Текті төріміз Түркістанды түлетейік!

Елбасының Түркістан облысы туралы Жарлығы шыққалы бері редакциямызға ел өңірлерінен ризашылыққа толы хаттар легі толастаған емес. Алыс-жақын бауырлас елдердің мемлекет және қоғам қайраткерлері де бұл шешімді зор қуанышпен қарсы алып, түгел түркінің түпқазығы, киелі ордасы саналатын Түркістанның қайта түлейтіндігіне ризашылықтары мен қолдау пікірлерін жолдағаны мәлім. Олардың көпшілігін газетіміздің бетінде жариялаған болатынбыз. Осындай тағы бір ерекше хат редакциямызға кеше келіп түсті. Тілегі бір туысқан мемлекеттер – Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан және Қырғызстанның қаламгер-қайраткерлері қол қойған бұл хат барша түркі жұртын Түркістанды түлетуге үндейді. Біз осы үндеу-хатты назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Егемен Қазақстан
20.09.2018 6338
2

Ұлы Дала елінде, қара шаңы­рақ Қазақстанда биылғы маусым айында тарихи тағылымы терең, таңғажайып жаңалық болды. 

Әлемдегі ең жаңашыл, бастамашыл басшылардың біре­гейі, Қазақстанның ғана емес, тұтас түркі дүниесінің Көшбас­шы­­сы атанған Нұрсұлтан Назар­баев­­­тың Жарлығымен Түркістан облысы құрылды. Шырайлы Шым­кент шаһарына үшінші ірі мега­полис ретінде республикалық мәртебе беріліп, түркі әлемінің текті төрі Түркістан қаласы өңір орталығына айналды.

Қазақстан Президенті өзінің Жар­лығында Түркістан облысы қандай мақсатта құрылғандығын айқындап, Түркістанды түркі әле­мінің мәдени-рухани орталығы ре­тінде жан-жақты дамытудың аса қа­жеттілігін анық атап көрсеткен.

Осынау жасампаз жаңа­лық, мән-маңызы зор оқи­ға қа­ра ­шаңырақ иесі қазақ халқының, күл­лі қазақстандықтардың бабалар аманатына адалдығынан, Ел­ба­сының ерендігінен, келешекті көре білген кемеңгерлігінен туын­дап отыр.

Түркістан ұғымы – ұлы ұғым. Түркістан дегенде бүкіл түркі әлемі, Түркі қағанаты, түркілік те­гі­­міз, түркілік түбіріміз, түркі­лік тамырымыз ойға оралады. Жа­дымызды жаңғыртады. Бар­ша­мыздың бойымызды серпі­ліс сезімі кернеп, рухымыз ас­қақ­тай­ды. Түркістан деген сөз жаң­ғы­руға, жаңаруға шақырады. Мі­не, сондықтан да Түркістан об­­лы­­сының құрылуы, Түркістан ша­һа­рының үлкен уәлаят орта­лығына айналуы – түгел түркі­нің рухын биіктететін бірегей қуаныш.

Тарихтан аян, түркі халық­тары жүздеген жылдар бойы отар­шыл­дықтың, басқыншылықтың тақсіретін тартты. Қасіреттерін шекті. Сұрқия саясаттардың сал­дарынан түркі тарихы мен мәде­ниеті, түркі тілі мен жазуы ор­ны тол­мастай ойсырады. Отар­шыл­дар түр­кі халықтарының елуге жуы­­­ғын жаулап алып, аяусыз езіп-жан­шыды. Жартысынан аста­­­мы жо­йылып кетті. Қалған­да­ры­­ның көпшілігі шалажансар күй­ге түсті. Таңғажайып тіл­дері­нен, қай­­­та­­ланбас салт-дәс­түр­лері­нен, жа­дыларынан жаңыл­дырылды.

Барлық түркі халықтары сияқты қазақ ұлты да қанқасап қыр­ғындарды бастан кешті. қара ­шаңырақ иесі ретінде көбі­рек күйзеліске ұшырап, гено­цидке душар болды. ХХ ға­сыр­дың басынан орта тұсына дейін бірінен кейін бірі қайталан­ған қасіреттерден, қолдан ұйым­дас­тырылған ашаршылықтан бес миллион қазақ қырылды. Алаш ардақтыларының Түркістан мемлекеті, Түркістан республикасы хақындағы арман-аңсарлары да, нақты әрекеттері де, ізгілікті идеялары мен мақсат-мұраттары да саяси қуғын-сүргінге түсті.

Тәуелсіздіктің, Көшбасшы көрегендігінің арқасында кең пейілді, көркем мінезді, жаны жомарт қазақ халқы, барша қа­зақ­стандықтар – қара шаңырақ Қазақ елі дүние жүзіндегі даңқты мем­лекетке айналды. Сондықтан да Түркістанның тың тыныс ашқаны – тек қазақтардың ғана емес, тұтас түркінің мақтанышы, мерейі.

Еуразия кіндігіндегі керемет Елорда – Астана қаласы жа­қын­да ғана жиырма жылдығын мере­келеді. Қазақстан. Тәуелсіздік. Назарбаев. Астана. Түр­кіс­тан! Бұл айшықты да асыл ұғымдар бүкіл әлемге әйгілі. Қаламгерлер қауымына айрықша қымбат. Қасиетті. Елорда – Елбасы ерлігі. Осынау ой да мәнерлі мақаммен, мақтанышпен айтылады. Жиі жазылады. Шынында да Қазақстан жер жүзіне Тәуелсіздік пен Назарбаев және Астана арқылы кеңінен танылды. Астана – Ұлы Дала елінің абыройы. Іргетасы Есілдің сол жағалауында VІІІ-ІХ ғасырларда қаланған, тарих тереңінен тағылым тартатын Астана Ақорданың құтты қо­нысына, «Қазақстандық жолдың» жасампаз бастауына айналды. 

Астана бүкіл әлемге баянды бейбітшілік пен келісім, татулық пен тұрақтылық орталығы ретінде аян. Түркі дүниесінің текті төрі Түр­кістандағы Әзірет Сұлтан кесе­несінде қазақтың 21 ханы,

8 сұл­таны, 19 биі, 52 батыр қол­басшысы жерленген. Текті төрді рухы тербеткен Ахмет Ясауи ба­бамыз: «Өз дініңдегіні дос тұт, өзге діндегілерді де дұшпан тұт­па», деген. Елбасы Нұрсұлтан Назар­бае­в­­тың бастамашылдығы нәти­ж­­есінде Әлемдік және дәс­түр­лі діндер лидерлерінің съез­­дері бұған дейін де бес мәрте өткізілді. Биылғы алтын күз­де алтыншы рет Астана төрінде ұйымдастырылмақ. Қазақ­стан басшысы, Елбасы елорда­ның жиырма жылдық салтанатын­да мағлұмдағандай-ақ, ЕҚЫҰ-ның тарихи саммитінен кейін «Астана рухы» ұғымы дүние­жү­зілік саясатқа берік енді. Өшпес­тей орнықты. Бірегей эконо­микалық, ынтымақтастық форум­дары, былтыр ғана өткен ЭКСПО-2017, та­ғы басқа ірі-ірі ізгі шаралар жиырма жылда Ас­та­наны адамзат дамуына ықпал ететін және тарихи текті ше­шімдер қабылданатын жаһан­дық орталыққа, әлемдік интегра­цияның, қауіпсіздік пен бітімгершіліктің эпицентріне айналдырды.

Тұтас түркі туысқандарымыз, бүкіл бауырларымыз, әсіресе, ақын-жазушыларымыз бен ға­лым­дарымыз айтып та, жазып та жүр­гендей, Астана – түркі әлемі­нің жүрегі.

Иә, Астана – түркі әлемінің жүрегі, ал Түркістан – түркі әле­мінің рухани тірегі. Сондықтан да Түркістанды түркі дүниесінің мәдени-рухани астанасына айналдыру – баршамыздың бас­ты мақсатымыз. Түркілердің түп қазығы, Атажұрты, Түркі қағанаттарының туы тігілген Түр­кістан, Қазақ хандығының қаншама жылдар бойы астанасы, Ұлы Жібек жолының бас қаласы болған Түркістан, данышпан ойшылымыз, дара да дана шайырымыз, діни-рухани ұлы ұстазымыз Ахмет Ясауидің асыл сүйегін аялай тербеткен Түркістан 2017 жылы түркі әлемінің мәдени астанасы болғаны мәлім. Осы орайда түгел түркіні тамсандырған 40-тан астам игі іс-шаралар өткізілді. Нұрсұлтан Назарбаев ТҮРКСОЙ түркі әлемінің ЮНЕСКО-сына айналуы тиістігін айтқан болатын. Ақиқатында осы мақсат ойдағыдай жүзеге асып келеді.

Қара шаңырақ Қазақстанның Президенті – Елбасы ерекшелеп көрсеткендей, Түркістан шаһа­ры­ның, Түркістан уәлаятының келешегі кемел де көркем. Таяу бола­шақта Түркістан да ажарлы, Астана сияқты жан-жақты өр­кендеген, көркемденген, кел­беті келісті, өркені өрісті, өзгеше орталық болатыны анық.

Ол үшін, әрине, бүкіл түркі дү­ниесінің қолдауы мен қамқор­лығы қажет. Былтыр, яғни 2017 жылы Түркістан түркі әлемінің мәдени астанасы болған кезде барлық бауырлас елдерден меймандар бірауыздан: «Рухани жаңғыру – тұтас түркі дүниесінің теңдессіз олжасы» деп бағалағаны белгілі. Шынтуайтында, дүние жүзінде дүрбелең оқиғалардың, күрделі де күрмеулі, қилы да қиын құбылыстардың белең алуы адамзаттың рухани әлсіреуінен, құндылықтардың құлдырауынан болып отырғаны аян.

Біз осы мақаланы жаза отырып, ең алдымен сол рухани әлсі­реуден, құндылықтардың құл­ды­рауынан батыл арылуға бағыт алу керектігіне назар аударсақ дейміз. Осы орайда Түркістан рухы, рухани жаңғыру мұраттары алға ұмтылуға асыл арна, алтын арқау бола алады. Сондықтан да түркі дүниесінің ел тізгіндерін ұстаған ерендерін, келешекті кеңінен ойлай білетін кемелдерін, ғалымдары мен мәдениет, әде­биет және өнер өкілдерін, барша бизнесмендері мен күллі кәсіп иелерін, мемлекеттік және жеке­меншік мекемелер мен қоғамдық және саяси, сондай-ақ діни бір­лестіктерді, жастарды текті төрі­міз Түркістанды түлетуге белсене үлес қосуға шақырамыз. Күні кеше ғана түркі тілдес мемле­кеттердің Қырғызстанда өткен VІ саммитінде Нұрсұлтан Назарбаев түркі рухын, Түркістанды бірлесе биіктету туралы ұсыныстар біл­дірді.

Түркістан идеясы, Түркіс­тан­ды рухы тербеткен Ахмет Ясауи мұраттары арқылы, Түр­кі әлемінің Көшбасшысы Нұрсұл­тан Назарбаев ұсынған рухани жаңғыру мақсаттарын терең ұғы­нып, ойдағыдай орындау арқылы адамзат дамуына айшықты әсер етуге, ізгілік жолымен ілгері жылжуда серпіліс жасауға әбден болады деген сенімдеміз.

«Қазіргі кезде әлем қарсы тұру­шылықтарға емес, үйлесімділікке, даму мен ынтымақтастыққа мұқ­таж. Сондықтан Астана шаш­қан ізгілік пен қазақстандық құндылықтардың нұры бүкіл планетаға тарап, ризашылықты шұғыла ретінде қайта оралып жатыр», деді Қазақстан Президенті елорданың жиырма жылдығында. Астана нұрын Түркістан мұ­рат­тарының рухани нәрімен нығайта түсудің нәтижиелері мол болатынын терең түсінген абзал.

Бүгінгі ұрпақтар біле бер­мей­тін бұрынғы кездердегі сұрқиялықтар аз емес, ағайындар. Сондай сая­саттың сарқыншақтары мен салдарынан батыл және жыл­дамырақ арылу аса қажет деп санаймыз. Мәселен, 1944 жылы ВКП(б) Орталық Комитетінің құпияланған қаулысы бойынша түркі халықтарының тарихын зерттеуге, тіпті айтып-жа­зып қарастыруға мұқым-мүлде ты­йым салынды. Соның салдарынан бұрынғы отаршылдар мен бас­қыншылар асқындыра бұр­ма­лаған, әдейі өзгерткен түр­кілердің тарихы одан сайын бұрмаланды, бұлыңғыр тартты. 

Енді міне, түркі әлемінің тарихы мен әдебиетін, мәдениеті мен өнерін, салт-дәстүрлерін, тілі мен ділін түбегейлі түрде, түр­кіс­тандық тектілікпен, тұтаса, тұтастыра, түгендей танымақ, бірлесе зерттеп-зерделемек, ұр­пақтар игілігі, болашақ қамы үшін айналымға түсіріп, игеріп-мең­гермек міндеттері туындап отыр. Түркі әлемінің мәдени астанасы атанып, айтулы шаралар өткізілген Астана қаласында, Түркияның Ескішаһар, Татарстанның Қа­зан, Түркіменстанның Мары, Әзер­байжанның Шеки шаһарларында және Түркістанда, басқа да бас­қосуларда ортаға салынған ой-пікірлерді, парасатты пайымдарды, ұтымды ұсыныстарды саралап, сұрыптап, жүйелі түрде жүзелемек керек.

Түркістан шаһары бағзы за­мандардан-ақ түркілердің текті орталығы болған. Патшалық Ресей мен кеңестік кезеңде жүдеп-жадап кеткені, тіпті Әзірет Сұлтан кесенесінің күмбезі астындағы ақшаңқан шырағдандарға оқ атылғаны, бертінде асыл мұраның аяқасты болып, қорланғаны, тайқазанынан, тағы басқа жауһар жәдігерлерінен айырылғаны мә­лім.

Ал ежелгі замандарда не­бір парасаты биік патшалар, қай­т­пас-қайсар қағандар, халық қа­мын жеген хандар, ел қорғаған қол­басшылар, әділ билер мен қазылар, ғұлама ғалымдар мен ақиық ақын-жазушылар текті төрі­мізді көріп қуанатын, үлгі алатын, пір тұтатын болған. Түр­кіс­тан, Ахмет Ясауи бабамыз бәдіз­дегендей, текті төрге, Әбу­ Насыр әл-Фараби данамыз дә­­йек­тегендей, қайырымды қалаға ай­­налса деп армандаймыз, ағайын­дар.

Қара шаңырақ Қазақстан тәуел­сіз ел болғаннан кейін Түркістан шаһарында Түркияның мемлекет басшылары Тұрғұт Өзал, Сү­леймен Демирел, Абдолла Гүл, Ре­­жеп Тайип Ердоған, тағы бас­қалар болды. Абдолла Гүл Нұрсұлтан Назарбаевқа түркі әлемінің ақсақалы ретінде арнайы асатаяқ ұстатты.

Біз Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия Президенті Сүлеймен Демирел қазығын қаққан Қожа Ахмет Ясауи атындағы қазақ-түрік уни­верситеті замануи зау-заңғар, шаңқан шаңыраққа айналады деп ойлаймыз. Түркі әлемінің жастарына шын мәніндегі сапалы да терең білім беретін және нағыз ғылыми, мәдени-рухани орталық етпектің ерекше жолдары қарастырылып, нақтылы жұмыстар атқарылады деп сенеміз. Адамзаттың, оның ішінде түркінің ұлы ұстаздары, дара даналары Әбу Насыр әл-Фараби мен Ахмет Ясауидің, басқа да ірі-ірі, ізгі тұлғалардың мұраларын болашақпен байланыстыра, жан-жақты зерттеудің де үйлесімді, үлгілі үйі осы университет болса дейміз. Жалпы ХҚТУ мен жаңадан салынатын Ясауи музейі түркітану, түркі әлемінің тарихы, тілі мен әдебиеті, мәдениеті мен өнері, түркі халықтарының салт-дәстүрлері жөніндегі барлық ортақ құндылықтарды жинақтап, жүйелейтін және жан-жақты дамыту бағдарларын айқындайтын айрықша айдынға айнала алады. Сайып келгенде, текті тө­рі­міз Түркістандағы Әзірет Сұлтан­дайын әулиелер әулиесінің есі­мін еншілеген университет таза тағ­лымды, мөлдір мақсатты, өзге­лерден өзгеше өнегелі, түркінің төрқұты тұғырына қонса, қанеки.

КСРО құрамында көп қиын­дықтар көрген түркі елдері еге­мендікке қол жеткізгелі өзара қарым-қатынастар шынайы сипат ала бастады. Түркияның, Қа­зақстанның, Әзербайжанның, Өз­бекстанның, Қырғызстанның, Түркіменстанның, Татарстанның, тағы басқа туыстас елдердің барыс-келістері, бауырлас қала­лар мен өңірлердің, аудан-ай­мақтардың араласуы жиіледі. Мәселен, 2018 жыл Өзбекстанның Қазақстандағы жылы, 2019 жыл Қазақстанның Өзбекстандағы жылы болып жарияланды. Екі мемлекетте де мерейлі шаралар ұйымдастырылып, тиімді тірліктер тындырылуда. Мұндай үрдістер жарасымды жалғасын тапса, нұр үстіне нұр.

