Каспий жағалауындағы достық думаны

Ақтау қаласында өткен жылдан бері қолға алынып, жөні мен жүйесін тапқан тамаша бір мәдени дәстүр бар. Ол – Каспий жағалауы елдері театрларына ортақ өнер думаны. Қарт теңізді жағалай жайлаған жұртшылықтың сахналық қарымын сарапқа салатын айтулы шара былтыр Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО және Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімовтің 80 жылдық мерейтойына арналса, биылғы өнер мерекесі Қазақ КСР-інің халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, театр және кино өнерінің саңлағы, актер Нұрмұхан Жантөриннің 90 жылдығына орайластырылыпты.  

Егемен Қазақстан
20.09.2018 2665
2

Мәдениет және спорт ми­нис­трлігі, Маңғыстау об­лысының әкімдігі жә­не Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйы­мы­ның қол­дауы­мен ұйым­дас­тырылған өнер әле­міндегі айтулы мәдени оқи­ғаға отандық және шетелдік театр ұжым­дары қатысып, төрт күнге созылған думан Маң­ғыстау жұртшылығын тек қана сахна сиқыры сыйлар бекзат өнердің шын мәніндегі рухани қуа­ны­шына кенелтті. 

Теңіз жағалауында бой көтер­ген дала сахнасын­да сал­та­натты түрде шы­мыл­дығы түрілген Каспий жағалауы елдерінің ІІ Ха­лық­аралық театр фес­тива­лінің ашылу рәсіміне Маң­ғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов, қаланың құрметті азаматтары, сон­дай-ақ Қазақстанның ең­бек сіңірген қайрат­кер­лері, халық әртістері мен еліміз­дің театр саласын­да ұзақ жылдан бері қызмет етіп жүрген бірқатар тұл­ғалары қатысты. Атап өт­сек, мәртебелі мей­мандар қата­рында Асанәлі Әшімов, Есмұхан Обаев, Лидия Кә­де­нова, Талғат Теменов, Бек­­жан Тұрыс сынды театр мен кино өнерінің майтал­ман­дары бар. Мәдени шара әлқис­сасын облыс әкімі Ера­­лы Тоғжанов ашып берді. 

Айтулы шара қазақ даласының бір­туар ұлы Нұрмұхан аға­мыздың рухына, 90 жылдық мерейтойына арналады. Ортамызда ел­дің абыройын асқақтатып, ру­хын аспандатар намыс­ты, ұлт­­жанды азаматтар жүр. Баршаңыздың қолдауыңыздың, ниет­тес­тіктеріңіздің арқасында осындай үлкен шараны ақи­қатқа айналдырғанымызды мақ­­танышпен айтамын және бар­лығыңызға зор ал­ғы­сымды білдіремін. Ұлт­­тардың, мем­лекет­тер­дің, жалпы мұқым түр­кі елінің ой-идеясы бір мақсат пен ортақ мүдде жолында тоғысса, біз алмайтын қамал жоқ. Баршаңызға сәт­тілік тілеймін», деп облыс әкімі фестиваль ұйым­дастырушылары мен қа­ты­сушыларына жылы лебізін білдірсе, КСРО ха­лық әртісі Асанәлі Әшімов за­мандас ағасы, аңыз актер Нұрмұхан Жантөрин жа­йындағы есте­лік­терімен бөлісті. 

«Нұрмұхан сөзін «Ой, опасыз!» деп бастаушы еді. Өзінің жақсы көрген адам­­дарымен осылай қа­рым-қатынас жасайтын. Мінезд­і, бірбеткей болатын. Сонысымен де көп ішінен дараланып, көзқарасымен, ішкі мысымен талайды тайсалтатын. Ең алғаш өнер табалдырығын аттағанда біз үлгі тұтатын, ұқса­ғымыз келетін тұлғалардың бірі – осы Нұрмұхан ағамыз еді. Кейін ағалық қамқорлығын көп көрдік. Еліктеп ер жеттік. Қай­таланбас өнері тұрғанда Нұр­мұхан есімі өлмейді, мәңгілік жасайды. Біз оны әркез әңгімемізге арқау етеміз, жазылатын кітабымызға қосамыз», деді Асанәлі Әшімов. 

