Қойлық құпиясы

Егер «уақыт машинасына» отырып, осыдан тура 765 жыл бұрынғы Жетісу аймағына сапар шегу мүм­­кіндігі болғанда, біз қоңыр күздің бүгінгідей шуақты күнінде әйгілі саяхатшы Вильгельм де Рубрукпен жүздесер ме едік... 

Егемен Қазақстан
12.09.2018 2483
2

Еуропада емес, өзіміздің жер­ұйық мекенде. Өйткені дәл 7 жарым ғасыр бұрын көне құр­лықты дүбірлеткен француз мә­дениетінің өкілі Ұлы Дала тө­сіндегі өркениет ошағына қадам басқан еді. Франция королі IX Людовиктің елшісі, саяхатшы Вильгельм де Рубрук Жетісуға алғаш рет аяқ басып, керуен­ жо­лының тоғысындағы ірі қалаға келгендігі жайлы былай деп жазады: «...көптеген көпестер қатынап тұрған Қаялық деген үлкен қала таптық...». Саяхатшының ағысы қатты Іле өзені аңғарын бойлай өтіп, қазіргі Алматы облысының аумағындағы бірнеше арналы өзендерді кешіп өткеннен кейінгі суреттемесі осылай аяқталды. Яғни 1253 жылы IX Людовик патшаның пәрменімен Орталық Азия аймағына сапарға шыққан Рубруктың Жетісуға келіп, көне Қойлық шаһарына бас сұққаны жайлы дерек нақты.

Рубрук жазбаларында Қаялық деп аталған көне қала қазіргі Сарқан ауданының аумағында жатыр. Біздің заманымыздың IX-XII ғасырлары аралығында Жібек жолы бойындағы ең ірі сауда орталығы мен керуен көшінің тоғысында болған қарт Қаялықтың құпиясы әлі толық ашыла қойған жоқ. Шаһар атауы да ауыздан-ауызға көше келе Қойлыққа айналған. Тіпті Жетісудың шығысындағы өркениет ошағының нақты қай мекенде қоныс тепкені жайлы тарихшылар мен археологтердің арасында ұзақ дау бол­ған екен. Көне қала шежіресі жайлы тари­хи деректерді алғашқы болып ұсын­ған қазақтың біртуар ұлы Мұхамет­­жан Тынышпаев болатын. Одан әріде Шо­қан Уәлихановтың жазбаларында да Қой­лық жайлы қызықты дәйектер кездесе­ді. 1964 жылы Жетісу археология­лық экспедициясы барлау жұмыстарын аяқтап, көне қаланың Сарқан ауданы Антонов ауылының іргесінде болғанын анықтаған. Ал 1997 жылы археолог Карл Байпақовтың басшылығымен Қойлықта қазба жұмыстары басталды. Көне шаһардың атауы жаңғырып, Антонов есімін иеленген ауыл Қойлық аталды.

Қойлық қалашығы әлі күнге дейін құпиясын толық ашпаған тарихи жәдігер ретінде қалып отыр. Қазба жұмыстарының нәтижесінде осыдан 7 ғасыр бұрынғы өркениет өлшемін қолмен ұстатқандай дәйектер табылған. Мәселен, сол тұста Жетісу алабында будда, христиан және ислам діндері өркениетінің қатар дамығанына дәлел жеткілікті. Аршылған топырақ астынан мешіт, шіркеу, храм қалдықтарын көзбен көруге болады. Шығыс моншасы, түрік хамамы сияқты орындар да табылған. Қала ішінде коммуникация желісі де болғанына айғақ бар. Терең көмілген топырақ астынан шыққан қыш құбырлар ғимараттарға су жеткізу жүйесінің дамығанынан хабар берсе керек. Әрине бүгінгі заман үшін 765 жыл бұрынғы өркениет дегеніңіз аңыз ғана...

Қойлықтағы қазба жұмыстары ашық әдіспен жүргізілуде. Бұл жағдайда аспан астындағы үйінділерді жаңбыр суы шайып, жәдігерлерді бүлдіріп кетпес үшін қазба қабаттары қайта көміледі. Өкінішке қарай, бұл көне қаланың тарихи келбетін қалпына келтіруге кедергі болып отыр. Яғни аршылған қазбаны көруге ынталы адамдардың қорғандарды аралауына жағдай жоқ. Болмаса, тарихи туризмнің көзі ретінде Қойлық қалашығының екінші ғұмырына жан бітер ме еді? 2013 жылы Будда ғибадатханасының орнын толықтай қазып, қалпына келтіруге тырысқан Карл Байпақов қалашықтың үстін шы­нымен қаптап, қар мен жауыннан қор­ғайтын арнайы құрылғы орнату ­жайлы айтқан екен, бірақ ол арман жақын жылдары орындалатындай емес. Мәселе қаржыда...

Қазір Қойлық ауылындағы Мағжан Жұмабаев атындағы мектептің ұжымы көне тарихтың шырақшысы болып отыр. Қазба орындарынан табылған жәдігерлер оқу орнының музейінде сақталуда. Мектептің оқушыларына дейін туған өлкесінің тарихы туралы аңыз әңгімені жатқа соғады. Осы мектептің қорында ауыл тұрғындары тауып алған қыш құмыралар, басқа да көне өркениеттің белгісі бар жәдігерлер көптеп сақталған.

