Қазақстан • 17 Қыркүйек, 2018

«Қазқұтқару-2018» республикалық жиын-семинарында сынау жалғасуда

406 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Қазқұтқару-2018» республикалық жиын-семинарында құтқару көпсайысындағы біріншілік үшін Қазақстан құтқарушыларын сынау жалғасуда. «Жол-көлік және теміржол оқиғасы», «Лабиринт», «Үйінді», «Химиялық авария», «Форт» кезеңдерінде «Техногендік апаттар жағдайындағы іздестіру-құтқару жұмыстары» дистанциясында үздіктер анықталды.     

«Қазқұтқару-2018» республикалық жиын-семинарында сынау жалғасуда

«Үйінді» кезеңінде кинологиялық есептоптар сайыстардағы жаңалық ретінде қатысты, олар үйінділер астынан зардап шеккендерді іздеуді жүзеге асырды. Үш күн ішінде командалар қиын кезеңдерден өтті, басты міндеті «зардап шеккендер» мен «қаза тапқандарды» іздестіру, оларды шығарып алу, алғашқы медициналық көмек көрсету және қауіпсіз жерге эвакуациялау.  

«Жол-көлік және теміржол оқиғасы» кезеңінде Республикалық жедел-құтқару жасағы (280), Батыс Қазақстан облысы ТЖД жедел-құтқару жасағы (275) және Оңтүстік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы (259) командалары ең көп балл жинады.

«Лабиринт» кезеңінде де Республикалық жедел-құтқару жасағы (200), Жамбыл облысы ТЖД жедел-құтқару жасағы(196) және Ақмола облысы ТЖД жедел-құтқару жасағы (174) ең жоғары балл санын алды. 

«Үйінді» кезеңінде Батыс Қазақстан облысы ТЖД жедел-құтқару жасағы (300), Республикалық жедел-құтқару жасағы (286) және Алматы облысы ТЖД жедел-құтқару жасағы (252) құтқарушыларының командалары үздік нәтиже көрсетті. 

«Химиялық авария» кезеңінде Қарағанды (280), Батыс Қазақстан  (271) және Ақмола (263) облыстары  ТЖД жедел-құтқару жасақтары командалары уақыттан және балдар санынан үздік нәтижелерге қол жеткізді.

«Форт» кезеңінде Орталық өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағының (300), Батыс Қазақстан (292) және Қарағанды облыстары (285) ТЖД Жедел-құтқару жасақтарының көрсеткіштері команда-бәсекелестерінен елеулі оза отырып, үздік нәтижелерге ие болды.

 «Техногендік апаттар жағдайындағы іздестіру-құтқару жұмыстары» дистанциясында өткен кезеңдердің қорытындылары бойынша жиналған балдардың жалпы сомасында Батыс Қазақстан облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағы (1282), екінші -  Республикалық жедел-құтқару жасағы (1278) командасы, ал үшінші орында – Ақмола облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағы (1179) командасы. Командалар басқа дистанциялардан өтуге кірісіп кетті.