Қазақстан • 17 Қыркүйек, 2018

Түбі бір елге төр дайын

445 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өткен аптада Түркия­ға жасаған ресми сапары барысында екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ба­ғы­ттар жан-жақты тал­қы­ланып, өзара әріп­тестікті уақыт талабына сай жандандыруға өзін­дік ықпалын тигізетін бір­неше құжатқа, нақ­ты­лай айтқанда, 1,7 миллиард доллардан асатын 24 коммерциялық келі­сім­шартқа қол қойылуы Қазақстан-Түркия қа­ты­насын жаңа деңгей­ге көтерудің маңызды қадамы болды.

Түбі бір елге төр дайын

Бүгінде сауда айналымы жөні­нен Қазақстанның стра­те­гия­­лық серіктестерінің алғаш­қы ондығына кіретін Түркия мен еліміздің арасындағы тауар айналымы өткен жылы 27 про­центке өсіп, 2 миллиард АҚШ долларына жуықтаған. Елба­сының сөзіне қарағанда, бұл көр­сеткішті болашақта 5 мил­­­лиард долларға жеткізу мақ­­сатын­­да тиісті жұмыстар жүргізілмек.

Жалпы, тәуелсіздіктің ширек ғасырдан астам уақытында елі­мізге Түркия тарапынан 3 ми­л­лиардтан астам АҚШ доллары көлемінде инвестиция құйыл­ған. Сондай-ақ қазіргі кез­­де Қазақстанда түрік капи­талы­ның қатысуымен 2 мыңға жуық кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Бұл Қазақстан-Түркия бай­ла­нысының тереңге кеткенін аңғар­тады. Қазіргі таңда екі ел де көлік-транзит, мұнай-газ, әс­к­ери-техникалық, ауыл шаруа­шы­лығы, туризм, мәдениет, бі­лім, ғылым және техноло­гия сала­­ларындағы ынтымақ­тас­тық­ты одан әрі дамытуға мүдделі.

Тараптар арасындағы ха­лықара­лық және өңірлік ұйым­дар шеңберіндегі көпжақты пішіндегі әріптестік те жүйелі түрде даму үстінде. Мәселен, елі­міз бен Түркия БҰҰ, АӨСШК, Түркі кеңесі, ИЫҰ, ЕҚЫҰ және өзге де халықаралық ұйым­дар шеңберінде тығыз ынтымақ­тастық процесін жалғастыруда.

Қазақстан мен Түркия ара­сын­дағы экономикалық бай­ла­ныстың тиімділігін арттыруға «Жаңа синергия» бағдарла­масының көп пайдасы тиді. Екі ел кәсіпкерлерін кеңінен қолдау­ға арналған бұл бағдарлама Президент Н.Назарбаевтың 2012 жылғы 11-12 қазанда Түркияға жасаған ресми сапары аясында бекітілген болатын. Осы бағ­дар­лама арқылы елімізде құны 800 миллион долларлық 23 жоба іске қосылған. Бұл өз кезе­гінде елі­мізде 3 мың жаңа жұ­мыс орны­ның ашылуына мүм­кіндік берді.

Елбасының «Астана» халық­аралық қаржы орталығының негізгі қызметіне және аталған ор­та­лықтың жұмысына қа­ты­су­шылар үшін арнайы са­лық, валюта, виза және еңбек ре­жім­дері енгізілгеніне қатыс­ты айтқан­дары түркиялық кәсіп­керлерді бейжай қалдырмағаны анық.

 Елбасы Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің үшінші отырысында өзара әріптестік мәселелерін шешу үшін екі ел арасындағы үкіме­т­аралық комиссияның мүм­­кін­діктерін тиімді пайдалану қажеттігіне мән берді. Сон­­дай-ақ түркиялық тарап қазақ­­стан­дық «Нұрлы жол» бағ­­­дар­ламасы аясында елімізде көлік инфрақұрылымының жа­ңар­­т­ы­лып жатқанынан, Қазақ­стан­ның осы бағдарламаны жү­зе­ге асыру нәтижесінде Орта­лық Азиядағы жетекші логисти­ка­лық хабқа айналуды жоспарлап отыр­ғанынан хабардар болды.

Мемлекет басшысының айтуынша, сапар шеңберінде екі елдік бизнес өкілдері құны 1,7 миллиард доллардан асатын 24 коммерциялық келісімшартқа қол қойды. Бұл құжаттар түрлі ин­вес­тициялық жобаларды іске асыруға бағытталып отыр. Бұл жобалардың бірқатарына тоқ­тала кетер болсақ, мәселен, Жам­был облысында жалпы құны 270 млн АҚШ доллары бола­тын металлургия, химия және шы­ны өнеркәсіптерінде пай­даланы­латын кальций қосылған сода өндіретін зауыт салу жос­­пар­­лан­ған. Бұл 350 жаңа жұ­мыс ор­нын құруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар «Kazakh Invest» және «Eksen Group» ком­­па­­ния­ларының қол жеткіз­ген уағ­­да­ластықтарына сәйкес, түркия­­лық инвесторлар Алматы қаласында құны 300 млн АҚШ дол­­ла­рын құ­рай­тын жаңа «Downtown Almaty» қаржылық, әлеуметтік биз­­нес-ор­талығын салуды көздеуде.

Бұдан бөлек, Түркістан об­лы­сының әкімдігі мен «DAL Holding» компаниясы арасында 700 жұмыс орнына арналған, құны 200 млн АҚШ доллары болатын жылыту кешенін салу жобасын іске асыру туралы келі­сім бекітілді. Сондай-ақ «Қазақ­стан темір жолы»ҰК» АҚ пен «TCDD Tasimacilik A.S.» АҚ арасында стратегиялық ын­ты­­мақ­тастық туралы келісім­ге қол қойылды. Темір жол көлі­гі саласындағы, соның ішін­де машина құрастыру ісі бо­йын­ша екіжақты қатынасты нығай­туға арналған бұл құжат арқы­лы Транскаспий халық­ара­лық көлік дәлізі шең­берін­де Қазақстан мен Түркия аума­­ғындағы көліктік-логис­тика­­лық жүйе мен транзиттік әлеуетті дамыту саласындағы бірлес­кен жұмыстар қарастырылады. Осы орайда «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қ.Ал­пыс­баев: «Біздің елдер ара­сында Баку – Тбилиси – Карс темір жол желісі мен Каспий­дегі порттық инфрақұрылым трансқұрлықтық тасымалдың өсу қарқынына ықпал ететін мультимодальды Транскаспийлік дәліз құрылды. 2018 жылы өткен жылға қара­ғанда темір жол және автомобиль жолы арқылы тасымал төрт есеге өсетін болады деп күті­луде. 2020 жылға қарай тасы­мал көлемін 5 млн тоннаға дейін жеткізу көз­делуде», дейді.

Келісім шеңберінде тарап­тар, сонымен бірге Қазақстанға және кері бағытта, Қытайдан Түр­­кияға және кері бағытта жүре­­тін жүктер үшін «Қорғас – Шы­ғыс қақпасы» АЭА-да шо­ғыр­­лан­дыру және дистрибуция­лау орта­лығын құруға, контей­нер­­­лер­ге бәсекеге қабілетті та­­риф­т­ік шарт­тар қоюға уағдаласты.

Жалпы, бүгінде Қазақстанда «Yildizlar SSS Holding», «DAL Holding», «Zorlu Holding», «Calik Holding», «Oyak Holding», «Enprode» және т.б. секілді ірі түрік компанияларының қаты­суымен жаңа ірі жобалар іске асырылып жатыр. Бұл қазақ­стандық экономика үшін басым салаларда жұмыс істейтін жаңа түрік ТҰК мүдделілігінің артқанын көрсетеді.

«Біз ірі түрік холдингтерінің қазақстандық нарыққа қатысуын кеңейту трендін нығайту туралы айта аламыз. Егер бұдан бұрын түрік инвесторлары келген дәстүрлі салалар қонақ үй бизнесі, шағын және орта бизнес деңгейінде құрылыс материалдарын шығару болса, енді бүгін ірі түрік компаниялары ТКМК, ауыл шаруашылығы, агрохимия, металлургия, өңдеу өнеркәсібі және т.б. жаңа салаларды ашуда», дейді «Kazakh Invest» ҰК бас­қарма төрағасы С. Тұяқбаев.