– Қойлық қалашығы ЮНЕСКО пәрменімен «Дүние жүзінің мәдени мұрасы» тізіміне енген тарихи нысанның бірі. Алматы облысында мұндай 3 тарихи орын бар. Осы Қойлық, Талғар ауданындағы Талхиз қалашығының орны және Балқаш ауданындағы Қарамерген қорымы әлемдік өркениет белгісі ретінде қорғалады. Ал «Қасиетті Қазақстан» жобасына Алматы облысы бойынша макронысандар тізіміне 17 нысан, микронысан тізіміне 41 нысан енгізілген. Аймақта «Ескерткіштердің электронды картасы» жасалды. Оған аймақтағы 2444 тарихи, мәдени, табиғи ескерткіш кірді. Қойлық қалашығы да бұл тізімде бар. Биыл облыстағы 5 тарихи нысанға археологиялық қазба жұмыстары жасалуда. Қойлықтағы аршу жұмыстары мен жәдігерлерді сақтау мәселелеріне назар аударып отырмыз, – дейді Алматы облысы әкімінің орынбасары Ақан Әбдуәлиев.

 

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Алматы облысы,

Сарқан ауданы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

12.11.2018

Аустрияның Санкт-Пёлтен қаласында Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды

12.11.2018

Алматыда Батырхан Шүкенов атындағы музыкалық байқау өтеді

12.11.2018

Атырау облысында жыл соңына дейін 30 әлеуметтік нысан іске қосылады

12.11.2018

«Түркілердің атасына» көрсетілген құрмет

12.11.2018

Өскемен қаласының көшелеріне Әміре Қашаубаев пен Қалихан Ысқақтың аты беріледі

12.11.2018

Румынияда қазақ киносының фестивалі өтті

12.11.2018

Атырау облысында 1720 кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысын көтереді

12.11.2018

Атырауда «1st Grand Ball Atyrau» қайырымдылық балы өтті

12.11.2018

Парижде үш жылға созылған төрелік дау Қазақстанның пайдасына шешілді

12.11.2018

Ақтөбелік қыз Димаш Құдайбергеннің Лондондағы концертіне қатысады

12.11.2018

Ыстамбұлда Д.Кәлетаев шетелдік қазақ ұйымдарының басшыларымен кездесу өткізді

12.11.2018

Ақтөбе мен Челябі ынтымақтастық туралы келісімге келді

12.11.2018

Алматы әкімі қаланың қыс маусымына дайындығын тексерді

12.11.2018

Парижде Трамп, Путин, Макрон және Меркель бірқатар мәселелерді талқылады

12.11.2018

Қазақстан Ауғанстан жөніндегі отырысқа қатысты

12.11.2018

Америкалықтар Қостанай облысына инвестиция салғысы келеді

12.11.2018

Қазақстандық ару Miss Asia Global титулын жеңіп алды

12.11.2018

«Астана LRT» ЖШС орталық кассасы бүгіннен бастап жаңа мекен-жай бойынша жұмыс істейді

12.11.2018

Денис Никиша шорт-тректен әлем кубогінде үздік төрттікке енді

12.11.2018

Калифорниядағы орман өрті: Парадайс қаласы жанып кетті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

Дидар Амантай,

Sóz shyǵyny

Qazir sóz aldyǵa shyqty. Rolan Bart kótergen konnotasıa men denotasıa qaıshylyǵy, demek, sózdiń nársege emes, sózge nemese belginiń zatqa emes, belgige silteıtindigi jalǵan sana qalyptastyratyny jaǵdaıdy kúrdelendire tústi. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qazaq otbasy

Otbasy uǵymy – qazaq úshin qasıetti de qadirli. Túbiri − ot, ot jylý beredi, ómir syılaıdy, tirshiliktiń kózi, úıdiń ishindegi «ýildegen» jeldi, «azynaǵan» aıazdy toıtaryp, otbasy ıesine sanalatyn adamǵa baq-dáýlet darytady. Otanasy, otaǵasy degen eki sózdiń arǵy jaǵyna oı jiberseń – qazaqtyń kemeldigine, bárin qysqa baılammen uǵyndyratyn kemeńgerligine kóz jetkizesiń. Sondyqtan da shyǵar, otbasy qaǵıdasynyń qashan da bıik turatyny. Qazaq otbasyn qurǵanda jetesizdikten jerip, kórgensizdikten boıyn aýlaq salǵan. Ata-ana úlgisin alǵa ozdyrǵan.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Zaman talqysyndaǵy qazaq

Feısbýktegi paraqshamdy ashyp qaraımyn da oılanamyn. Feısbýkti men ádette merzimdik buqaralyq aqparat quraldarynyń nazarynan tys qalǵan oqıǵalar men jańalyqtardy jáne oǵan degen qoǵamnyń kózqarasyn bilý úshin ashamyn. Meniń paraqshamda úsh jarym myńnan astam jazylýshym bar. Olardyń 95 paıyzdan astamy – qazaqtar.

Сайын БОРБАСОВ, саяси ғылымдар докторы

Halyqaralyq bedel jáne syrtqy saıasat

Álemdik úrdister jyldamdap, halyqaralyq qatynastar shıeleniske túsken zamanda tıimdi syrtqy saıasatty iske asyra alǵan memleketter tabysty damıdy.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу