек.

Мәселен, Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары С.Рябков АҚШ-тың Скрипаль ісінен кейін Ресейге қойып отырған шарттары ақылға сыйым­сыз деп есептейді. Оның айтуынша, АҚШ-тың талаптарын Ресейдің орындауы мүмкін емес екендігін қойылып отырған шарттардың авторлары мен орындаушылардың өздері де жақсы біледі.

Ал АҚШ салып отырған санк­­ция­ның бірінші пакетіне байла­ныс­ты Ресей Сауда және өнеркәсіп ми­нис­трі А.Мантуровтың пікі­­ріне қа­ра­ғанда, Ресей импорт­тап отырған қорғаныс саласы­на қатысты электронды құрыл­ғы­ларды Азия мем­ле­кет­терінен ала алады. Азия нарығы Ресей үшін ашық. Сондай-ақ ол қор­ғаныс және ғарыш саласына керек­ті жоғары технологиялық элек­­тронды құрылғыларды әке­луге бұрыннан шектеу қойыл­ған. Оларды жасаумен ресей­лік қор­ғаныс-өнеркәсіп саласын­дағы кәсіпорындар шұғылда­нады. Министрдің айтуынша, АҚШ санкциясына іліккен ком­панияларға Ресей үкіметі барынша қолдау көрсетеді.

Қазіргі таңда Ресей тарапы АҚШ-тың санкцияларына қарсы әрекет ету мақсатында тиісті шараларды қарастыруда.

Қалай десек те, АҚШ-тың санк­циялары халықаралық қоғам­дас­тықты алаңдатып отыр. Бұл санк­циялар талайлардың жүйке­сіне тиюде. Мұның соңы немен аяқталатыны, қандай зардаптарға апарып соқтыратыны белгісіз.

Айта кетейік, соңғы күндері Ұлыбритания тарапынан да Скрипаль ісіне байланыс­ты түрлі мәлімдемелер жариялануда. Тіпті ел үкіметі Солсбери қаласында тұрып келген бұрынғы ресейлік агент Сергей Скрипаль мен қызы Юлия Скрипальге у беріп қастандық жасаған екі күдікті туралы мәлімет жариялады. Лондон олардың ресейліктер екенін айтып, тіпті атын атап, түсін түстеп берді. Осы орайда ел премьері Тереза Мэй сенімді түрде аталған іске Ресей билігінің қатысы бар екенін жаһанға жариялады. «Дә­лелдерге сүйене отырып, поли­ция есімдерін жа­рия­лаған екі кү­дікті ресейлік әске­ри барлау қыз­метінің, яғни Бас барлау басқар­масының қыз­мет­керлері деп қорытынды жаса­дық», деді Тере­за Мэй.

Ал Ресей Сыртқы істер минис­­трлігінің ресми өкілі М.Заха­рова Ұлыбританияны ақпарат­тық айла-амалдарға бармауға шақырды. «Ақпарат құрал­дарында жа­рия­ланған есімдер мен суреттер біз үшін бейтаныс», деді ол. Сон­дай-ақ химиялық қаруларға тыйым салу жөніндегі ұйымның Ресейдегі тұрақты өкілі А.Шуль­гин Лондон жария еткен мәлі­меттерді арандатушылық деп мәлімдеді. Ресейдің Сыртқы істер министрлігі Лондон жариялаған сурет пен күдіктілердің аты-жөндері шындыққа жанаспайды деп отыр.

Қорыта айтқанда, АҚШ пен Ресейдің арасындағы текетірес үдеп барады. Арадағы мәселелер дип­ломатиялық жолмен жа­қын уақытта шешімін таппаса, ки­кілжіңнің екі жаққа да эконо­микалық тұрғыда ауыр зардаптарын тигізуі әбден мүмкін. Ал әзірге қос тарап бір-бірін сөзбен түй­реп, әртүрлі мәлімдемелер арқы­лы өз көзқарастарының, ба­ғыт­тары­ның дұрыстығын дәлел­деп бағуда.

Жолдыбай БАЗАР,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

16.01.2019

Сыртқы істер министрлігіне жаңа вице-министр тағайындалды

16.01.2019

Елімізде әлеуметтік кәсіпкерліктің дамуына қолдау көрсетеді

16.01.2019

Қазақстандықтар азық-түлікке қанша жұмсайды

16.01.2019

Зәуреш Ақашева: үстел теннисінен Ресей суперлигасы үлкен тәжірибе сыйлады

16.01.2019

Биатлоннан Қазақстан кубогі: екінші жарыс күнінің нәтижесі

16.01.2019

Әзербайжан мен Армения Сыртқы істер министрлері кездесті

16.01.2019

«Татулық» орталығының пайдасын дауласқандар көреді

16.01.2019

Атыраулық кәсіпкерлерді не алаңдатады?

16.01.2019

Соңғы технологиялар темекімен күресте жеңіп шықты

16.01.2019

Салықтық рақымшылықты жүргізуді қарастыратын Заң күшіне енді

16.01.2019

Сақтағанның жұмыртқалары лайкқа зәру емес

16.01.2019

Ресей, Иран, Әзербайжан үшжақты саммитке дайындалып жатыр

16.01.2019

Асқар Мамин Түркістандағы құрылыс жұмыстарымен танысты

16.01.2019

Бақтияр Зайнутдинов «Ростов» сапында алғашқы ойынын өткізді

16.01.2019

ШҚО Риддер қаласында «Көшбасшы болғың келе ме?» атты шара өткізілді

16.01.2019

Алматыда сымбатты ескерткіш орнатылды

16.01.2019

Алматыда аудармашылар мен авторлар кездесті

16.01.2019

Жанкүйерлер «Астана Опера» балет труппасын Нұрсұлтан Назарбаев әуежайында қарсы алды

16.01.2019

Депутат «Астана-Арена» стадионындағы кемшіліктерді атап көрсетті

16.01.2019

Ең белсенді салық төлеуші 126 084 түбіртек жіберген

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Bas paıda algorıtmi

Bas paıdany oılaý – búkil adam balasyna tán dúnıe. Ár adam balasynyń «ózim degende ógiz qara kúshim bar» degen qaǵıdat boıynsha tirshilik quratyny túsinikti. Biraq adam balasy qoǵam ishinde ómir súretindikten ár adamǵa tán osy qasıetti shektep ustaýǵa, ony qoǵamdyq múddege nemese qoǵamdyq ortada qalyptasqan tártipke baǵyndyrýǵa týra keledi. О́ıtkeni munsyz qoǵam damı almaıdy.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Ońtaılandyrý ońalta ma, omalta ma?

Orta bilim salasyna qatysty taǵy bir ońtaılandyrýdyń qulaǵy qyltıyp, «bul qalaı bastalyp, qalaı aıaqtalady?» degen sansyz suraq kóptiń kókeıin búlkildetip otyr. «Qundylyqtar aýysatyn, shyndyqtar shatysatyn uly ózgerister týysynda ómirdiń ózi karnavalǵa uqsap ketedi», dep Mıhaıl Bahtın aıtpaqshy, bilim salasyndaǵy mundaı reformalardan jurttyń júıkesi juqarý bylaı tursyn, karnavalǵa aınalyp bara ma degen kúdik joq emes. Qabyldanǵan, tolyqtyrylǵan zańdar, ár mınıstrdiń tusynda túzilgen baǵdarlamalar, oǵan bólingen qarjy – «óıtemiz de, búıtemiz» dep keletin jarnamaǵa bergisiz jıyndar, konferensıalar, onda sóılenetin sózder qısapsyz desek, artyq aıtqandyq bolmas.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Úılený men úı bolýdyń arasy

Statıstıka komıtetiniń ótken jylǵy máli­me­tine qaraǵanda, elimizde sońǵy on jylda 1,5 mıllıon jup otaý qursa, osy kezeńde 1 mıl­lıonnan astam jup ajyrasqan. Bul – árbir úshinshi neke buzyldy degen sóz.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Oıynshyq týraly oı

«Bárimiz balalyqtyń aýylynan kelgen­biz», oıynshyqpen oınaıtyn jastan áldeqas­han asyp ketsek te, keı-keıde balalarymyzdyń qolyndaǵyǵa qyzyǵa qarap qoıamyz. Qyńqyldap qandaı oıyn­s­hyq suraǵanyn, dúken sórelerinen kóz ala almaı turatynyn baqylaı júrip, búgingi balalardyń talǵamyn da birshama túsinip qalǵan sıaqtymyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Ataý men aqaý

Dúken, meıramhana, qonaq úı, shashtaraz, sulýlyq, sán salondary, basqa da túrli nysandardyń ataýy mańdaıshaǵa japsyryla salǵan jáı ǵana jazý emes, ulttyq bolmysymyzdy, ulttyq rýhymyzdy, qoǵamdyq sanany qalyptastyratyn, tárbıelik máni zor mańyzdy faktor sanalady. Solaı degenmen ókinishke qaraı, bul qurǵyryń túbiri sýyrylmaı qalyp qoıatyn aramshópti qansha otaǵanyńmen qaıta-qaıta qaýlap shyǵa beretini sıaqty áli kúnge deıin sheshimin tappaǵan túıini kóp túıtkildiń birine aınalyp otyr.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу