Қазақстан • 16 Қыркүйек, 2018

«Astana Art Show» көрмесі басталды

418 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанаға суретшілер, мүсіншілер мен фотографтар жиналды. Олар ASTANA ART SHOW көрмесіне қатысып жатыр. 

«Astana Art Show» көрмесі басталды

Отандық және шетелдік өнер иелері  өз туындыларында қазіргі заманның бет-бейнесін өзгеше бағытта беруге тырысқан. Шара аясында танымал қылқалам шеберлері  дәріс оқып,  шеберлік сабақтарын өткізеді. Ал балаларды ойын-сауық бағдарламалары күтеді. Көрме қазан айының соңына дейін жалғасады.

Әсел Ахметжанова, «Astana Art Show» көрмесінің кураторы:

- Бұл жастарға арналған көрме. Шараға 40-қа жуық шығармашылық өкілдері қатысты. Дені жастар. Мұнда қойылған жұмыстардың басым бөлігі ірі халықаралық көрмелерге қойылып, халықтың бағасын алған. Осы Astana Art Show-қа  арнап жасалған жобалар да бар.