Қазақстанның Тұңғыш Пре­зиденті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмаларын орындауда тынымсыз тірліктер тындырып жүрген Түркістан облысының тұңғыш әкімі Жансейіт Түй­ме­баевтың басшылығымен Түр­кістан қаласында басталған жасампаз жұмыстарға сәттілік тілейміз. Әзірет Сұлтан кесенесінің айна­ла-төңірегіне жақын жаңа құры­лыстардың Ахмет баба күмбе­зінен биік болмайтыны, жаңадан салынатын Ясауи музейінің тари­хи-танымдық және заманауи талаптарға сәйкес жоспарлануы, текті төріміз Түркістанның Бас жоспары жасалып жат­қа­ны, қаланы түркі әлемінің мәде­ни-рухани орталығы ретін­де дамытудың үздік тұжы­рым­дамасына халықаралық бай­қау жарияланғаны – бәрі-бәрі өте-мөте құптарлық. Түр­кістан­ның туристік әлеуетін еселеп арт­тыруға айрықша көңіл бөлінетіні де шаттандырады. Бұл үшін Түркияның туристік индустрия­сы басты негізге алынбақ. Текті төрімізді жыл сайын бес миллионға дейін турист тамашалайтыны шабыттандырады бізді. Заманауи әуежай, автовокзал, темір жол құрылыстары, басқа да дүниелер межеленуде. Сондай-ақ Түркістанда бағзыда болған тарихи төрт қақпа құрылысы да қолға алынады деген сенімдеміз.

Ахмет Ясауи қара шаңырақ Қа­зақ­стан жеріндегі Сайрамда дүниеге келді. Түркістан топы­ра­ғында мәңгілік мекенін тапты. «Мен әуелі түркімін, сон­соң мұ­сылманмын», деді. Тағы да: «Іштерінде қулық толған­дар­дың, көкіректерінде ар-ұят сол­ған­дардың жүректері дірілдемейді», деген.

Түркістан уәлаятының құрыл­ғанына, Түркістан шаһарының өңір кіндігі болғанына бүкіл түркі жұрты түгелдей жүрек тебіренте қуанып, текті төрімізді түлетуге шын ықыласпен үлес қосады деген тілектеміз. 

Нұрсұлтан Назарбаев мең­зе­гендей, Астана ХХІ ғасырдағы дәуірлеуіміздің ақ бастауы болса, Түркістан тың тыныстар ашатын тектіліктің құнарлы қайнары бола берсін.

Мархабат БАЙҒҰТ,

жазушы, публицист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Алаш» және «Түркі әлеміне қызметі үшін» сыйлықтарының лауреаты, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері (Түркістан облысы)

Яxия АКЕНГИН,

Түркі әлемі жазушылары және өнерпаздар 

қорының президенті (Түркия)

АНАР,

жазушы, режиссер, сценарист, публицист, Әзербайжанның халық жазушысы, қоғам қайраткері, «Гейдар Әлиев» сыйлығының лауреаты (Әзербайжан, Баку қаласы)

Мехмонқул ИСЛОМҚУЛОВ,

жазушы, аудармашы, халықаралық «Алаш» және «Арғымақ» сыйлықтарының лауреаты, Өзбекстан Жазушылар одағы қазақ әдебиеті бөлімінің жауапты хатшысы 

(Өзбекстан, Ташкент қаласы)

 Сұлтан РАЕВ,

жазушы-драматург, Қырғыз Республикасы Премьер-министрінің кеңесшісі, Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Халықаралық «Ататүрік» қорының алтын медалі мен «Дэниель» сыйлығының лауреаты (Қырғызстан, Бішкек қаласы)

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.10.2018

Павлодар-Семей тасжолында көліктер өртеніп, бір адам мерт болды

19.10.2018

TWESCO дүниежүзілік мәдениет форумына қатысты

19.10.2018

Ресей қорғаныс министрлігінің апатқа ұшыраған Л-39 ұшағының құлаған жері белгілі болды

19.10.2018

Түркі кеңесінің Экономика министрлерiнiң 8-шi кездесуi 2018 жылдың 17 қазанында Бішкекте өттi

19.10.2018

Багам аралдарында Бағытбергеновтың бағы жанды

19.10.2018

Ұлттық банк халықтың құқығын бұзған банктерді атады

19.10.2018

Ресей, Қазақстан, Өзбекстан жаңа ғарыш жобасын бастамақ

19.10.2018

Нәтижесі көңілімізден шығады

19.10.2018

Робот техникасынан өткен халықаралық чемпионатта қарағандылықтар жүлдемен оралды

19.10.2018

«Өзен» фильмі «Азиялық Оскардан» үмітті

19.10.2018

Танымал ақын Абдрахман Асылбеков өмірден озды

19.10.2018

Айкерім Мұқағалидың ауылына барады

19.10.2018

Парламент Сенатының депутаты Атбасарға барды

19.10.2018

Ең төменгі жалақыны ұлғайту үшін үш жылда 288,9 млрд теңге қарастырылған - Қаржы министрі

19.10.2018

Ақтау-Баку бағытындағы жүк кемесінің экипаж мүшелері уланды

19.10.2018

Қазақ­стан 140 елдің ішінде 59-орынға табан тіреген

19.10.2018

Зиялы қауым өкілдері Жолдауға пікір білдірді

19.10.2018

Қазақстанда Ішкі істер департаменттерінің атауы өзгертілді

19.10.2018

«Азия-Еуропа» саммиті Брюссельде өтіп жатыр

19.10.2018

Оралда Ассамблея мүшелері кеңесті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Ádep pen ádet

Jýyrda Almaty qalasyna jolymyz túsip, taǵylymy mol tamasha toıǵa qatystyq. Taý shatqalyna aqshańqan shatyr tigip, qudalaryn taǵatsyzdana kútip turǵan almatylyqtardyń ónegeli isine kóz toıyp, kóńil marqaıady. Biz toıly aýylǵa qudalar kelmeı turyp barǵan edik. Qyzyq ıelerimen burynnan tanyspyz. Arǵy túbi Arqanyń qazaqtary. Ultymyzdyń qadym zamandardan beri kele jatqan salt-dástúri, tartý-taralǵysy, jón-joralǵysy yqylym josynymen úılestirilgen toıdyń erekshe bolatyny sezilip tur.

Құрманәлі Қалмахан,

О́zge elde sultan bolǵansha...

Áı, qaıdam... О́zge elde sultan bolý qazir qıyn-aý. Sebebi óz eliniń Sultandary turǵanda shetten kelgen «bótenderdi» kim jaqtyra qoıar dersiz?! Soǵan qaramastan túrli sebeptermen shetel aýyp, «jumaq» araldaryn izdeýge bel býǵandar qarasy azaımaı tur.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Urpaq azsa – ultqa qater

J.Aımaýytov pen M.Áýezov keıbir qazaq mineziniń minin, sol mindi kórip ósken balanyń jamandyqqa salynatynyn 1917 jyly «Alash» gazetinde jarıalaǵan maqalasynda: «Ultym», – dep oqyp shyqqandar halyq arasyna kelse, qaraıa bastaıdy» dep, artynan: «Saıyp kelgende, qazaqta qalyp turǵan ózgeshe minezder: tili aıtqandy qoly qylmaıtyn – turaqsyzdyq, uıymsyzdyq, basynan aspaıtyn – ózimshildik, ezdik» depti. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Megapolıster múmkindigi

Elbasy «Qazaqstandyqtardyń ál-aýqatynyń ósýi: tabys pen turmys sapasyn arttyrý» atty jańa Joldaýynda elimizdiń aýmaqtyq damýyna jańa tásilder engizýdi qamtamasyz etý qajet ekendigin aıta kele: «Búginde jetekshi elderdiń ekonomıkasy kóbine jahandyq qalalar nemese megapolıster arqyly tanylady.

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Izgilikke shaqyrý iriliktiń belgisi

Bıylǵy 10-11 qazan kúnderi Astanada ótken Álemdik jáne dástúrli dinder kóshbasshylarynyń dástúrli siezi óziniń halyqaralyq aýqymdaǵy asa mańyzdy únqatysý alańy ekenin taǵy bir ret dáleldedi.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу