Әлем • 13 Қыркүйек, 2018

Нұрсұлтан Назарбаев Режеп Тайип Ердоғанмен кездесті

462 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен кездесті.

Нұрсұлтан Назарбаев Режеп Тайип Ердоғанмен кездесті

Салтанатты қарсы алу рәсімінен кейін Қазақстан мен Түркия президенттері арасында келіссөз өтті.

Кездесуде мемлекеттер басшылары екі жақты ынтымақтастықтың және сауда-экономикалық қатынастарды нығайтудың өзекті мәселелерін талқылады.  

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев пен Режеп Тайип Ердоған халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі маңызды мәселелер жөнінде пікір алмасты.