Қазақстан • 17 Қыркүйек, 2018

Алыс-беріс артады

535 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың соңғы жылдардағы шетелдерге сапарларының барлығы Қазақстанның халықаралық аренадағы рөлін күшейтуге бағытталғандығын көріп отырмыз. Бұл қадам экономикалық қарым-қатынас, сауда байланыстары арқылы жүзеге асырылуда.  

Алыс-беріс артады

Мәселен, Мемлекет басшысы түрік кәсіпкерлерін ел эко­но­микасының шикізаттық емес салаларына инвестиция салу­ға шақырды. Оның ішінде түр­киялық кәсіпкерлердің әлемдік деңгейдегі тәжірибесі бар көлік және коммуникация, ауыл шаруа­шылығы, шағын және орта бизнес, туризм салаларын бірлесе игеру қай тарапқа болмасын тиімді екендігі рас.

Біріншіден, мұнай мен газ саласына қаржы салатын шақ келмеске кетті. Екіншіден, Қазақ­стан мен Түркия – даму үдері­сі жоғары, бағыттары ұқ­сас мем­­лекет­тер. Екі ел де эконо­ми­ка­ны әр­та­раптандырып, байланыстарын нығайтуға мүдделі.

Алайда Қазақстан мен Түр­кия­ның кәсіпкерлері эко­номи­калық қарым-қатынас­тар­дың әлеуеті толық қолданы­лып отыр­маған­дығын сезеді. Сон­дықтан, Қазақ­стан Прези­денті сауда айналымын 5 млрд АҚШ долларына жеткізу қажет екендігін айтқан кезде барша кәсіпкерлер елең ете қалды.

Сондықтан Нұрсұлтан Назар­баевтың ресми сапары екі ел арасындағы қарым-қатынастар­­ға тың серпін беріп, байланыстың көкжиегін кеңейте түспек. Сон­дай-ақ сауда-экономикалық байланыстарды тереңдете түсуге жол ашады.

Екі мемлекет экономикамен ұш­тасқан саяси байланыстар ар­қы­лы халықаралық аренада тізе қосып әрекеттене бермек.

Санат КӨШКІМБАЕВ,

Саяси ғылымдар докторы