Ал «YDA Holding» компания­сының басқарма төрағасы Х.Арс­лан түрік инвесторлары саяси тұрақ­тылық, қолайлы инвес­тициялық ахуалдың арқасында және Еуразия экономикалық одақ, Орталық Азия, Батыс Қытай нарықтары ұсынып отыр­ған мүмкіндіктер аясында өз өндірістерін кеңейтуге мүд­делі екенін айтады. Бұл орайда түр­киялық инвесторлар үшін тиісті заңнаманы тұрақты жетілдірудің және мемлекеттік-жекеменшік әріптес­тікті дамытудың, «Ас­тана» халықаралық қаржы орта­лы­­ғы секілді жаңа инвести­ция салу тетіктерінің енгізілуінің маңызы зор.

Сондай-ақ түрік кәсіпкер­лері елі­міздегі «Нұрлы жер», «Нұрлы жол» индустриалды-ин­но­­вациялық мемлекеттік бағ­дар­ламалары шеңберінде аса маңызды мүмкіндіктер ашылып отырғанын түсініп отыр.

Негізінде, біздің еліміз үшін маңызды бір жайт, ол – Түркия капиталының қатысуымен қолға алынған жобалардың, әсіре­се, ел экономикасының шикі­зат­тық емес секторын дамытуға ба­ғытталуы. Еліміздің экономи­касын дамытуға түрік ком­пания­ларының қатысуын мейілінше кеңейту ісі өзара үздік тәжіри­бе­лермен және технологиялармен алмасуға оң ықпалын тигізетінін де ескеруіміз қажет.

Еліміз өз тәуелсіздігін жа­рия­лаған сәттегі теңдессіз қуа­ны­шымызға әлем бойынша бірін­ші болып түбі бір түр­ки­я­лық бауырларымыздың ортақ­тас­қанын, Қазақстанның дербес­тігін, егемендігін әлем елдері арасында Түркияның алғашқы болып мойындағанын жақсы білеміз. Содан бері қос тараптың бір-біріне деген риясыз пейілі еш өзгерген жоқ. 

Түркі тілдес мемлекеттердің ын­ты­мақтастығын дамыту, өзара іс-қимылдардың ауқымын ке­ңейту ісінде қазақстандық күш-жігер аз жұмсалып жүрген жоқ. Осы орайда Елбасы Нұрсұл­тан Назарбаевтың ілгері ниет, ілкім­ді ойдан туында­ған өміршең бастама­лары Қазақ­стан­ның түркі әлемін біріктіру­дегі көш­бас­шылық рөлін арттырып отыр­ғанын ерекше атап өтуіміз керек.

Қазіргі таңда түркі әлемін ұйыстыру мақсатында құрылған халықаралық ұйымдар, түрлі деңгейдегі құрылымдар табыс­ты жұмыс істеуде. Сондай-ақ түркі дүниесіне қатысты мем­лекеттер арасындағы дипло­ма­тиялық байланыстар, сауда-эко­но­микалық, мәдени-гуманитар­лық қатынастар өзінің жоғары деңгейін көрсетіп отыр.

Жалпы, түркі дүниесі тұрғы­сында әңгіме қозғағанда Қазақ­стан мен Түркияның екіжақты ынтымақтастығының бүгінгі деңгейіне соқпай өте алмай­мыз. Себебі халықаралық қоғам­дас­тықта өзінің лайықты орны бар, әлемдік саяси-экономи­калық жүйеде жекелеген кейбір маңызды салалар бойынша көш­б­асшылық рөлге ие бұл екі ірі мем­лекет түркі әлемін интеграциялауда негізгі қозғаушы күш саналады. Оның үстіне қос тарап түркілік бірігу үрдісін жандандыруда өз жауапкершілік­терін терең сезінеді әрі екіжақты және көпжақты ынтымақтастық ая­сын­дағы, сондай-ақ халық­ара­лық ұйымдар шеңберіндегі ауқым­ды міндеттерді өз ықы­лас­тары­мен мойындарына алған.

Бүгінде екі ел арасындағы дос­тық байланыстар жөнін­дегі та­рихтың жаңа парақтары жал­ғас­ты түрде ашылуда. Онда екі ел халқының игілігі үшін жасал­ған шаруалардың барысы ал­тын әріптермен жазылу үс­тінде. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өткен аптада Түр­кия­ға жасаған табысты сапары, Президент Режеп Тайип Ердо­ған­­мен кездесуі, түркиялық іс­кер топтар өкілдерімен емен-жар­қын отырып әңгімелесуі де екі­жақты байланыстың жасампаз тарихында айқын көрініс табары сөзсіз.

Жолдыбай БАЗАР,

«Егемен Қазақстан»