Әлем • 24 Қыркүйек, 2018

Қазақстанның рөлін жоғары бағалады

291 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Вена қаласында халықаралық атом энергиясы жөніндегі ұйымның Бас конференциясының 62-сессиясы өтті. Алқалы жиынға қатысқан Қазақстанның делегациясын Энергетика министрі Қанат Бозымбаев бастап барды. 

Қазақстанның рөлін жоғары бағалады

Еліміздің делегациясы­ның құрамында Сыртқы істер ми­нистр­лігінің, «Қазатомпром» ҰАК АҚ-тың өкілдері болға­нын айта кетейік. 

МАГАТЭ Бас конференция­сында сөз сөйлеген Қанат Бозымбаев Қазақстан Прези­денті Н.Назарбаевтың ядро­лық қаруды таратпау режімін ны­ғайтуға қа­тысты бастамаларына назар аударды. Қазақстан мен МАГАТЭ арасында ядро­лық қаруды бейбіт мақсаттарға пайдалану жөніндегі әріптестік байланыстар мен оның бола­шағы туралы баяндады. 

Аустрия астанасында қазақ­­стандық делегация Сауд Арабиясы Корольдігі­нің Энер­гетика және өнеркә­сіп министрі­мен, Қытайдың Атом энергия­сы агенттігінің төраға­сымен, Украинаның Энер­­ге­тика және көмір ми­нистрі­нің орынбасарымен және тағы басқаларымен екі­жақ­ты кездесу өткізді. 

Сессия барысында қаты­су­шылар ұйымға мүше мемлекеттер МАГАТЭ алға қойған мақсаттарды жүзеге асырудағы Қазақстанның рөліне жоғары баға берді. 

Арнұр АСҚАР,

«Егемен Қазақстан»