Қуантарлығы, Каспий жаға­лауы елдерінің мәдени үндес­тігін, бірлігін, кәсіби өнер алмасуын мақсат тұт­­қан фестиваль өткен жыл­ғымен салыстырғанда гео­графиялық ауқымын ға­на емес, көркемдік сапа мен мән-мазмұнын да сантарап­тандырып, байыт­қанын аңғаруға болады. Мәселен, фестивальдың былтырғы бағдарламасына барлығы 4 ұжым қатысса, биыл олардың қатары 8 театрға артты. Атап айтар болсақ, Қа­зақстан атынан қатысатын Ғ.Мү­сірепов атындағы Қазақ мем­­лекеттік академиялық бала­лар мен жасөспірімдер теа­тры­ның орыс жазушы М.Горь­кий­дің шығармасы бойынша қойылған «Шыңырау» (ре­жиссері Д.Базарқұлов), Ақмола облыстық орыс драма театрын таныстырған Ш.Айт­­матовтың «Жан пида» (режис­сері Ш.Ди­қанбаев) және Н.Жантөрин атындағы Маң­ғыстау облыстық музыкалық драма театры ұжымы ұсынған А.Камюдің «Калигула» (режис­сері Г.Мерғалиева) қойыл­ым­дарынан бөлек, қонақ театрлар қатарын: С.Амутбаев атындағы Мен­зелин мемлекеттік татар драма театрының «Ібіліс» (режиссері Сергей Пота­пов), ирандық Билех Савар Барбод театр тобының «Алыстап кет­тің сен менен» (режиссері А.Сагеди), Түрікменстанның Кеми­не атындағы Мары мемле­кеттік драма театры ұжымының «Ескексіз қайықпен махаббат мұхитында» (режиссері  П.Худайбергенов), Уфа мемле­кеттік татар «Нұр» теа­тры додаға қосқан Р.Шим­­мельпфеннигтің «Өт­кеннен келген әйел» (ре­жис­сері Б.Ибрагимов), Әзер­­­бай­жан мемлекеттік Ұлт­тық акаде­миялық драма театрының «Иуда» (ре­жиссері А.Садыгов) қойы­лымдары толықтырды. Әр елдің мәдениетімен қа­тар, ұлттық болмысы һәм ру­ха­ни келбетін әйгілеген сах­­налық туындыларды өзіне тән бояуы мен бағытына сай Қаза­қстанның Еңбек Ері, КСРО және Қазақ­станның ха­лық әртісі Асан­әлі Әшімов, Қазақ­стан­ның халық әртісі, Тәуел­сіз «Платиналы Тар­лан» сый­лығының лауреа­ты Есмұхан Обаев, Қазақ­станның халық әртісі, профессор Талғат Теменов, Әзербайжан Рес­пуб­­­ли­касының еңбек сіңірген өнер қайраткері, өнер­тану ғы­лым­дарының докто­ры, Халық­аралық теат­р сыншылары Ас­со­циа­циясының мүшесі Исрафил Исрафилов, ақын, Мем­лекеттік сыйлықтың лауреаты Есенғали Раушанов, театр сыншысы, Грузия зама­­науи театрларды зерт­теу орта­лығының бас ди­ректоры, өнертану ғылым­дарының докторы, Грузия театр сыншылар одағы­ның вице-президенті Лаша Чхартишвили, Нұр­мұхан Жантөрин атын­дағы Маңғыстау об­лыс­­тық музыкалық драма театрының директоры, Қа­зақ КСР-інің ең­бек сіңір­ген мәдениет қай­раткері Нұр­нияз Мұханов бастаған театр мамандары сараптады. 

Фестивальдың жабылу рәсі­мінде сөз алған қазылар алқа­сының төрағасы Асан­әлі Әшімов театр сахнасында алғаш сомдаған рөлі­нен үзінділер келтіре оты­рып: «Театр – шынайы өнердің, адал достықтың, рухани байлықтың ордасы. Міне, төрт күн бойы Каспий жағалауы елде­рінің арасындағы достық қатынасымызды нықтай білдік деп айта аламын. Халқымыздың біртуар азаматы, ұлы актер Нұр­мұхан ағамның әруағы барлы­ғымызды қолдап жүрсін! Фестивальға қатысқан барша театр ұжымына шын жүрегіммен алғысымды білдіремін. Каспий жағалауы елдері театрларының мә­де­ни-рухани ынтымақ­тас­тығының арқасында достық, жолдастық қаты­насымыз нығая бе­руіне тілектеспін», деп ұйым­дас­тыру­шыларға қазылар алқасы мүшелерінің атынан алғысын жеткізді. 

Сөйтіп төрт күнге жал­ғас­­қан айтулы өнер думаны өз мәресіне жетіп, сарап­шылар алқасының ше­шімімен Нұр­мұхан Жан­төриннің 90 жылдығына арналған Каспий жағалауы елдерінің ІІ Халық­аралық театр фестиваліне қаты­сушы барлық театр ұжымы үздік өнер көрсеткендері үшін арнайы диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ киелі театр сахнасында тамаша қойылымдарын ұсынып, кәсіби тәжірибе алмасқан сахна мамандарына ТҮРКСОЙ Халықаралық түркі мә­дениеті ұйымының есте­­лік сыйлықтары да қоса табыс етілді. Қарт Кас­­пий жағалауын төрт күн бойы думанға бөле­ген дос­тық фестивалі театр әле­мін жаңаша серпіл­тіп, түбек төрінде бас қосқан өнер ұжым­дарын шығар­машылық тың бас­тамаларға жетелегені сөзсіз.

Назерке ЖҰМАБАЙ, 

«Егемен Қазақстан»
 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.10.2018

Urpaq azsa – ultqa qater

17.10.2018

Ішкі жалпы өнім өсімі – 4,1%

17.10.2018

Өңірдің дамуына оң баға берілді

17.10.2018

Қазақстан-Финляндия қатынастарының жаңа кезеңі басталды

17.10.2018

Ресми бөлім(17.10.2018)

16.10.2018

Станимир Стоилов: Бір ойынды жеңдік деп желпінбейміз

16.10.2018

Кольдо Альварес: Қазақстан бізден бір бас жоғары екен

16.10.2018

Машина жасау саласында меморандумға қол қойылды

16.10.2018

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Финляндия Республикасына келді

16.10.2018

Қарағандылық оқушылар халықаралық чемпионатта жеңіске жетті

16.10.2018

С.Стоилов: Қазақстанда ұлттық құрамаға лайық шабуылшы жоқ (видео)

16.10.2018

Маңызды қадамдар атап көрсетілді

16.10.2018

Семейде «Екі жұлдыз» байқауы өтті

16.10.2018

Тарбағатайда 4 мың басқа арналған бордақылау алаңы ашылады

16.10.2018

Әскери борышын өтеген сарбаздар туған жерлеріне оралуда

16.10.2018

Қазақстан және Литва жан-жақты ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті

16.10.2018

Cенаторлар университеттегі цифрлық хабты аралады

16.10.2018

Қайрат Әбдірахманов дипломатиялық қызмет жүйесін жетілдіру туралы айтты

16.10.2018

Туризм саласының маманы жоқ

16.10.2018

Сенаторлар Ақ Жайық өңіріне келді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Urpaq azsa – ultqa qater

J.Aımaýytov pen M.Áýezov keıbir qazaq mineziniń minin, sol mindi kórip ósken balanyń jamandyqqa salynatynyn 1917 jyly «Alash» gazetinde jarıalaǵan maqalasynda: «Ultym», – dep oqyp shyqqandar halyq arasyna kelse, qaraıa bastaıdy» dep, artynan: «Saıyp kelgende, qazaqta qalyp turǵan ózgeshe minezder: tili aıtqandy qoly qylmaıtyn – turaqsyzdyq, uıymsyzdyq, basynan aspaıtyn – ózimshildik, ezdik» depti. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Megapolıster múmkindigi

Elbasy «Qazaqstandyqtardyń ál-aýqatynyń ósýi: tabys pen turmys sapasyn arttyrý» atty jańa Joldaýynda elimizdiń aýmaqtyq damýyna jańa tásilder engizýdi qamtamasyz etý qajet ekendigin aıta kele: «Búginde jetekshi elderdiń ekonomıkasy kóbine jahandyq qalalar nemese megapolıster arqyly tanylady.

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Izgilikke shaqyrý iriliktiń belgisi

Bıylǵy 10-11 qazan kúnderi Astanada ótken Álemdik jáne dástúrli dinder kóshbasshylarynyń dástúrli siezi óziniń halyqaralyq aýqymdaǵy asa mańyzdy únqatysý alańy ekenin taǵy bir ret dáleldedi.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Jer emgender oza ma, toza ma?

Jalpy, bizdiń halyqtyń arman-maqsatynyń bir ushyǵy qashan da jermen baılanysty sıaqty. Jerdi keńeıtý, jerdi qorǵaý, jerdi óńdeý, jerdi qurmetteý... Mentalıtetimiz jerge jaqyn. Bul basqa halyqtarda olaı emes degen sózimiz emes, biraq bizdiń halyq úshin tym erekshe sıaqty. 

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdik vırýsy

О́tken ǵasyrdyń 80-jyldary rejısser R.Bykovtyń «Chýchelo» atty fılmi Odaq kólemindegi búkil eldi shýlatqan bolatyn. Kishkentaı ǵana 6 oqıtyn balalardyń boıynan sonshalyqty qatygezdikti kórgen qazaq qaýymy, bálesinen aýlaq, qalada ósken ózge ulttyń qatybastary ábden buzylyp ba­rady eken, bizdiń balalarymyzdan, keleshegimizden aýlaq dep shoshyǵan. Ol kezde mundaı zulymdyq qazaq balasynda kezdespeıtin jat qylyq sanalatyn. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу