Қаражаттар уақытылы игерілуі тиіс - Б. Сағынтаев

Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев еліміздің 2018 ж. сегіз айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы мен республикалық бюджеттің атқарылуының қорытындыларын қарау барысында орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Егемен Қазақстан
11.09.2018 5168
2

Ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменовтың, қаржы министрі Б. Сұлтановтың баяндамаларын тыңдағаннан кейін, Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев бюджеттік қаражаттар елеулі сомада игерілмей қалған министрліктерге талап қойды. Мәселен, Қорғаныс министрлігінде республикалық бюджеттен бөлінген, игерілмеген қаражат сомасы — 15,4 млрд теңге, Мәдениет және спорт министрлігінде — 11,1 млрд теңге, Ауыл шаруашылығы министрлігінде — 10,9 млрд теңге, Ішкі істер министрлігінде — 9,5 млрд теңге, Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде — 5,7 млрд теңге. 

«Бұл өте үлкен қаражат сомасы, бұл ақшаға көптеген мектеп, аурухана, балабақша салып, жолдарды жөндеуге болады. Бұл қаражаттар уақытылы игерілуі тиіс», — деп Премьер-Министр, игерілмеген қаражаттар ведомстволардың теңгерімінен алынып, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыруға қайта бағытталатынын атап өтті.

Экономикалық өсім көрсеткіштеріне қол жеткізілмеген өңірлерге де жекелей назар аударылды.

Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев 2018 ж. сегіз айында республикалық бюджет қаражаттары 90%-ға игеріліп, игерілмеген сома 2,9 млрд тг құрағанын мәлімдеді.

Түркістан облысының әкімі Ж. Түймебаев 1,9 млрд тг сомасында республикалық бюджеттен бөлінген, игерілмеген мақсатты трансферттер туралы баяндады.

Батыс Қазақстан облысының әкімі А. Көлгіновтың айтуынша, жыл басынан бері өнеркәсіп бойынша тұрақты теріс мән байқалатынын атап өтті. Сонымен қатар, маусым айынан бастап оның теріс мәні артуда. Республикалық бюджеттен бөлінген мақсатты трансферттердің игерілмеу сомасы 1,4 млрд тг құрады.

Павлодар облысының әкімі Б. Бақауов өңірдегі игерілмеген мақсатты трансферттер сомасы 1,3 млрд тг құрағанын айтты.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қ. Ақсақалов 2 млн тг астам айналымы бар ШОБ саны 10 887 бірлікті немесе облыстығы жалпы жұмыс істеп тұрған ШОБ-тің 38% құрағанын, бұл жалпы республикалық мәннен 9,9%-ға жоғары екенін мәлімдеді. Сонымен қатар, республикалық бюджеттен бөлінген мақсатты трансферттердің игерілмеу сомасы 1,3 млрд тг құрайды.

Әкім А. Мырзахметов Жамбыл облысындағы игерілмеген сома 1,1 млрд тг құрағанын жеткізді.

Аталған мәселені қарау қорытындысын шығара отырып, Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев әкімдерге ағымдағы жағдайға талдау жасап, экономикалық өсімнің мақсатты көрсеткіштерінің орындалмауына жол берген, басшылардың жауапкершілігін қарауды тапсырды.

«Мемлекет басшысы кемінде 4% өсімді қамтамасыз ету міндетін қойып отыр. Алайда статистикалық деректерге сүйенсек, 8 айдың қорытындысы бойынша өсім 3,8% құрады. Тимур Мұратұлы (Сүлейменов) өз баяндамасында атап өткеніндей, жыл соңына дейін 4% өсімге қол жеткізу үшін, бізге ай сайынғы өсімді орта есеппен 4%-дан жоғары деңгейде қамтамасыз ету қажет. Атқаратын жұмыс көп», — деп Б. Сағынтаев, ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары А. Маминнің айтуына сәйкес, жұмыс тамыз айындағы демалыстарға және басқа да себептерге байланысты кешеуілдеп қалғанын атап өтті. 

Айта кету керек, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің деректеріне сәйкес, еліміздің экономикалық өсімінің төмендеуіне сыртқы факторлар мен турбуленттілік те әсер етуде.

«Әрине ішкі және сыртқы қолайсыз факторлар бар, алайда бұл тапсырмаларды орындамауға себеп емес. Бізде Президенттің тапсырмаларын іске асырып, осы жылды табысты аяқтай алатындай барлық мүмкіндік бар. Сондықтан да бұл мәселеге мұқият жауапкершілікпен қарауды тапсырамын. Әкімдерге жергілікті жерлерде мән-жайды анықтап, жұмысын тиісінше атқармаған басшылардың жауапкершілігін қарауды тапсырамын. Қабылданған шаралар мен тәртіптік жазалар туралы ақпаратты бір апта мерзім ішінде Премьер-Министр Кеңсесіне ұсыныңыздар», — деді Премьер-Министр.

Ұлттық экономика министрлігіне, мүдделі мемлекеттік органдар мен Премьер-Министр Кеңсесіне қыркүйектің соңына өңірлердің, банктердің, бизнес пен квазимемлекеттік сектордың қатысуымен кеңес дайындауды тапсырамын.  

«Негізгі мәселе – Президент тапсырмаларынның орындалу барысы, әсіресе – сессияның ашылуында берілген тапсырмалар, Президенттің Бес әлеуметтік бастамасы бойынша тапсырмалар. Тимур Мұратұлы, тапсырмалардың орындалу сапасы, проблемалар мен оларды шешу жолдары бойынша егжей-тегжейлі талдау қажет», — деп түйіндеді Премьер-Министр. 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.09.2018

Д.Қыдырәлі – Түлкібас ауданының құрметті азаматы

20.09.2018

Мемлекеттік органдардың бірыңғай платформасы құрылады

20.09.2018

Қостанайда жалпықазақстандық диктантқа 4 сынып оқушысы қатысты

20.09.2018

Павлодарда Google компаниясының қызметкері Қуат Есеновпен кездесу өтті

20.09.2018

Әділ Дүйсенбек. Ұрпақ сабақтастығының үлгісі

20.09.2018

2018 жылдың 8 айында 7,7 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

20.09.2018

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының екінші кезеңі басталды

20.09.2018

Астана қаласы Әуе көлік прокуратурасы жолжүктерді ашудың 80 дерегін анықтады

20.09.2018

Елбасы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

20.09.2018

GGG үздіктер тізімінде төмендеді

20.09.2018

Қазақстан құрамасын Кака баптайды

20.09.2018

Сапа менеджментін енгізу бәсекеге қабілеттілікті нығайтады

20.09.2018

Елімізде 1 қазаннан бастап депозит шарттары өзгереді

20.09.2018

Машина жасаушылар форумына әлемнің 20 елінен 1000-нан астам делегат қатысады

20.09.2018

Жеңімпаз қыздың қайырымдылығы көпке үлгі

20.09.2018

Б. Сағынтаев Инвесторларды тарту мәселелері жөніндегі Үкіметтік кеңестің отырысын өткізді

20.09.2018

Экс-чемпион бокс мектебінің директоры болып тағайындалды

20.09.2018

 Жаңа заң – жаңа үміт

20.09.2018

Мөлдірдің мөлдір әлемі

20.09.2018

Көкшетау тұрғыны тираждық лотерея ойынының миллионері атанды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Tо́relik qyzmetke tо́r qashan beriledi?

Abaı atamyz: «Burynǵy qazaq jaıyn jaqsy bilgen adamdar: «bı ekeý bolsa, daý tórteý bolady» dep aıtypty», deıdi. Rasynda, bul sózdiń ómir tájirıbesinen alynǵanyna esh kúmán joq. О́ıtkeni bul arada hakim bıdiń sany emes, sapasy daýdy azaıtatynyna mán bergeni anyq. Al endi bul búgingi kúni de elimiz aýmaǵyndaǵy tórelik qyzmet prosesinde týyndaıtyn qoǵamdyq qatynastardy sheshýde eń basty eskerer jaıt bolyp tur. Sebebi azamattyq daýlardy qaraýda qara qyldy qaq jaratyn ádil sheshimge qol jetkizý áli de arman.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу