Жұлдызы биік Жуалы

Биыл Жуалы ауданының құрылғанына 90 жыл толып отыр. Бұл тарих үшін санаулы сәт болғаны­мен, осынау уақыттың ішін­де аудан әлеуметтік, экономикалық жағы­­нан дамып, түрлене түсті. Ертеден батырлар елі атанып кеткен өлкеде Бауыржан Момышұлы, Дмитрий Пахомов, Дмитрий Ковешников, Владимир Вишневец­кий және Федор Кердан сияқты Кеңес Одағы­ның батырлары шықты. Сонымен қатар қазақ әдебиетінің абызы атанған Шерхан Мұртаза, «Даңқ» орденінің үш мәрте ие­гері Тайыр Тастандиев есім­дері де жуалылықтар үшін үлкен мақтаныш.

 
Егемен Қазақстан
19.09.2018 3471
2

Жуалы өңірін бүгінде генералдар елі деп те атайды. Отанына адал қызмет ету­дің үлгісін көрсеткен ішкі істер саласындағы Тәтті­бай Дүй­себаев пен Есен Демесінов, әді­лет саласындағы Тілеп­алды Ыбыраев пен Ғабит Миразов, еліміздің Қарулы Күш­тері сала­сындағы Алексей Тром­бачев, Владимир Трегубкенко, Халық Қаһарманы Бақытжан Ертаев, ұлттық қауіпсіздік сала­сын­дағы Сейітхан Қойбақов сияқты генералдардың есімі бүгінде құрметпен аталады. 

Жуалы ауданы білім бәсе­кесінде де айтарлықтай жетіс­тіктерге жетіп отыр. Аудан әкім­дігінің мәліметінше, өңірде бү­гінде орташа білім сапасы 99,7 процентті құраған. Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «...аса білімдар адамдар ғана, білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табыс­қа жете алады», деген болатын. Үстіміздегі жылы ауданда екі күнге белгіленген ұлт­тық бірыңғай тестілеуге мектеп бітіріп отырған 731 түлектің 645-і қатысуға өтініш білдірген. Нәти­жесінде Ы.Алтынсарин атын­дағы орта мектептің оқу­шысы Аружан Илия 133 балл жинап, үлкен көрсеткішке ие болды. Алғашқы күнгі сынақ қорытындысында ауданның орташа білім сапасы 103,4 процентті құраған. Ал екінші күнгі тестілеу нәтижесі де ой­дағыдай өтті. Нәтижесінде Д.Қонаев атындағы мектеп-гим­назияның екі оқушысы Қа­сым­жан Парымбек пен Дина Апрел және С.Бәйтіков атын­дағы орта мектептің түлегі Дана Зауытбек 134 балл иеленген. Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде ауданның білім сапасы 98 процентті құраған. Ал екі кезеңнің қорытындысы бо­йынша көрсеткіш 99,7 процент болған. Осылайша Жуалы ауданы жыл сайын облыста жоғары көрсеткішке жетіп келеді.

Жалпы, Жуалы – өңірдегі аграрлы аудандардың бірі. Биылғы жылы ауданда соңғы қырық жылда болмаған өнім алынған. Кезінде Қошқарата ауы­лының даңқын асырған ақ бидай­дың өнімі биыл да жос­пар­дан көп орындалған. Қош­қарата ауылында 8964 гектар егістік жер бар болса, соның 1250 гектарына күздік бидай, 1350 гектарына арпа, 2250 гек­тарына мақсары себілген. Бү­гінгі таңда 1500 гектар жер орақ­­­қа түсіп, гектарынан ор­таша есеп­пен 32-37 центнер би­дай, 27-32 центнер арпа алынуда. 

Қошқарата ауылдық окру­гінде 103 шаруа қожалығы жұ­­мыс істейді. Ал Халипа Қа­на­данова жетекшілік ете­тін «Рауан» шаруа қожалығы 2014 жылы ашылған екен. Ие­лігінде 35 гектар жері бар. Не­гізінен аталған қожалық ауыл шаруашылығы өнімдерін сатумен айналысып, аудан эко­номикасының өсуіне үлес қосып отыр. Мәселен, мұнда өт­кен жылы гектарынан алынған орташа өнім 12-15 центнерден айналса, қазір гектарынан 35-40 центнерден айналып отыр. Ал «Қызыл жұлдыз» шаруа қожалығының жетекшісі Нүри­дин Ортаевтың айтуынша, биыл­ғы жылдың өнімі үшін өт­кен жылы Алматыдан 100 тон­на элита тұқымын әке­ліп, ауданға таратыпты. Нәти­же­сін­де мол өнім беріп, аудан эконо­ми­касын дамытқан. 

Сонымен қатар Жуалы ауда­нын биыл орақ кезеңінде де табысты болды деуге негіз бар. Яғни, рекордтық өнім алын­ған. «Алатау» шаруа қожа­лы­­­ғы биылғы жылдың өнімі үшін 150 гектарға бидай, 90 гек­­­­тарға арпа, 50 гектарға мақ­сары, 20 гектарға картоп еккен. Шаруа қожалығының жетекшісі Нұр­мағанбет Исақов орташа есептегенде гектарынан 25 цент­нерден өнім алғанын айтады. Ал Алатау ауылының егіс ал­қа­бынан орташа есеппен 50 центнерге дейін өнім алу жос­парда бар екен. Бұл жұ­мыс­тың нәтижесін аудан әкімі Бақтияр Көпбосынов жоға­ры бағалайтынын, өйткені рекорд­тық өнім алынып жатқанын айтып отыр. 

Ауданда сүт бағытында құрылған «Ақсай-2016» ауыл шаруашылығы өндірістік коо­перативінің қатары Қайрат, Диқан және басқа да көрші­лес ауылдық округтерінен 131 адам­ға толығып, мал басы өсуде. Аудан бойынша 80 аза­мат сүт бағытында, ал ке­йін қосылған 51 азамат ет ба­ғы­тында жұмыс істеп жатыр. «Ауыл шаруашылығын қар­жы­лай қолдау қоры» АҚ есебінен берілген барлығы 468 миллион теңгеге мүйізді ірі қара сатып алынып, кооператив өзін лайықты деңгейде көрсетіп отыр. Мәселен, кооператив мү­шелері Бекзат Әбеев, Бибігүл Сариева мемлекеттен 5 миллион теңгеден алса, Гауһар Байтасова 4,5 миллион теңге алып, тірліктерін дұрыс жолға қоя білген. Қалған кооператив мү­ше­лері 2 және 3 миллион тең­ге­ден несие алған.

Бүгінде облыс аудандарында бірінші болып Жуалы жерін­де «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан кітапханалары – заманауи білім орталықтары» бастамашылық жобасы аясында «Кворкинг» орталығы ашылды. Орталық екі бөлмеден тұрады. Бірінші бөлме еуропалық стильде жабдықталса, екінші бөлме ұлттық нақышта жасақталған. «Мынадай керемет жобаға бастамашылық танытқан «Нұр Отан» партиясына алғысымыз шексіз. Оның үстіне, облыс аудан­дары ішінде бірінші болып біздің ауданда ашылып отыр. Біз партияның бұл бастамасын қолдаймыз. Мүмкіндігінше қолдау да жасаймыз. Ыңғайы келсе, мұндай орталықтарды аудандағы үлкен ауылдарда да ашуға қолдау көрсетуге дайынбыз», дейді аудан әкімі Бақтияр Көпбосынов. 

Жуалы ауданының Елбасы­ның «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарлама­лық мақаласынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыруда атқарып келе жатқан жұмысы аз емес. Екі айға жуық уақыт бұрын Теріс ауылының шығы­сын­да орналасқан Жылқышы төбе­дегі көне қала жұртының орны қазылған болатын. Осы аралықта археологтар то­пы­раққа көміліп жатқан қала­ның қабырғаларын тапты. Тарих­шылар мұны біздің дәуірі­мізге дейінгі І және ІІ ғасыр­ларда өмір сүрген Қаңлы мем­ле­кеті­нің астанасына жатқызып отыр. Бұл пікірді жуырда ғана қазба орнында болған ғалым Карл Байпақов та құптады. 

Сонымен қатар бүгінде Қазақстан Республикасының гео­графиялық мәдени киелі орын­дарының картасы жасалып, оған ауданнан Момыш бұлағы енді. Ендігі жерде аудан хал­қ­ы Бақалы ауылының сол жа­­ғын­дағы көне қаланың да ене­тіндігіне сенімді. Ал ұлы жолдың бойындағы «Шөккен түйе» алдағы уақыттарда ре­корд­тар кітабына енуі мүм­кін. Аудан әкімі Бақтияр Көп­босынов­тың идеясынан туын­даған «Дала кемесі», яғни ұлы жол­дың бойында шөккен түйе­нің бейнесі көпшілікті таңыр­қатқаны рас. 

Жуалы ауданы Ұлы Жібек жолының бойында орналас­қандықтан, үлкен күре жолдың бойынан аудан орталығына кіре­берісте осындай демалыс аймағы салынған болатын. Бүгінде мұнда келіп, шөк­кен түйенің бейнесін қызықтау­шылар көп. Аудан басшысының бұл идеясы Теріс ауылының бойынан қазылып жатқан орта­ғасырлық көне қала жұртымен де ғажап үйлесім тауып тұр.

Хамит ЕСАМАН,

«Егемен Қазақстан»

Жамбыл облысы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.10.2018

Павлодар-Семей тасжолында көліктер өртеніп, бір адам мерт болды

19.10.2018

TWESCO дүниежүзілік мәдениет форумына қатысты

19.10.2018

Ресей қорғаныс министрлігінің апатқа ұшыраған Л-39 ұшағының құлаған жері белгілі болды

19.10.2018

Түркі кеңесінің Экономика министрлерiнiң 8-шi кездесуi 2018 жылдың 17 қазанында Бішкекте өттi

19.10.2018

Багам аралдарында Бағытбергеновтың бағы жанды

19.10.2018

Ұлттық банк халықтың құқығын бұзған банктерді атады

19.10.2018

Ресей, Қазақстан, Өзбекстан жаңа ғарыш жобасын бастамақ

19.10.2018

Нәтижесі көңілімізден шығады

19.10.2018

Робот техникасынан өткен халықаралық чемпионатта қарағандылықтар жүлдемен оралды

19.10.2018

«Өзен» фильмі «Азиялық Оскардан» үмітті

19.10.2018

Танымал ақын Абдрахман Асылбеков өмірден озды

19.10.2018

Айкерім Мұқағалидың ауылына барады

19.10.2018

Парламент Сенатының депутаты Атбасарға барды

19.10.2018

Ең төменгі жалақыны ұлғайту үшін үш жылда 288,9 млрд теңге қарастырылған - Қаржы министрі

19.10.2018

Ақтау-Баку бағытындағы жүк кемесінің экипаж мүшелері уланды

19.10.2018

Қазақ­стан 140 елдің ішінде 59-орынға табан тіреген

19.10.2018

Зиялы қауым өкілдері Жолдауға пікір білдірді

19.10.2018

Қазақстанда Ішкі істер департаменттерінің атауы өзгертілді

19.10.2018

«Азия-Еуропа» саммиті Брюссельде өтіп жатыр

19.10.2018

Оралда Ассамблея мүшелері кеңесті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Ádep pen ádet

Jýyrda Almaty qalasyna jolymyz túsip, taǵylymy mol tamasha toıǵa qatystyq. Taý shatqalyna aqshańqan shatyr tigip, qudalaryn taǵatsyzdana kútip turǵan almatylyqtardyń ónegeli isine kóz toıyp, kóńil marqaıady. Biz toıly aýylǵa qudalar kelmeı turyp barǵan edik. Qyzyq ıelerimen burynnan tanyspyz. Arǵy túbi Arqanyń qazaqtary. Ultymyzdyń qadym zamandardan beri kele jatqan salt-dástúri, tartý-taralǵysy, jón-joralǵysy yqylym josynymen úılestirilgen toıdyń erekshe bolatyny sezilip tur.

Құрманәлі Қалмахан,

О́zge elde sultan bolǵansha...

Áı, qaıdam... О́zge elde sultan bolý qazir qıyn-aý. Sebebi óz eliniń Sultandary turǵanda shetten kelgen «bótenderdi» kim jaqtyra qoıar dersiz?! Soǵan qaramastan túrli sebeptermen shetel aýyp, «jumaq» araldaryn izdeýge bel býǵandar qarasy azaımaı tur.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Urpaq azsa – ultqa qater

J.Aımaýytov pen M.Áýezov keıbir qazaq mineziniń minin, sol mindi kórip ósken balanyń jamandyqqa salynatynyn 1917 jyly «Alash» gazetinde jarıalaǵan maqalasynda: «Ultym», – dep oqyp shyqqandar halyq arasyna kelse, qaraıa bastaıdy» dep, artynan: «Saıyp kelgende, qazaqta qalyp turǵan ózgeshe minezder: tili aıtqandy qoly qylmaıtyn – turaqsyzdyq, uıymsyzdyq, basynan aspaıtyn – ózimshildik, ezdik» depti. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Megapolıster múmkindigi

Elbasy «Qazaqstandyqtardyń ál-aýqatynyń ósýi: tabys pen turmys sapasyn arttyrý» atty jańa Joldaýynda elimizdiń aýmaqtyq damýyna jańa tásilder engizýdi qamtamasyz etý qajet ekendigin aıta kele: «Búginde jetekshi elderdiń ekonomıkasy kóbine jahandyq qalalar nemese megapolıster arqyly tanylady.

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Izgilikke shaqyrý iriliktiń belgisi

Bıylǵy 10-11 qazan kúnderi Astanada ótken Álemdik jáne dástúrli dinder kóshbasshylarynyń dástúrli siezi óziniń halyqaralyq aýqymdaǵy asa mańyzdy únqatysý alańy ekenin taǵy bir ret dáleldedi.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу